Сайтқа кіру Тіркелу

Жазғы демалыс. Фонетикалық талдау

Сабақтың тақырыбы: Жазғы демалыс. Ауылдағы жазғы демалыс.
Фонетикалық талдау ( қайталау).
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Ауылдағы жазғы демалыс тақырыбы бойынша оқушылардың сөздік қорын байыту, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Дамытушылық – ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; ауызша ойлау мен сөйлесу дағдысын жетілдіру; ауызша ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік - табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру және оны қорғай білу. Ұжымшылдық, ізденімпаздық, жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Маңыздылығы: тақырып арқылы оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Өзектілігі: қазақ тілінде өз ойын, өз пікірін айта білу.
Типі: білімі мен әрекет тәсілдерін тексеру, бағалау сабағы.
Түрі: жаңа, сайыс сабақ.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, аударма, сыни тұрғыдан ойлау мен жазу, «миға шабуыл», мәтінмен жұмыс, іздендіру, «синквейн» жазу, бекіту.
Көрнекілігі: интербелсенді тақтада «Ауылдағы демалыс» суреті, жаңа сөздер, оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу.
Ә) Кезекшімен сұхбаттасып, оқушыларды түгендеу.
Б) Балалар, көңіл – күйлерің қалай?
В) Сабаққа дайынсыңдар ма?
ІІ. Сабақ барысын түсіндіру. Сабақ жарыс түрінде жүргізіледі. Номер бойынша сынып төрт топқа бөлінеді.
І топ - Күн тобы;
ІІ топ - Бұлт тобы;
ІІІ топ - Көл тобы;
ІҮ топ – Шөп тобы.
Әр оқушының жауабы өз аттас тобының суретімен бағаланады. «Күн», «Бұлт», «Көл», «Шөп».
ІІІ. Сабақтың тақырыбын, міндетін, мақсатын айту.
Жаңа сөздермен жұмыс. Интербелсенді тақтада сөздер көрсетіледі. ( Екі оқушы оқып шығады)
көл – озеро
шопан – чабан
диқан – хлебороб
табиғат – природа.
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.(ауызша)
ІҮ. Интербелсенді тақтада «Ауылдағы демалыс»суреті көрсетіледі.
Тапсырмалар:
1. Сурет бойынша әңгіме құру.
2. Әр топтан бір оқушы әңгімені оқып шығу
Ү. Жаңа сөздерді пайдалан;. п сұрақ құрастыру.
Оқушылар кезектесіп бір - біріне сұрақ қояды. Қарсылас топта қайталанатын сұрақтарды өшіріп тастау керек.
ҮІ. Фонетикалық талдау.
І топ – ауыл;
ІІ топ - жаз;
ІІІ топ – қой;
ІҮ топ – көл ( бір бірін тексеру)
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
«Синквейн» жазу.
Рефлексия. Мұғалімнің сөзі:
Балалар, бүгінгі сабақта не туралы айттық, не білдік, қандай тапсырма орындадық? Яғни мен нені үйрендім? деген сұрақтарға жауап беру.
ҮІІІ. Бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма.
68 бет, мәтінді мазмұндау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Достық – қасиетті сөз

Достық – қасиетті сөз

Әрбір адамның досы бар. Досың болса, досыңмен әнгімелесесің, бірге сабақ дайындайсың, бірге ойнайсың. Қиын кезде досың көмектеседі. Бірақ достар әр...
Кім болғым келеді?

Кім болғым келеді?

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: сабақты өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, мамандық иелерінің не істейтінін, қайда істейтінін оқушыларға...
Ауылдағы еңбек

Ауылдағы еңбек

Мақсаты: Тақырып бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруге баулу. Грамматикалық тақырыпты әртүрлі тапсырмалар арқылы қайталау. Байланыстырып сөйлеу...
Табиғат аясында демалу

Табиғат аясында демалу

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Нугманова Алмагуль...
Жазғы демалыс

Жазғы демалыс

Жаңа сөздерді меңгеру; Өзара бағалау арқылы тақырыпқа деген қызығушылықты арттыру; Тапсырманың түріне қарай сөздік қорды жаңғырту; Өзін-өзі бағалау...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×