Тақырып: Тұңғыш ғалымдар.
Мақсаты: 1. Тұңғыш ғалымдар жөнінде алған білімдерін толықтыру, өткен тақырып бойынша әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөз байлығын, ережені қолдануын тексеру, білімдерін жүйелеп, өз пікірін айта білуге қалыптастыру. Құрмалас сөйлемдер түрлерін ажырату, аттестацияға дайындық жасау.
2. Шәкірттердің ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, өзіндік талдау, бағалау ауызша, жазбаша сөйлеу дағдысын арттыру.
3. Белгілі адамдар өмірін өнеге етіп тәрбиелеу, оқушылардың заманға сай қазақ тіліне белсенділік, қызығушылық арттыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Әр оқушылардың алдында өз өзін тексеретін парақ бар. Әр тапсырманың соңында бағалау.
II Үй жұмысын тексеру. - Алдың ала қандай жұмыс берілді?
- Тұңғыш ғалымдар туралы презентация жасау - Ы. Алтынсарин, Ш Уәлиханов, А. Байтұрсынұлы.
- Оқушылардың мәліметтеріне назар аударып, ұғып таңдаңыздар. Келесі тапсырмаларда ғалымдар туралы алған білімдерін керек болады.
III.. Сөздік жұмыс. – Келесі кезеңіміз, сөз тіркестерді аудару.
тек қатаң дауыссыз 9 - 10 – «5»
тұйық буынды сөз
мақалды толықтыр 7 - 8 – «4»
нені зерттейді
сын есімді табыңыз 6 – 5 – «3»
түбірлес сөздер
қаратпа сөзді анықта
жай шырайды көрсет 4 – 1 – «2»
антонимды белгілеңіз
құрмалас сөйлемнің түрі
(бір бірінің жұмысын тексеріп, қанша балл алғанын қояды).
IV. Дәптерде жұмыс. – Дәптеріңізді ашып, бүгінгі күнді жазыңыз. Топпен жұмыс. Әр топ бір ғалым туралы тапсырма орындайды:
Бірінші топ – Ахмет Байтұрсынұлы туралы тірек сызба жасайды.
Тақтаға......... шығады
Екінші топ – Ыбырай Алтынсарин хронологиялық жұмыс.
Жұмыстың орындау шарты: берілген сандардың қандай мағына беретінің, яғни жауабын жазады.
Үшінші топ – Шоқан Уәлиханов туралы кесте толықтырады.
Аты – жөні, Туған жылы, Туған жері, Алған білімі, Қызметі, Шығармашылығы, Қайтыс болған жылы,
Шоқан Уәлиханов 1835 Көкшетау өңіріндегі Сырымбет тауынын бауырында Ауыл мектебі, Омбыдағы кадет корпусы әскери қызмет, «Жоңғория очеркісі», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», 1865
Өз өздеріне баға қояды.
V. Тақтада және дәптерде жұмыс. – Ал енді, ғылымдар туралы көп мәлімет алдық, түрлі жұмыс жасадық, енді сол білімдерімізді қолданып, екі ғалымның ортақ қасиеттерін еске алып ортаға жазамыз. Айырмашылықтарын екі жаққа жазамыз. Бір сөзбен айтқанда венн диаграмма жасаймыз.
Ыбырай Алтынсарин және Ахмет Байтұрсынұлы
Ш. Уәлиханов жасында мұсылманша хат танып, кейін Омбыда кадет корпусында оқыған.
- Бұл қандай сөйлем? Дұрыс, бұл құрмалас сөйлем.
VI. Грамматикалық жұмыс. - Құрмалас сөйлемдердің қандай түрлері бар? Келесі тапсырма - жасаған сызба, хронологиялық жұмыс арқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрастыру. Әр ғалым туралы бір сөйлем құрастырып, синтаксистік талдау жасау. (Дәптерде және тақтада).
1853 жылы кадет корпусын бітіріп, ол Омбыда әскери қызметке қалады. ( қимыл - сын бағыныңқылы құрмалас сөйлем, не істеп?)
Қазақ балалары білім алу үшін, Ыбырай Алтынсарин мектептер ашқан, оқулықтар жазған. (мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, не үшін?)
1891 жылы мектепті бітірген соң, Ахмет Байтұрсынұлы Орынборға келеді. (себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, қашан?)
өз өздерін бағалау
Осы сөйлемдерден синоним болатын сөздерді табыңыз. (бітіріп - аяқтап, қызмет - жұмыс) Бұл сөздерді қай сала зерттейді?
VII Лексикалық жұмыс. - Лексика нені зерттейді? Лексикаға не жатады? Синоним деген не?
- Өте жақсы. Берілген сөздердің естеріңде сақталған синоним сыңарын табыңыз.
алғашқы - тұңғыш,
белгілі – атақты, көрнекті,
мұғалім - ұстаз, оқытушы
еңбек – жұмыс,
аты – есімі,
үлкен – ірі
Осы сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз. Мысалы: тұңғыш ғалым, белгілі ақын, атақты жазушы, білімді ұстаз, үй жұмысы, оның есімі, ірі ғалым.
YIII. Тест арқылы білімдерімізді бекітеміз.
1. Шоқан Уәлиханов қай жылы туған?
А. 1835 ә. 1838 б. 1832
2. Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кітабы нешінші жылы шыққан?
А. 1858 ә. 1879 б. 1868
3. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
А. – у ә. – са, - се б. – ып, - іп, - п
4. Ы. Алтынсарин мұғалімдер мектебін қай жылы ашты?
А. 1883 ә. 1892 б. 1887
5. – ып, - іп, - п, - а, - е, - й жұрнақтары -
А. Қарсылықты ә. Қимыл - сын б. Себеп
6. А. Байтұрсынұлы қандай газет шығарды?
А. «Қазақ» ә. «Дала» б. «Шын»
7. Ы Алтынсарин қай жерде туған?
А. Шымкент облысында Ә. Қостанай облысында б. Омбы облысында
8. Қазақтың тұңғыш әліппесін жазған
А. Ы. Алтынсарин ә. Ш. Уәлиханов б. А. Байтұрсынұлы
9. Сабақтас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
А. 3 Ә. 8 Б. 6
10. «Жоңғория очеркесін» жазған
А. Ы Алтынсарин ә. Ш. Уәлиханов б. А. Байтұрсынұлы
Өз өздерің бағалау.
IX Сабақты бекіту. – Бүгінгі сабақта сендер қандай әсер алдыңдар?
Әрине, үлкен азамат болу үшін, осы ұлы адамдардан, қазақтың жұлдыздарынан үлгі алуыңыз керек.
X. Үй тапсырмасы. – Балалар, қазақтың тұңғыш ғалымдары көп. Солардың арасында Қаныш Сәтбаев. Осы ғалым туралы үйде реферат жазу.
Тұңғыш ғалымдар
- гульсум
- 12 мам 2014
- 6626
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тұңғыш ғалымдар
Ұқсас жаңалықтар:
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу ерекшелігі? Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас...Құрмалас сөйлем (10 – сынып)
Қостанай облысы, Денисов атындағы №1 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Амантаева Найля Сейткалиқызы...Абайдың мұражай-үйі
Мақсаты: Оқушыларды Абайдың мұражайымен таныстыру, әр түрлі әдістер арқылы сөз байлығын тексеру, өз ойларын, пікірін еркін айта беруге, сабақтас...Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...Қарсылық мәнді салалас және қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемде ...
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Берден Қайрат Құндақбайұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.