Сабақтың тақырыбы: Әміре - ән көгінің айнасы
Сабақтың мақсаттары:
білімділік: әңгіме мазмұнын терең меңгерту арқылы әншінің азаматтық, адамдық бейнесін жан - жақты таныту;
дамытушылық: талдау жасата отырып оқушының ой - өрісін, өнерге деген көзқарасын кеңейту, шығармашылық қабілетін ұштау;
тәрбиелік: өнер, ән құдіретін бағалай білуге баулу; қазақ халқына тән адамгершілік қасиеттерді, өнерге деген сүйіспеншілікті бала бойына сіңіру.
Сабақтың міндеттері: әңгімені түсініп оқиды, мазмұнын меңгереді, жоспар құрады, тақырыбы мен мұратын анықтайды, сұрақтарға жауап беру арқылы Әмірқан тұлғасын ашады, кесте толтырады, түсініксіз сөздермен жұмыс істейді, әңгімеде қолданылған көркемдегіш құралдарды табу арқылы жазушының тіл байлығын таниды.
Сабақтың типі: жаңа материалды таныту сабағы
Сабақтың түрі: тәжірибелік - талдау, іздендіру сабағы
Сабақтың әдісі: сөз, логикалық (анализ, негізгісін бөліп алу, дәлелдеу)
Сабақты ұйымдастыру формасы: жекелей, топпен, ұжымдық
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, адам баласы бір нәрсені ұнатады, жанындай жақсы көреді, аңсайды. Сол жолда күреседі. Сол көңілінің төріндегі керегіне қол жеткізгенде жаны рақаттанады.
Мен сүйемін өмірді зулап аққан
Мен сүйемін өлеңді биік тақтан
Мен сүйемін өнерді таңдай қаққан
Мен сүйемін өренді тыңдап баққан
Ал сендер ше?
Міне, бүгінгі кейіпкеріміз де сүйді, ұнатты. Бірақ ол ән өнерін ұнатты, жанымен сүйді. Ән өнерінің көгінде биік самғай білді. Өткен сабақта біз қазақтың аймандай тұлғасы, қазақтың қара сөзінің құлжасы атанған Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін өткенбіз. Автор жайлы сөз қозғағанбыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Әмірқан - ән көгінің айнасы». Бүгінгі сабақтың мақсаты әңгіме мазмұнын терең меңгерту арқылы әншінің азаматтық, адамдық бейнесін жан - жақты таныту; кейіпкер бейнесін ашу.
2. Үй тапсырмасы
а) Мәтінмен толық танысу
ә) Сырласу күнделігі
Топпен жұмыс:
1 - тапсырма
«Ақпараттық анықтама алгоритмін» орындайтын сарапшымен таныстыру.
«Табыстар каталогына» салынатын жұмыстар жайлы ескерту.
1 - тапсырма «Әңгіменің композициялық құрылысы»
Шәкет үйіндегі кездесу
1. Әңгіменің басталуы Аяқталмаған оқиға
2. Әңгіменің дамуы Жетішатыр қаласындағы жексенбінің бірі
3. Әңгіменің шиеленісуі Әмірқан әңгімесі
4. Әңгіменің шарықтау шегі Наурыз сауығы
5. Шешімі
«Еркін сұрақтар және оған менің дәлелім»
(оқушылар өз қалаулары бойынша сұрақтар таңдайды)
1. Ж. Аймауытовты әйгілі еткен қай шығармасы?
2. Әңгіменің басты кейіпкері Әмірқан бейнесі кімнің прототипі?
(Ә. Қашаубаев жайлы бейнетаспа) слайд «Әміре»
3. Оқиға қай кезеңді қамтиды?
4. Жетішатыр қаласының тұрмыс - тіршілігі қалай суреттелген?
Слайд «Жетішатыр қаласы»
5. «Әнші» әңгімесін жазуға не себеп?
6. Әңгіменің басты тақырыбы қандай?
7. Әміре Қашаубаев кім?(бейнетаспа)
«Кейіпкерге сөз таңдау»
Үш топқа жеке - жеке тапсырма
1 - топ Әмірқанның әншілік шеберлігі (Әмірқан бейнесін әншілік, орындаушылық тұрғыдан қарастыру)
2 - топ Әншінің тұлғасы ( кейіпкердің сыртқы бейнесі, Әмірқан бойындағы қазаққа тән қасиеттер)
3 - топ Сәтті алынған сөздер пирамидасы(ұтымды қолданылған сөздер мен нақыл сөздерді табу)
4 - топ Сөз әрлеу (көркемдегіш сөздерді табу)
Міне, балалар, Ж. Аймауытовтың ән өнерін құрмет тұтып, өзі де өнерден құр алақан емес екендігін шығармасынан байқадық. Көркем сөздің қуаты сол бас кейіпкердің түр - тұлғасын жазушы шебер суреттеген. Әңгіме аяқталды. Бірақ көкейде жүрген бір сұрақ бар, балалар. Ол қандай сұрақ? Әрине, «Ақтамақ хикаясы». Сол бір бақытты күндерін әнші үлкен тебіреніспен айтады. Аяғы егіліп, еңкілдеп жылайды – дейді. Осы құпия сендерді қызықтыра ма, балалар?
«Ақтамақ хикаясы...» ойтолғау
(Хикая менің қиялыммен сәйкес не алшақ)
Міне, балалар «Ақтамақ хикаясы»біздің қиялымызда осылай аяқталды. Бірақ автордың айтуынша бұл оқиға аяқсыз қалған.
«Ақпараттық анықтама алгоритмі» бойынша сарапшы жұмысын тақтаға шығару
«Екі жұлдыз бір тілек»
Бекіту
Міне, балалар, жазушы Әмірқанның талантын, өнер құдіретін ғана беріп қоймай, әнші тағдыры, жан - дүние, сезім, көңіл - күйін де ашқан. Әмірқан әнші жай қатардағы адамдардың бірі емес, өнердің, ән мен сәннің жаны ретінде бейнеленген. Биылғы жылы Ә. Қашаубаев атамыздың туғанына 125 жыл толды. Әміре - ұлы әнші, азамат. Оның өмірі мен қимылы әлі де зерттеле түседі. Ол жөнінде талай кітаптар, дастандар жазылмақ. Семей қаласында әншіге арналған ескерткіш бой көтерген. Оның аты ән мектебінде мәңгі қалады. Әнші туралы Қайнекей Жармағанбетовтың "Әнші азамат" повесі, Сәду Машақов пен Оразақын Асқардың поэмалары бар. Әміре Қашаубаев туралы ақын Қайырбек Шағырдың "Ұлы тенор" поэмасы 2006 жылы жарық көрді.
Үйге тапсырма
Әміре Қашаубаев өмірінің соңғы күндері жайлы ізденіс жұмысы
Әміре-ән көгінің айнасы
- ramuk_b
- 9 наурыз 2014
- 7292
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әміре ән көгінің айнасы атты сабақ жоспары, Әміре Қашаубаев
Ұқсас жаңалықтар:
Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі
№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейтенова Ақкүн Жамбылқызы...Семей. Өскемен қаласы
Семей қаласы, «№27 ЖОББМ» КММ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Адырбекова Жанар Темиргалиевна...Жазғытұры
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу мектеп - интернаты" ММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Сейсенбаева Ләззат Айтбайқызы...Аққұс туралы аңыз
Қызылорда қаласы, №7 орта мектеп Шамшатова Ануза Аманжолқызы...Ананың анасы
Атырау қаласы №35 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймуханова Амангүл Қыздарбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.