Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту жұмыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, кезекші мәліметімен танысу. Класс тазалығына мән беру.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
І топ «Білімділер»
ІІ топ «Алғырлар»
ІІІ топ «Тапқырлар»
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
352 - жаттығу
І топ Мәтінді оқып, «Абай Құнанбаев жайында не білеміз?» деген тақырыпта сөйлеу.
ІІ топ Екпін ерекше түсетін сөздерді табу.
ІІІ топ Мәтіннен тасымалданбайтын сөздерді табу.
Сонымен оқушылар, «Екпін» дегеніміз не? Олардың түрлерін атаңдаршы.
Оқулықпен жұмыс
353 - жаттығу Суреттер топтамасындағы 2 - суретке қарап, түлкінің, қоянның, үйректің мінез - қылығына лайық диалогтар құрап, әңгіме жазу.
Үш топ үздік деген әңгімелерін оқиды.
Топтың басшысы құрамындағы оқушыларын бағалайды.
Білекті бірді жығады,
Білімді бірді жығады.
Мақалдың бірінші жолына математикалық дыбыстық талдау жасау.
Ал, енді балалар сабағымызды әдебиет пәнімен байланыстырайық. Әдебиет оқулығының 141 - бетін ашыңдар. Өлеңді («Ғылым таппай мақтанба») көз жүгіртіп оқып, екпін түспейтін қосымшалы сөздерді тауып, мәнерлеп жатқа айтуға дайындалыңдар.
І «Білімділер» тобынан 1 оқушы өлеңді жатқа айтады.
ІІ «Алғырлар» тобынан 1 оқушы тақтаға шығып, «құмарланып» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
ІІІ «Тапқырлар» тобы екпін түспейтін сөздерді (таппай, мақтанба, жесеңіз, білсеңіз) атап шығады.
Сабақты қорытындылау
«Алма ағашы» берілген. Алмаларда сұрақтар жасырылған. Әр топтан 1 оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді.
1 алма. Фонетика жайлы не білесің?
2 алма. Тіл білімінің салаларын ата.
3 алма. Дауысты дыбыс деген не?
4 алма. Дауыссыз дыбыс деген не?
5 алма. Буын деген не?
«Біздің үйіміз»
Үйдің бөліктері берілген. Әрбір бөліктерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтарға жауап бере отырып, үйді орнатамыз.
Ашық, қысаң дауыстыларды ата.
Еріндік, езулік дауыстыларды ата.
Әке сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Тасымал деген не?
Үйге тапсырма
354 - жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасау.
Бағалау
Тіл дамыту жұмыстары
- Жаннагул
- 31 наурыз 2014
- 25955
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілі, тіл дамыту, жоспар
Ұқсас жаңалықтар:
Бөрік М. Дулатов
Мәтінді түсіне оқыту. Буын туралы түсінік қалыптастыру. Сауатты жазуға қабілетін қалыптастыру...Емтихан сұрақтары
Қазақ тілі пәнінен 5 «А» сыныбына арналған жалпы аттестаттау емтихан материалдарына аннотация. Қазақ тілі пәнінен 5 сыныпқа арналған қорытынды...Абайдың мұражай – үйі
Қостанай қаласы, № 7 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мурзагалиева Алтынай Балтабайқызы...Тасымал. Біздің ту
Қостанай қаласы №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ермаганбетова Гулсум Казымбеккызы..."Фонетика" ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Фонетика Қызылорда облысы Жалағаш кенті №31 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Н.Н.Әлімбетова Білімі: Жоғары ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.