Сайтқа кіру Тіркелу

Абайдың мұражай-үйі

Сабақтың тақырыбы: Абайдың мұражай – үйі. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.

Мақсаты: Оқушыларды Абайдың мұражайымен таныстыру, әр түрлі әдістер арқылы сөз байлығын тексеру, өз ойларын, пікірін еркін айта беруге, сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін ажыратуға үйрету.
Ауызша, жазбаша ойлау мен сөйлесу дағдысын арттыру, өзіндік талдау, жинақтау жасауға дағдыландыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Белгілі адамдар өмірін өнеге етіп тәрбиелеу, оқушылардың қазақ тіліне белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: топтап, даралап, ұжымдық.
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, жартылау - ізденушілік, зерттеушілік.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. – Балалар, бүгінгі сабақта біз Абайдың мұражайымен танысып, мәтіннің көмегімен жазылым, оқылым, танылым дағдысын дамытып, мәтінмен жұмыс барысында грамматика бойынша сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін қайталап, алған білімдерімізді бекітеміз.

Сендердің алдарыңызда әрқайсыңда алгоритмикалық карта жатыр. Осы карта бойынша тапсырмаларды орындап, өздеріңді бағалап отырасыңдар.

- Назарларыңызды тақтаға аударыңдар.

1. Қайталау.
а. Сызбалар қандай сөйлемдерді білдіреді?
(__________... са, се), (____________ _______).

(_________ … са да, - ған, - мен),(__________ _________).

(_____________...- ған да,- ған ша, - ған,- нан),(________ __________).

(_________...- ған – дықтан, - ған соң),(___________ ____________).

(_________... – үшін, - мақ),(_________ __________).

(__________...- ып, - іп, - п,- а,- е,- й),(________ _____________).

- Сабақтас құрмалас сөйлем деген не?
- Сабақтас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
- Бүгін сабақты топпен өткіземіз. Бірінші қатар – бірінші топ, екінші
қатар – екінші топ, үшінші қатар үшінші топ.
Дәптеріңізді ашып бүгінгі күнді жазыңдар. Әр қатар тірек сызба бойынша сөйлемдер құрап, дәлелдейді.

ә. Екі сабақтас құрмалас сөйлем құраңдар:
бірінші топ шартты бағыныңқылы, ( тақтада)
қарсылықты бағыныңқылы.
екінші топ мезгіл бағыныңқылы, (тақтада)
себеп бағыныңқылы.
үшінші топ мақсат бағыныңқылы, (тақтада)
қимыл сын бағыныңқылы.
б. Сөйлемдерді дәлелде.

- Балалар, мәтінмен танысуды мен мына сөздермен бастағым келді.
«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған?»
Бұл бүгінгі жаңа тақырыптың ұраны. Осы сөздерге әрі ораламыз.

- Ал, енді мәтінмен танысайық. «Абайдың мұражай - үйі». Қазір әр топ өз абзацымен тапсырмаларды дайындайды.

2. Мәтінмен жұмыс.
1 қатар а. 1 - 2 абзацты оқып, ат қой.
ә. Негізгі ойын айтып бер.
б. Негізгі ойын білдіретін тірек сөз тіркестерді теріп жаз.

2 қатар а. 3 - ші абзацты оқып, ат қой.
ә. Негізгі ойын айтып бер.
б. Негізгі ойын білдіретін тірек сөз тіркестерді теріп жаз.

3 қатар а. 4 - 5 абзацты оқып, ат қой.
ә. Негізгі ойын айтып бер.
б. Негізгі ойын білдіретін тірек сөз тіркестерді теріп жаз.
- Мәтіннен мұражай туралы алған білімдерімізді бекіту үшін келесі тапсырмаларды орындаймыз.
1 қатар в. Хронологиялық жұмыс.
2 қатар в. Ассоциялық жұмыс.
3 қатар в. Мәтінге сұрақтар қой.

3. Деңгейлік тапсырмаларды орындау. Әр топ өз абзацынан:
а. Бір сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
ә. Сөйлемдегі сөздердің септік жалғауларын анықта.
б. Мәтіндегі сөйлемдер негізінде сабақтас құрмалас сөйлем құра.
Берілген екі жай сөйлемдерден бір сабақтас құрмалас сөйлем құраңдар.
1. Ақынның туғанына жүз жыл толды.
Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай – үйіне айналды.
2. Мұражайдың бөлмелері толық болды.
Ақынның жақын туыстары, достары, замандастары заттарын берді.
3. Бірінші есіктен ас үйге кіресің.
Ұзын дәлізден өту керек.
4. Мұражай 1970 жылы күрделі жөндеуден өтті.
Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс - келбетін сақтаған.

4. Абайдың мұражайына саяхат. (үй жұмысы)
Үйде дайындаған презентация бойынша саяхат жасау.

5. Қорытынды.
«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»
а. Бұл кімнің сөздері?
ә. Кім туралы айтылған?
а. Осы ұлы ақынның сөздерінің мағынасы неде деп ойлайсыңдар,
қалай түсінесіңдер?
6. Үйге тапсырма. Эссе жазу.
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»
- қара сөздері;
- басқа авторларының шығармалары;
- ақынның шығармалары;
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу ерекшелігі? Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас...
Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Шартты және қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер бойынша білімдерін пысықтау. 2. Дамытушылық: Оқушының...
Тұңғыш ғалымдар

Тұңғыш ғалымдар

Мақсаты: 1. Тұңғыш ғалымдар жөнінде алған білімдерін толықтыру, өткен тақырып бойынша әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөз байлығын, ережені...
Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...
Екі жартыдан тұратын бала. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Екі жартыдан тұратын бала. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×