Сайтқа кіру Тіркелу

Төл сөз бен төлеу сөз

Тақтада:
«Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай, Жай жатқан елміз.
Еліміздің шетін жау баспасын деп
Найзаға үкі таққан елміз.» - деген екен атақты Қазыбек би.
- Сондықтан ата бабамыз қанымен қорғаған, жерімізді егемендігімізді мақтан ете отырып, білімді болуымыз керек.»- деді мұғалім.
М: Кімнің сөзі?
О: Қазыбек би.
М: Оның сөзін жеткізуші кім?
О: Мұғалім.
М: Ал енді осыны өз сөздеріңмен қалай жеткізер едіңдер?
О: Қазақ халқының көшпелі екенін, дей тұрғанмен батылда батыр халық екенін Бұқардың сөзі арқылы жеткізген мұғалім егемен елдің ұрпақтарына оқу керектігін айтты.
М: Өте жақсы оқушылар бүгінгі сабағымыз біреудің сөзі, өз сөзің және жеткізушінің сөзі туралы төл сөз бен төлеу сөз деп аталады.
I - топ. Оқулықтарыңды ашып «төл сөзге» презентация
II - топ. «Төлеу сөзге» презентация жасаңдар.
II. Электронды оқулықпен жұмыс.
1 тапсырма. Берілген төл сөздерді төлеу сөзге айналдыр.
2 тапсырма. Төл сөздердің тыныс белгілерін қой.
III. Оқулықпен жұмыс: 156 - жаттығу. Төл сөз бен төлеу сөзді бөліп жаз.
IV. Шығармашылық кезең: Берілген мақал - мәтелдерді төл сөзге айналдырып диалог құра.
Көрген жерде ауыл бар. Алыстан алты жасар бала келсе алпыстағы шал сәлем береді. Алпыстағы сәлем береді, әдепті болса баласы. Келгенше қонақ ұялады. Жат асына қарайды, дос басына қарайды. Қонағы сыйласа төрге бастар. Жылқы кісінескенше адам сөйлескенше. Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл. Ас адамның арқауы. Досыңның асын қасыңдай іш. Досы жоқ адам тұзы жоқ тағам. Көңілмен берсе қара су да балдай. Өнерлі өрге жүзер.

II - топ. Ескеріп жүрер есті сөз. Жалғасын тап.
Ата – даналық----------нағашы - сүйеніш
Әже – тау----------------жер - тіршілік
Ана – бұлақ-------------жылқы - мақтан
Апа – тілек--------------түйе - салтанат
Аға – қанат-------------сиыр - қанағат
Іні – тірек---------------туыс - қорғаныш
Бала – бақыт-----------су - өмір
Ұл – мұрагер-----------от - қуат
Қыз – өріс--------------денсаулық - байлық
Ақыл - тіл - тереңдік болу керек деген екен даналар. Есті сөзді ескеріп жүрсе кемел адам болатындарыңа сенемін.
Бүгінгі сабақтан алған әсерім:
Үйге: 157 - жаттығу.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Төл сөз бен төлеу сөз
Ұқсас жаңалықтар:
Қара сөздер. Абайдың он тоғызыншы қара сөзі

Қара сөздер. Абайдың он тоғызыншы қара сөзі

Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп...
Қазақтың ұлттық мейрамдары

Қазақтың ұлттық мейрамдары

Сабақтан күтілетін нәтиже: 1 - деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері жайында...
Сөз - анасы сәлем

Сөз - анасы сәлем

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Панфилов жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Лукпанова Куралай Кыдыровна...
Шоқан Уәлиханов «Абылайхан»

Шоқан Уәлиханов «Абылайхан»

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, "Абай атындағы орта мектеп - лицейі және балабақша"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Кунапьянова Лаура Кусаиновна...
Нұрғиса Тілендиев. Төл сөз бен төлеу сөз.

Нұрғиса Тілендиев. Төл сөз бен төлеу сөз.

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Махамбет ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кабешова Данагүл Амангелдіқызы Сабақтың тақырыбы:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×