Сабақтың тақырыбы: Отбасымыз.
Мақсаты:
Білімділік: Отбасы мүшелері туралы мәлімет беру. Отыр, тұр, жүр, жатыр сөздерін меңгету.
Тәрбиелік. Үлкендердің айтқанын бұлхытпай орындауға, отбасында тәртіпті, үлгілі болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорын байытып, сөйлемді дұрыс құрастыра білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, оқу, қайталау, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, сөздер.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Көрнекілік бойынша отбасы мүшелерімен таныстырамын.
Отбасы мүшелері
Ата әже әке шеше аға іні әпке сіңлі қарындас
Ұл қыз
V. Сөздік жұмысы.
Ата - дедушка
әке - отец
аға - старший брат
Әже - бабушка
шеше - мать
іні - младший брат.
Әпке - старшая сестра
сіңлі – младшая сестра для девочки
Қарындас - младшая сестра для мальчика.
VI.” Отбасымыз» тақырыбы бойынша тапсырмалармен жұмыс.
1. тапсырма. Сурет бойынша отбасы мүшелерін атау.
1. Сурет бойынше көрсете отырып, отбасы мүшелерін атайды. Оқушылар қайталап отырады.
2. Мұғалім отбасы мүшелерін татйды, оқушылар тізбектеп қайталайды.
Ата, әже, әке, шеше.
2 - тапсырма.
1 - тапсырмадағы сурет бойынша сөйлеп үйрену.
Отбасы мүшелерін суреттен көрсете отырып оқимын, оқушылар зейін қойып тыңдап отырады.
2 - Отбасы мүшелерін көрсете отырып атаймын, оқушылар қайталайды.
Мынау – ата. Мынау - әке.
Мынау – әже. Мынау – шеше.
Мынау - мен.
3. Оқушылар кезекпен отбасы мүшелерін атайды.
Сергіту сәті. Алмұрт.
3 - тапсырма.
Көмекші етістіктерді меңгерту мақсатында суретпен жұмыс жасайды.
1. Қуыршақ арқылы практикада көрсете отырып, отыр, жатыр, тұр, жүр сөздерін айтамын. Оқушылар көріп, тыңдап отырады.
2. Сөздерді айтамын, оқушылар қайталайды.
3. Сурет бойынша көрсете отырып, отбасы мүшелері атаулары мен көмекші етістіктерден сөз тіркесін айтамын. Оқушылар қайталап отырады.
4. Өзім қайтара айтамын, оқушылар тізбектеп қайталап отырады.
Атам жатыр. Әжем отыр.
Әкем жүр. Шешем тұр.
4 – тапсырма.
Үлгі бойынша сөйлей білу.
Тақтада көрнекілік ілулі тұрады.
1. Отбасы мүшелерін атай отырып, оқушыларды сөйлеу үлгісімен таныстырамын.
Мынау – менің атам.
Мынау – менің әжем.
Мынау – менің әкем.
Мынау – менің шешем.
2. Сөйлеу үлгісін айтамын, оқушылар қайталап отырады.
3. Оқушылар үлгі бойынша тізбектеп сөйлейді.
Мынау – менің атам
Мынау – менің әжем.
Үлгі: Ақерке Мынау – менің әкем.
Мынау – менің шешем.
5 - тапсырма. Бір оқушыны тақтаға шығарып. Тұр, отыр, жүр сөздерін оқушыларға практика жүзінде көрсетемін.
Тимурға бұйрық баріледі
Ол орындайды.
Орныңнан тұр!
Тимур Орныңа отыр!
Орныңнан тұр!
Енді жүр!
2. Оқушыларға тапсырма беремін, оқушылар орындайды.
Орныңнан тұр! Орныңа отыр! Орныңнан тұр! Енді жүр!
1. Жұптық жұмыс.
2. Оқушылар парталас досымен 5 – тапсырманы орындайды.
3. Сергіту сәті.
VII. Сабақты бекіту.
1. Отбасы мүшелерінің суреті бойынша сөйле.
2. 2. а) Оқушыларға отыр, тұр, жүр, жатыр көмекші етістіктеріне суреттер беріледі.
3. ә) Мұғалім отыр сөзін айтқанда, отыр сөзі бойынша берілген кеспе қағазы бар оқушылар суреттерін көрсетеді.
4. Осылай көмекші етістіктерді бекітемін.
VIII. Сабақты қорытындылау.
IX. Үйге тапсырма беру.
1. «Отбасымыз» тақырыбы бойынша сөйлей білу.
2. Көмекші етістіктерді есте сақтау.
Отбасымыз
- karahash
- 14 наурыз 2014
- 13214
- 0
- 0
Ілмек сөздер: отбасы, бастауыш сынып, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Бұл кім?
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1. 1. 2. 1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1. 1. 4. 1. Мұғалімнің көмегімен...Ашық сабақ "Менің отбасым" 4 сынып
Сабақтың мақсаты: Отбасы тақырыбына байланысты сөздік қорларын молайту. Сабақтың міндеттері: • Тәуелдік жалғауды бекіту....Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Білімділік:Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу. Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын...Менің отбасым
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы "Асанәлі" балабақшасы Тәрбиешісі: Жолдаева Жанаргүл Ертілеуқызы...Ынтымағы жарасқан отбасы
Пән: Көркем әдебиет Сынып: МАД тобы Мерзімі: 16 – қараша Мұғалім: Жиенбаева Л.Ш....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.