Сабақ тақырыбы: “Ақан сері Қорамсаұлы.”
Сыныбы: 10.
Сабақ типі. Жаңа сабақты игеру сабағы.
Сабақ түрі: шығармашылық, зерттеушілік сабағы.
Оқыту әдістері:
• Ғылыми - танымдық іскерлікті ұйымдастыру; (ауызша, тақырыптық - көрнекілік, проблемалық - ізденушілік, білімді өзіндік игеру)
• Оқу - танымдық іскерлік құрастыру; (оқу, пікір айту, оқу талаптарын қою)
Оқытуды ұйымдастыру формалары: топтық, жұптық, жеке.
Көрнекіліктер: бейнежазба, электронды оқулық, актив тақта презентациясы, шағын көрме: ақын жайлы жинақ папкасы, кітаптар мен оқушы жұмыстары; постерге арналған және шығармашылық
жұмыстар жасалынатын парақтар, бағалау және кері байланыс парақшалары.
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих
Cабақ кезеңдері:
1. Қызығушылықты ояту;
2. Мағынаны ашу;
3. Ой толғаныс.
Шығармашылық тапсырма түрлері:
• Ән тақырыбына орай шағын пікірталас.
• “Х” диаграммасын шешу; (топ)
• “Тірек - сөздер”; (топ)
• “ЖИГСО - 1” стратегиясы;
• “Мәліметтер парағын” жасау; (топ)
• “Қос шебер және сыртқа” (мәліметтерді орналастыру); (жұп)
• “Пирамида” құрастыру (мәліметтерді жинастыру); (жұп)
• Тест шешу электронды оқулықты қолдану, мәліметті тереңдету. (жұп)
• «Үндестік пен ұқсастық». (жұп)
• “Пікірлер ағашын” толықтыру (жұп)
Формативті бағалау түрлер: смайлик, “Бас бармақ”.
Өзіндік бағалау: бағалау парағы мен рефлексия парағын толтыру.
Сабақ барысы.
№ Сабақ кезеңі Жұмыс түрі
1 Қызығушылықты ояту 1. Бейнебаян «Балқадиша» әнін тыңдату.
2. Шағын пікірталас: - Әннің көтерген тақырыбы неде деп ойлайсың? Ән авторы кім? (Ақан сері)
3. Оқушылар көзқарасы бойынша топқа бөлу.
4. Сабақ тақырыбы мен мақсатын, табыс критерийін белгілеу.
2 Мағынаны ашу. I жұмыс. 1 - топ. «Х» диаграммасын шешу.
Сұлулық, талант, табиғат,
Көкшетау, асыл мекен Фирдоуси, Хафиз, Еуропалық
Шамси, Сағди мәдениет
Низами
Синкретті жанр
Диаграммада берілген тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданып Ақан сері туралы өз болжамдарын айту.
2 - топ: “Тірек сөздер” стратегиясы.
«Асқан дарын; араб, парсы; жаңа өрнек; ұлттық мәдениет уызы; аңшылық, саятшылық, құсбегілік; төл әдебиет белесі; жазбаша - ауызша; сезімталдық пен нәзіктік» сөздерді қолданып Ақан Қорамсаұлы туралы шағын ойтолғау құрау.
Тапсырмаларды ауызша тексеру.
II жұмыс. «Зерттеймін, пікір айтамын..."
“Менің сүйікті әншім” таңдау жаса. Дәстүрлі ән орындайтын жастар. (Қосымша қысқаша мәліметтер беру: дәстүрлі ән айту сайыстары Алматыда, Талдықорған және Семейде өтті.) Семейде өткізілген Ә. Қашаубаев мерейтойына арналған жас дәстүрлі әншілер сайысының жүлдегерлері:
Сәке Жанаяпов №1
Жақсыкелді Маясаров №2
Медет Осатов №3
Жанқожа Аяпов №4
Сая Есенгельдинова №5
(Алған нөмірлер №1.№2.№3.№4.№5 бойынша оқушыларға оқулық бөлімдерін беру)
III жұмыс Оқулықпен жұмыс: білімді өзіндік игеру.
