Сабақтың өту әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, топтау, ой жинақтау, көрнекіліктермен жұмыс, талдау.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, география.
Өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
ІҮ. Қорытындылау:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жерлес ақиық ақынымыздың өмірі мен шығармашылық жолынан мағлұмат беру.
Дамытушылық: Тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін, ізденімпаздық деңгейлерін дамыту.
Туған жерді қадірлеп, сүйе білуге жұмылдыру.
Тәрбиелік: Абайша айтқанда Толық адам тәрбиелеу. Адамның бойындағы ең жоғары қасиет ар - намысты жоғары қоятын жеке тұлға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру бөлімі.
1. Амандасу. Сыныпты түгелдеу.
2. Шаттық шеңберін құру, ой сергіту.
3. Топтастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырма: Қасым Аманжоловтың “Дауыл”атты өлеңі бойынша эссе жазу. Балалар біздер топтасып отырдық. Эссені барлығыңыз жазып келдіңіздер. Топ болып талқылап, үздік эссені ортаға салыңыздар. Бағдаршам арқылы екі топ бір - бірін бағалайды.
Үй тапсырмасын бекіту.
1. Қ. Аманжолов қандай ақын?
2. Оны қалай дәлелдейсің?
3. Дауыл қандай құбылыс?
4. Өлең мазмұны қандай?
Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін қандай мереке? Көрісу айт мерекесін Қазақ елі түгел тойлайма? Батыс өңірінен шыққан ақын - жазушыларды білесіңдерме?
Олай болатын болса, жаңа сабағымыздың авторы Ж. Молдағалиев.
Негізгі тақырыпты ашу үшін өсиет әңгімеге құлақ түрейік. Сонымен, жаңа сабағымыздың тақырыбы“Ар - ұят туралы”.
1920 жылы 5 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданындағы Жыланды ауылында туған.
Әр бала жатқа білетін, қазақ рухын асқақтатқан “Мен қазақпын” дастанын жазған дара тұлға – ұрпағына өлмес мұра қалдырды.
“Жесір тағдыры”, Айттым сәлем”, “Қыран дала”, ”Сел”, ”Байқоңыр баспалдақтары ”т. б дастандары, том - том туындылары, Жұбан Молдағалиев атын ғасырдан - ғасырға жеткізе береді.
Біз, ұрпақтары, Жұбан аға есімін Қазақстан мен ҚСРО Мемлекеттік сыйлықтарының иегері болғаны үшін емес, біртуар ірі Қазақ болғаны үшін ардақтаймыз.
- Балалар, ар, ұят, намыс, ождан дегенді қалай түсінесіздер?
- Ар, намыс, ұят туралы мақал - мәтелдер, нақыл сөздер айтып көрейік.
1. Әрлі болғанша, арлы бол.
2. Ұялмаған арын жейді
3. Ұлдың ұяты – әкеге,
Қыздың ұяты – шешеге.
4. Арыңды жасыңнан сақта.
5. Өлімнен ұят күшті.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Ойлан, талқыла. Өлеңге талдау жасау.
Өлең тармақтардан тұрады. Оны өлең жолдары дейміз.
Әр тармақ бунақтардан тұрады. Бунақ дегеніміз тармақтардың ырғаққа бөлінуі.
Бунақты буын жасайды. Өлең тармақтарының санына қарай шумақ шығады.
Қазақ өлеңі көбіне 4 тармақтан тұрады. Әр тармақтың аяғындағы буындар үндестігінен ұйқас шығады.
Анафора – өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол басында қайталану.
Эпифора – өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол аяғында қайталану.
Ұятпен надандық өлшенеді,
Ұятпен адалдық өлшенеді,
Ұятпен арамдық өлшенеді.
“Ажалдан әркім - ақ бір өлер,
Ұяттан бір емес, күнде өлер.
Ұят ол – өлімнен күшті “деп,
Ұятқа ежелден түнеді ел.
3. Кітаппен жұмыс. Ар - ұятқа Жұбанша анықтама беру.
4. Ар - ұят туралы постер қорғау.
5. Қорыту.
1. Бұл өлеңнің мазмұны не туралы?
2. Жігіттің өзінен үлкен адаммен айтысуы дұрыс па?
3. Адамның қандай адамгершілік қасиеттерін білесіздер?
4. Жігіт дөрекі сөздер қолданған ба?
5. Сіздер үлкен адаммен айтысар ма едіңіздер?
1991 жылы мамыр айында Құрайлысайда Ж. Молдағалиевке ескерткіш орнатылған. Оның ашылу салтанатына Қ Мырзалиев, А. Бақтыгереева, ақынның жұбайы Софья апай мен ұлдары Қуандық пен Азамат қатысты.
Тебіреніп тобылғы мен тораңғы
Туған жердің шуағына орандың.
Азамат боп кетіп едің бір кезде,
Ауылыңа ескерткіш боп оралдың! - деп Қадыр Мырзалиев “Ақын рухымен сырласу” өлеңінде толғаса, Ақұштап Бақтыгереева “Халқым, өмірге Жұбанша биіктен қараңдар, үлкендерді Жұбанша сыйлаңдар, Жұбандай әулие ұрпақ өсіріңдер!”- деп салиқалы сөзін жиналғандарға арнаған.
Суырып салма ақын Сағынтай Бисенғалиев сол салтанатта
Болады бүгін қалай жырым мұңды
Бейнеңе қарап тұрып сыр ұғындым.
Өлеңнің өлкесінде қыран едің,
Тауыпсың туған жерде тұғырыңды - деп жүрекжарды арнауын арнады
Қорытынды: - Балалар! Біздер бүгін кімнің қандай еңбегімен таныстық. Жерлес, ақиық ақынымыз Жұбан Молдағалиевтің “Ар - намыс”туралы еңбегімен таныстық.
- Нені ұқтық?
- Нені білдік?
- Қандай болу керекпіз?
- Жұбанша елімізді сүйіп, жақсы оқып, үлгілі болу керекпіз...
Үйге тапсырма: Ар - ұят туралы шағын әңгіме жазу.
Үзінді жаттау.
Бағалау.
Білім ағашы бойынша бағалау, оқушылар пікірін білу.
Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан.
Анық төмен болмай ма хайуаннан?
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан.
Шәкәрім Құдайбердиев.
Ынсап - ұят, ар - намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.
Абай Құнанбаев.
Ар-ұят туралы Жұбан Молдағалиев
- Akzhan74
- 5 сәуір 2014
- 9771
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ар-ұят, жігіт сөзі, Жұбан Молдағалиев
Ұқсас жаңалықтар:
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өле ...
Өлеңге арқау болған С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ»өлеңдеріндегі ақын арманы, өмірлік мұраты, оның өз шығармаларында...Сүйемін, өскен Отаным
«Жаңасай негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәнінің мұғалімі Чыкаева Кульбаршын Советовна...Ақұштап Бақтыгереева «Асылың, анаң - сырласың»
БҚО, Тасқала ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ, бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Султангереева Гулайым Орынгалиевна...Жұбан Молдағалиев Ар-ұят
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы Жаңабұлақ ОЖББМ-ің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өтешқалиева Жайнагүл Орынбасарқызы...Жұбан Молдағалиев Ар-ұят
Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиев Ар-ұят Сабақтың өту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, топтау, ой жинақтау, көрнекіліктер мен жұмыс, талдау....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.