Сабақтың тақырыбы: Ұлы ғалым Жак ив Кустоның пікірі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы ғалымның өмірімен, еңбектерімен, ашқан жаңалықтарымен оқушыларды таныстыра отырып, танымдық білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорын байыту, өз ойларын тұжырымдап айта білуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін, белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Ғалымның өмірін үлгі ете отыра, Табиғат – Ананы аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Ойын элементтері аралас танымдық сабақ.
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: СТО элементтері, сұрақ – жауап, «Қар кесегі» ойыны, топпен
жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта (танымдық слайдтар),
қосымша мәтіндер жазылған парақтар, нөмірленген:
( А, Ә, Б жазуы бар және 1, 2, 3 деген сандар жазылған
қатты қағаздар ).
А - 1, А - 2, А - 3; Ә - 1, Ә - 2, Ә - 3; Б - 1, Б - 2, Б - 3 жазулары бар жетондар)
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сыныпты үш топқа: А, Ә, Б тобына бөліп, топ басшыларын сайлау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Толықтауыштың анықтамасын айту. Үйге берілген сөйлемдерден тура, жанама толықтауыштарды тауып, астын сызу.
III. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.
«Миға шабуыл» 1 - слайд: (Жак ив Кустоның портреті көрсетіледі)
- Балалар, мына суреттегі адамды танисыңдар ма? Бұл кім? Ол туралы не білесіңдер? Қазір бұл адам тірі ме жоқ па? Ол немен айналысады? Оны қайдан көрдіңдер?
Оқушылар білгендерін айтады.
2 – слайд: Сабақтың эпиграфын айту.
IV. Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс
«Ғалымның пікірі» мәтінін түсініп оқу. ( 250 – бет)
Оқушылар мәтінді оқып болғаннан кейін мұғалім: - Балалар, бұл мәтіннен Кусто туралы көп мәлімет алдыңдар ма? Ол туралы бұдан да көп білгілерің келе ме? (Мұғалім оқушыларды қызықтырып, сабақты өрбітіп отырады )
V. «Қар кесегі» оқыта үйрету ойыны арқылы алған білімдерін толықтыру.
3 - слайд: «Жак ив Кусто» мәтіні
- Олай болса, балалар, «Жак ив Кусто» атты мәтінмен танысайық:
3 оқушыдан тұратын үш топтың (А, Ә, Б ) әрбір оқушысына үш абзацтан тұратын бірдей мәтін таратылады (барлығы 9 оқушыға - 9 мәтін):
1 - үстелдің басына - А тобы: (А - 1, А - 2, А - 3 жетондары бар) - 1 - ші абзацты оқиды
2 - үстелдің басына - Ә тобы: (Ә - 1, Ә - 2, Ә - 3 жетондары бар) - 2 – ші абзацты оқиды
3 - үстелдің басына – Б тобы: (Б - 1, Б - 2, Б - 3 жетондары бар) - 3 – ші абзацты оқиды
Әр топ тек өзіне керекті абзацты оқиды. Жұппен жұмыс жасайды, содан кейін ортаға салады, яғни топпен жұмыс. ( 5минут уақыт беріледі).
5 минут уақыт өткен соң А, Ә, Б әріптердің орнына 1, 2, 3 сандары қойылады.
Оқушылар жаңа топ құрады:
1 - топ: ( А - 1, Ә - 1, Б - 1 жетондары бар)
2 - топ: ( А - 2, Ә - 2, Б - 2 жетондары бар)
3 - топ: (А - 3, Ә - 3, Б - 3 жетондары бар)
Әр топтың бір мүшесі оқыған абзацты мазмұндайды. Сөйлеушімен бір топта болғандар толықтырып отырады. Топ басшысы сөйлеушілерді параққа бағалап отырады. Қалған екі топ мүшелері мұқият тыңдап, дәптеріне жоспар не сызба жазады. Сосын 2 - ші топ өз абзацын, 3 - ші топ өз абзацын кезекпен мазмұндайды.
Тапсырма: 1 - топ: Оқыған бөліктерге (абзацтарға) ат қою.
2 - топ: «Зерттеуші» сөзіне 5 жолды өлең құрастыру.
3 - топ: Мәтін бойынша жоспар құру.
VI. 4 - слайд ( Франция картасы) Картамен жұмыс.
Оқушылар Франция картасынан Тулон, Париж қалаларын, Жерорта теңізін
көрсетеді.
VII. 5 - слайд: Кусто ашқан жаңалықтар
- Балалар, әйгілі француз ғалымы қандай жаңалық ашты, нені ойлап тапты?
( батискаф, акваланг, әйгілі «Титаник» кемесінің суреттері көрсетіледі)
VIII. Сөздік жұмысы ( 250 - бет )
Сөздік жұмысын INZERT стратегиясы арқылы орындау.
мұхит зерттеушісі
толғандырады
су өткізбейтін камера
жарық беретін
саналы азаматтар
IX. Ойтолғаныс. Топпен жұмыс
«Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» стратегиясы
Үш топқа мәтін бойынша тапсырма.
А тобына тапсырма:
Даталарды жазу Ә тобына тапсырма:
Мекен – жайды жазу Б тобына тапсырма:
Болған оқиғаны жазу
X. 251 – беттегі тапсырма. Сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екенін анықтау. (тапсырма ауызша орындалады)
XI. Үйге тапсырма: Жак ив Кустоға « Алғыс хат» жазу.
XII. Бағалау парағын тақтаға іліп, оқушылардың бағаларын айту.
Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Ұлы ғалым Жак ив Кустоның пікірі
- Кульбагыш
- 20 ақпан 2014
- 4996
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұлы ғалым Жак ив Кустоның пікірі, география, сайыс сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Білімділік:Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу. Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын...Жазғы демалыс. Фонетикалық талдау
Семей қаласы, №10 «ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амренова Гульдана Сапаргалиевна...Судың маңызы. Тіл дамыту сабағы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Тақырып бойынша өзара сөйлесуге дағдыландыру. Білімділік: қос сөздерді, демеулік...Есік алтын адамы
Есік алтын адамы...Қамқорлық
Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.