№1. Ақан өмірі, алған білімі
№2. Сазгерлігі, әнші - орындаушылығы, серілігі
№3. “Құлагер”, “Маңмаңгер”
№4. Ақан – лирик ақын
№5. Ақан шығармаларындағы тәлім - тәрбие.
“Білімді белсенді игеремін...”
№1 - қадам: Бөліммен танысу;
№2 - қадам: Уақытша топ құру, талқылау, “Мәліметтер парағын” құру.
№3 - қадам: Жанұя тобына оралу, оқыған
бөлімдерді топ оқушыларына түсіндіру.
(Ақан әндерінен музыка қою)
Формативті бағалау «Басбармақ» әдісін қолдану.
3 Ой толғаныс. «Ой қорытамын...» бөлігі.
«Ақанды кім деп танимын...” таңдау жаса.
1. Үздік лирик ақын. 2. Талантты әнші. 3. Өнер иесі.
4. Сазгер. 5. Қоғам бейнесін сипаттаушы.
Шығармашылық тапсырмалар:
№1. жұп: “Қос шебер және сыртқа” (мәліметтерді орналастыру);
№2 жұп: “Пирамида” құрастыру (мәліметтерді жинастару);
№3 жұп: “Тест” электронды оқулықпен жұмыс
№4 жұп: «Үндестік пен ұқсастық» (басқа ақын шығармаларымен ұқсастығын табу)
№5 жұп: “Пікірлер ағашын” толықтыру. (Пікірлер ағашында берілген Ақан жайлы пікірлерге шығармалары бойынша толықтыру жұмыстарын жасау керек)
Пікірлер:
Жинақтайтын шығармалар:
«Ақ көйлек», «Заманға қарап», «Асыл мен жасық», «Құлагер», «Жақсы мен жаман», «Жайықтың ақ түлкісі», «Өсиет өлең», «Балқадиша» «Халқым сенген», «Сырымбет», «Адамның біліміне ақыл серік», «Қыз сипаты», «Әйелдер сипаты», «Жігіт сипаты», «Маңмаңгер», «Мақпал», «Жамал қыз», «Ақтоқты», «Қараторғай».
4 Табыс критерийі мен кері байланыс. Табыс критерийін шығару. (Смайлик” белгісі арқылы) белгілеу.
1.
2.
Кері байланыс.
Рефлексия парағына жауап:
1. Меңгердім:----------------------------------------------
2. Мені қызықтырды:------------------------------------
3. Сұрағым бар:-------------------------------------------
4. Менің тілегім:------------------------------------------
Бағалау парағын жинастыру.
Сабақ басындағы баға Сабақ ортасындағы баға Сабақ соңындағы баға
5 Үй тапсырмасы. 1. “Тұсында сері болсын, пері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған” (ойтолғау жазу)
2. Ақынмен сырласу хат.
3. Ақан лирикасы (жаттау)
(№1, 2, таңдау)
“Қос шебер және сыртқа” (мәліметтер өте маңызды болса ішкі шеңберге, маңыздылығы орта деп танылса екі шеңбердің ортасына, маңыздылығы төмен деп ойласа шеңбер сыртына шығару).
Ақан сері Қорамсаұлы
- bekzat1962
- 30 сәуір 2014
- 15188
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақан сері Қорамсаұлы жайлы сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Тектілік туралы ұлағатты сөздер
Көріп алған көріктіден, Көрмей алған текті артық....Күнтізбелік жоспар музыка 3 сынып
Күнтізбелік жоспар Музыка 3 сынып Аптасына 1 сағат жылына 34 сағат...Генетиканың қысқаша даму тарихы
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ташкеев Ақан...Г дыбысы мен әрпі
Қызылорда қаласы № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Берекенова Роза Құрбанбайқызы...Табиғат құя салған құйма талант (Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі ...
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы. «Благодарное орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: А.К.Султанова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.