Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыту

Қазақ тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыту

Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі – сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту көзделеді. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі бар. Екінші бір тілді меңгеру сөз үйренуден басталады. Тіл үйрету дегеніміз – кез келген сөзді құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің мағынасын түсініп, саналы түрде есте сақтау, жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу. Ал, оқушының жаңа сөздерді саналы түрде есте сақтауы үшін сабақта түрлі көрнекіліктер, кесте сөздердің орыс тіліндегі аудармасын айту, түсіндіру сияқты тәсілдер қолданылады. Жалпы, оқушылардың тілін дамытуда өткен сабақтарда үйренген сөздерді жаңа сабақпен байланыстыра, сол сөздерді қайталап, жаңа сөздермен бірге ауызша, жазбаша сөйлем құраттыру аса маңызды.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде төмендегідей әдістемелік талаптар ескерілуі тиіс.
1. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздердің мағынасын түсініп есте сақтаумен бірге, дұрыс айтып үйренудің мәні зор.
2. Заттың өзін көрсету арқылы меңгерту. Затты нақты көрсеткенде оқушының көру қабілеті арқылы сөздің мағынасын түсініп, есте сақтау мүмкіндігі артады.
3. Жаңа сөзді аудару арқылы меңгерту. Жаңа сөздерді оқушылардың ана тіліне аудару сөздің дәл мағынасын ашатын бірден – бір тәсіл деуге болады.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында оқушыға жаңа сөздерді үйретуде мынадай әдістемелік талаптар ескеріледі:
1. Жаңа сөздер жеке, дара алынбай, басқа сөздермен байланыста мәтінде алынып, қолданыстағы жағдайда беріледі.
2. Оқушының белсенді түрде меңгеретін жаңа сөздері 7 - 8 сабақ бойынша еске түсіріліп, қайталанып отырады.
3. Сондай - ақ, жаңа сөз оқушының түсінуіне ыңғайлы, жеңіл түрде беріледі.
4. Ол сөздің сөйлемде түрлі грамматикалық тұлғада қолданылатыны оқушыларға сөздердің бастапқы айтылу негізі бекітілгеннен кейін түсіндіріледі.
5. Бір сабақтың ішінде жаңа сөздер мен грамматикалық ереже бір мезгілде берілмейді

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
We are happy

We are happy

Балалардың ұлттық дүниетанымдық ұғымын кеңейту, сөздік қорларын молайту, тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді үш тілде айтып үйрету, тілді білуге...
Сөздікпен жұмыс

Сөздікпен жұмыс

Орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын, біреудің сөйлеген сөзін,...
«Тіл дамыту» курсы

«Тіл дамыту» курсы

Шет ауданы, Ақжал кенті, Ш. Батталова атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусайнова Мугилсим Сатбековна...
Ь дыбысы мен әрпі

Ь дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: 1. ь дыбысы бар сөздерді буынға бөлдіріп үйрету, ь дыбысының жіңішкелік белгісі екенін меңгерту...
Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілі мен ойлауын дамытудың жолдары

Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілі мен ойлауын дамытудың жолдары

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №216 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлдана Сансызбаева Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×