Сайтқа кіру Тіркелу

Етістікті қайталау

Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталау
Сабақтың мақсаттары: Білімділік Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін пысықтау. Етістік түрлерін ажырата білуге, тіл біліміне танымдық қабілетін арттыру, талдау жұмыстарын жүргізуге баулу.
Дамытушылық Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Шығармашылық іске жұмылдыру, іздене білім алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік Талдауға алынған мысалдар арқылы оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, бауырмалдылыққа, туған жерін сүюге баулу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Етістік жайында сұрақ
ІV. Шығармашылық жұмыс
А) тапсырмалар орындау
Ә) етістіктерге морфологиялық талдау жасау
Б) венн диаграммасы
V. Қорытынды (тест)
VI. Үйге тапсырма
VII. Бағалау
Етістік жайында зымыран сұрақтар:
1. Етістік дегеніміз не?
2. Дара, күрделі етістік дегеніміз не?
3. Болымды, болымсыз дегеніміз не?
4. Салт, сабақты етістіктің жасалуы
Сергіту сәті
Шығармашылық жұмыс
І топ ІІ топ ІІІ топ
“сөзжұмбақ” “метаграмма” “өтірік өлең”
Етістіктерді табу
І топ
Салт етістікті сабақтыға, сабақты етістікті салтқа айналдыратын жұрнақтарды атау
ІІ топ
Берілген сөйлемдерден етіс жұрнақтарды ажырату
Азияның жетінші қысқы ойындары аясында өтетін алау эстафетасының Астана қаласындағы бағыты анықталды. Бұл туралы Қазақпарат тілшісіне алау эстафетасын өткізу жөніндегі қалалық дирекция басшысының орынбасары Сәрсен Құранбек мәлім етті. Эстафета бағыты 2 кезеңге бөлінді. 1 - ші кезеңі 3 қаңтар күні түскі сағат 12. 00 - де Тәуелсіздік көшесінде орналасқан “Қазақ елі монументімен” басталады да бір қатар көшелерді жүріп өтіп “Мемлекеттік рәміздер” алаңына келіп тоқтайды. Бағыттың жалпы ұзындығы 7, 2 шақырым, қатысушы алаугерлердің саны 50. Техникалық үзілістен кейін сағат 15. 30 - да Астана әкімдігі ғимараттың алдындағы алаңнан эстафетаның 2 - ші кезеңі басталады.
ІІІ топ
Берілген мақалдарды етістіктермен толықтыру
1) Тіліңмен..., біліммен...
2) Талапты ерге нұр....
3) Ел үмітін ер...
Ер атағын ел...
4) Аңдамай... ауырмай өледі.
5) Жаманға сырыңды...
Сырыңды айтсаң да, шыныңды...
6) Ақылсыз адам... келеді,
Жан - жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай - жай келеді,
Жан - жағын... келеді.
Берілген сөйлемдердегі етістіктерге морфологиялық талдау жасау
Кешегі күні Беларан маңынан ыққан мұз Қаратүп шыңына тіреліп еді; бірақ балықшылар қайдан шыққанын болжай алмады, олар тек үлкен мұздың тұмсығы ілгері жағынан бір тұйыққа тірелгенін сезді. Таң таяу секілді. Таң атқасын болмаса, мына қараңғыда қалай қарап жүрерін білмей, ашық мұз үстінде ызғырық жел ығырын алған бір топ кісі бүрсеңдеп тұр.
Венн диаграммасы
І топ Дара, күрделі
ІІ топ Болымды, болымсыз
ІІІ топ Салт, сабақты
Қорытынды
1. Күрделі етістікті тап
а) сөйледі
ә) ойнады
б) жауып тұр
2. Ырықсыз етістің жұрнақтарын ата
а) – ыл, – іл, – л
ә) – ғыз, – гіз
б) – ыс, – іс, – с
3. Етістіктің түрі
а) сапалық
ә) етіс
б) жалқы
4. Сабақты етістікті тап
а) қаладан келді
ә) үйге қайт
б) сабақты оқы
5. Етістің неше түрі бар?
а) үш
ә) екі
б) төрт
Жауаптары:
1. б 2. а 3. ә 4. б 5. б
Үйге тапсырма:
Етістерді пайдалана отырып, еркін тақырыпта әңгіме жазу
Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×