Тапқырлар мен білгірлер сайысы
Мектепішілік іс - шара
Тақырыбы: « Менің Отаным - Қазақстан»
Мақсаты: Елге, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
I Сайысқа қатысушылармен бірге әнұранды тыңдау.
II Жүргізуші ойыншылардың бар зейінін өзіне аударып, ойынның басталағанын жариялайды, сұрақтарды мұқият тыңдап, қысқа да нұсқа жауап беруін талап етеді.
1 - Деңгей. Менің Отаным Қазақстан.
2 - Деңгей. Ұлттық өнер мен әдебиет.
3 - Деңгей. Елтану.
4 - Деңгей. Өнер алды - қызыл тіл.
5 - Деңгей. «Полиглот» ойыны.
1 деңгей. Менің Отаным Қазақстан.
1 ҚР қашан тәуелсіздік алды? 1991ж. 16/XII
2 Алматы қаласының іргетасы қашан қаланған? Ол қалай аталған? 1854ж. Верный
3 ҚР - да қанша халық тұрады? 15 млн - дай
4 «Алтын адам» қашан және қайдан табылды? 1970ж. Есік қорғаны
5 Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? Түркі тілдес қыпшақ тобы.
6 ҚР - да мемелекеттіқ тіл қай тіл? Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды? Қазақ тілі 1989ж.
7 Әбу Насыр әл Фараби қай жылы туды? «Фараб» сөзі неші білдіреді? «фар»-«аб» мол - су
8 Қазақ халқының ежелгі қалаларын ата? Тараз, Құмкент, Исифиджап Отырар, Сығанақ, Созақ
9 ҚР қай елдермен шекаралас? Ресей, Қытай, Монғолия, Қырғыстан, Өзбекстан
10 Қазақтың батырларын ата? Батырлар: Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Қарасай, Наурызбай.
2 - деңгей. Ұлттық өнер мен әдебиет.
1 Семейде қандай өнер ордалары бар? Абай атындағы драма театры
2 Қазақ халқының ең алғашқы суретшісі кім? Әбілхан Қастеев
3 «Қазақ бұлбұлы» атанған әнші кім? К. Байсеитова.
4 Күй атасы кім? Оның күйлерін ата? Құрманғазы «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа», «Қайран шешем».
5 Қазақтың ұлт аспаптары қандай? Қобыз, жетіген, домбыра, сазсырнай, асатаяқ, сыбызғы.
6 Ұлттық киімдер қалай аталады? Тақия, бешпент, камзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек.
7 Қазақ алфавитін ғалым кім? А. Байтұрсынов.
3 - деңгей. Елтану
1 Киіз үй бөлшкетерін ата, олар неден жасалады? Шаңырақ, уық, кереге, есік, туырлық.
2 Қазақ халқының салт - дәстүрлерін ата. Шілдехана, бесіктой, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату.
3 Беташар қашан айтылады? Келін түскенде
4 Үйдің төріне кім отырады? Құдалар, ақсақалдар, қонақтар.
5 Ұлтық ойындарды ата? Қыз қуу, көкпар, бәйге, ақсүйек, асық, арқан тарту
6 Ұлттық тағамдар? Қымыз, шұбат, қаза - қарта, жал - жая.
7 Бата деген не? Оны кім береді? Тілек. Ақсақалдар, үлкен кісі береді.
8 Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Тоқтар Әубәкіров.
9 Абайдың неше қара сөзі бар? 45
10 Қазақ хандарын және билерін ата Абылайхан, Әбілхайыр, Тәукехан, Кенесары.
4 - деңгей. Өнер алды - қызыл тіл.
Тапсырма: Мақалдарды толықтырыңдар.
Оқу, білім туралы мақалдар
1 - Оқу - инемен (құдық қазғандай)
2 - Күш (білімде)
3 - (Білімді) мыңды жығар.
(Білекті) бірді жығар.
4 - Ұлық болсаң, (кішік бол)
Отан туралы мақалдар.
1. Отансыз адам –(ормансыз бұлбұл).
2. Отан үшін (отқа түс), күймейсің.
3. Туған жер – (алтын бесік).
4. Өзге елде сұлтан болғанша, (өз елінде ұлтан бол).
Сөз, тіл туралы мақалдар.
1. Тіл – қылыштан (өткір).
2. Жақсы сөз – (жарым ырыс)
3. (Сөз сүйектен) өтеді.
4. Сөз тапқанға (қолқа жоқ)
4 - деңгей. «Полиглот» ойыны.
Жүргізуші сөздерді орыс тілінде айтады, ойыншылар қазақ тілінде, сосын ағылшын тілінде тақтаға аудармасын жазады. Әр командаға 5 сөзден беріледі. Сөздердің аудармасын қатесіз, анық айту керек.
Земля – жер
Знания – білім
Природа – табиғат
Ум – ақыл
Воздух – ауа
Пословица – мақал
Небо – аспан
Образование – білім алу
Родина – отан
Мудрость – даналық
ІІІ Қорытындылау.
Осы сайысқа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау
Тапқырлар мен білгірлер сайысы
- guldana61
- 12 наурыз 2014
- 6866
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мектепшілік іс-шара, тапқырлар сайысы
Ұқсас жаңалықтар:
Білгірлер сайысы
Күріштің Отаны – Қызылорда Реттік сан есімнің жұрнағы - ыншы, -інші, -нышы, -ніші Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында - 9...Қазақтың ұлттық мейрамдары
Сабақтан күтілетін нәтиже: 1 - деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері жайында...Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан...Ана тілі
Ана тіліңді құрметте Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай,...Ана тіліңді құрметте
Жезқазған қаласы №10 орта мектеп Наурызбева Айнур Муханбедияровна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.