Сабақтың тақырыбы: Әлі талай жыр болып жазыларсың…
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: М. Мақатев шығармаларын оқыта отырып, оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, білімге деген құштарлықтарын ояту
Дамытушылық: Оқушыларды өз ойын ашық айта білуге, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Сыпайылыққа, ұстанымдылыққа тәрбиелеу және қарсылыққа дау көтермей сөйлеу әдебін меңгертіп, мәдениеттілікке тәрбиелеу; Жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, кеспе қағаздар
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, пікірталас, топтап тапсырма беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (Оқушыларды түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару).
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген М. Мақатаев өлеңдерінен үзінділер оқыту
ІІІ. Жаңа сабақ
1) Мұқағали бейнелерін еске алу
2) Мұқағали қаламынан жыр төгіледі
ІV. Сабақты бекіту
(Не үйрендім, не білдім?)
V. Сабақты қорытындылау
VІ. Оқушыларды бағалау
VІІ. Үйге тапсырма
Үй тапсырмасын сұрау
Мұқағали Мақатаев - ақын, аудармашы, прозашы. Өлеңдері, оның жауһар жырлары мәңгілік. Өлеңдері уақыт өткен сайын өзіне шексіз дос - сырлас тауып, Хантәңірдей асқақтап, жыр сүйер қауымның жүрегінен берік орын табуда. Адам баласының жан дүниесіне терең бойлап, ішкі сезім сырларынан, психологиялық жан - күйінен хабар беретін сезімтал, психолог ақын. Мұқағали өлеңдерінде адамның моральдық - этикалық қасиеттері әр қырынан сөз болып, жағымпаз, мақтаншақ, ұрыншақ адамдарды сынға ала, әжуалайды. Ақын осында жан - дүниесі пасық, өзіне де, өзгеге де опа бермей жүргендерге ақылын айтып, қылықтарына реніш білдірсе, болашақта осындай қасеттерден сақ болуға шақырады.
Жаңа сабақ
Ақынның шығармашылығы
Мұхаммед пайғамбардың сөзіне құлақ асу, Аллаға жалбарыну, мақтау сөз айту және әулие пайғамбарды, сондай - ақ дінді мойындау керектігін жазса Мұқағали сол жетпісінші жылдары - ақ:
Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,
Қаймағың быт - шыт болды қайдан бүгін?!
Құбылаға бет алып қол қусырып,
Сәждеге бас қоятын қайда күнім?
Сатпаймын, сатпақ емен дінімді мен,
Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.
Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,
Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін.
Бәрі рас айтқанының Ақ Алламның
Құм менен топырақтан жаралғанмын.
***
Өсіңіз, жетіліңіз, тасқынбаңыз,
Бірақ та, биікпін деп мақтанбаңыз.
Сен мықты, анау осал, мен орташа,
Бәріміз бір аспанның астындамыз.
Сіздің ой біздің оймен бірікпейді,
Шайқаңыз, осы жүріп мейлі.
Ойлаңыз арзан атақ, сасық ырыс,
Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді.
***
Арыз жазып кетейін
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле - ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім - ақ,
Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,
Құшақ - құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
- Мынау – шапан,
- Мынау – атың, мін! – демей?!
***
Мен - дағы өлең жазбаймын ермек үшін
Мен - дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Ермек үшін немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын,
Жаралы жүректерді емдеу үшін.
Ермек үшін белгілі жырламасын,
Ермек десе, ел мейлі тыңдамасын.
Өтсем болды арқалап адамдардың
Қуанышын, шаттығын, мұң - наласын.
***
Ойлаңдар, достар,
Өнерде жарыс болмайды.
Өресі жетпей,
Күндестік қылған оңбайды.
Өнерің жетіп,
Өсе алмай қалсаң сол қайғы.
Күндес таласқан,
Өнерің өнер болмайды
***
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма: Балалар, біз Мұқағали ағамызбен қоштаспаймыз.
Мұқағалидың бүгінгі сабақта ашылмай қалған сырларын ары қарай талдап келейік және де Мұқағали жырларынан айтылмай қалған өлеңдерінен үзінді жаттап келеміз.
Әлі талай жыр болып жазыларсың...
- Фариш
- 22 ақпан 2014
- 4059
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мұқағали, әдебиет, өнер
Ұқсас жаңалықтар:
Мұқағалиға арнау
«Ақынмын» деп тарсылдатар кеудесін, Мені жұртым, мейлі, «ақын» демесін. Жазғаныма сын айтып, ұнатпасаң Кешіріңдер, Мұқағали емеспін....Арыз жазып кетейін
Бүгін менің туған күнім. Ой, бәле-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?! Банкет жасап берер едім өзім-ақ, Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай....Күндестік құрысын!
Қандай рақат! Жүрейік, достар, күнде өстіп. Ренжу деген, Ренжу деген - білместік....«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК»
Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қойлық ауылы Мараимова Шарбану Укметовна...Мұқағали Мақатаев “Бүгін менің туған күнім” (электронды оқулық)
Мұқағали Мақатаев "Бүгін менің туған күнім" (электронды оқулық). Ерлан Шарапиев Өзбекстан Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы №18орта...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.