Сабақтың тақырыбы: Табиғат аясында демалу. Үстеу түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтінмен жұмыс түрлерін жүргізу арқылы Қазақстанның табиғаты тамаша жерлерімен, демалыс орындарымен таныстыру, топтық тапсырмалар арқылы сөздік қорын молайтып, диалог түрінде сұхбат құра білуге үйрету, үстеу түрлерін ажырата білуді пысықтау;
Дамытушылық: өз бетімен жұмыстандыру арқылы сөз тіркесін, сөйлемдерді құра білу дағдысын дамыту, сұрақ - жауап арқылы сөйлеуге үйрету;
Тәрбиелік: өз бетінше ізденуге, еңбектенуге талаптандыру, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: шығармашылық зерттеу, модульдік оқыту технологиясы, ақпараттық оқыту технологиясы;
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Жазғы демалысқа арналған бағдарламалар құру.
2. «Жазғы демалыс» тақырыбында 3 топ етістіктің үш шағында әңгіме жазу.
3. Жаңа сабақ.
Интерактивті тақтада тірек сызба көрсетілген. Тірек сызбаны пайдаланып үстеуді, оның түрлерін түсіндіру.
4. Тірек сызбаны пайдаланып, интерактивті қаламмен жазып, сызбаны толтыру.
5. Логикалық ойындар.
А) шашыраңқы әріптерден сөздер құрау:
Ждалым
Етерң
Қзаір
Нөмет
жоғрыа
Ә) Артық сөзді тап:
1. ертең
2. төмен
3. кенет
4. алға
5. алақай
Б) Үстеуді табу:
Алақай - ау, балалар,
Қандай жақсы көктем - ай!
Гүлге оранды тез дала,
Келді ауылға көп торғай.
6. Топпен жұмыс. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.
1 - топ: мезгіл үстеуіне қатысты сөздерді еске түсіріп жазады, табиғат тақырыбында сөйлемдер құрастырады.
2 - топ: мекен үстеуіне қатысты сөздермен демалу тақырыбында сөйлемдер құрастырады.
3 - топ: сын - қимыл үстеуіне қатысты сөздермен жыл мезгілдері тақырыбында сөйлемдер құрастырады.
7. Сұрақ - жауап.
3 топ мүшелері бір - біріне сұрақтар қояды, қарсыластары үстеу түрлерімен жауап беру керек.
1 - топ: - Оқушылар Көкшетауға қашан барады? (ертең)
2 - топ: - Көкшетау қайда? (Қазақстанның шығысында)
3 - топ: - Оқушылар қалай сөйлейді? (тез, жай)
8. Мәтінмен жұмыс.
А) Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
Ә) Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
Б) Үстеулерді қолданып, сұрақтарға жауап беру:
- Сендер үшін демалуға қолайлы уақыт қашан?
- Сендер қайда демалғыларың келеді?
- Елімізде демалыс орындары бар ма?
- Табиғат аясында демалу ұнайды ма?
9. Сабақты бекіту.
А) Үстеулердің антонимін табу:
Жоғары -..., ерте -..., бүгін -..., таңертең -..., тез -..., былтыр -..., кеше -..., т. б.
Ә) Терме диктант. Оқылған мәтіннің ішінен 3 топ өздеріне тиісті үстеу түрлерін жазып отырады.
10. Оқушыларды бағалау.
11. Үй тапсырмасы:
1. Құрамында үстеу сөздер кездесетін мақалдар тауып келу.
2. Үстеу түрлерімен 10 сұрақтан тұратын тақырыптық тест құру.
3. Мәтінді әңгімелеп айту.
4. Қазақстандағы демалыс орындары туралы мәлімет іздеу.
Табиғат аясында демалу
- Н.Алмагуль
- 11 ақпан 2014
- 15120
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілінен сабақ, үстеу, шылау, антонимдер
Ұқсас жаңалықтар:
Тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыру
Сабақтың мақсаты: Тірек сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрауға машықтандыру. Сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету. Шығармашылыққа баулу....Үстеуден өткенді қайталау
Жалпы мақсаты: Жалпы үстеу туралы түсінік беру, оның түрлерін ажырата білу, білімдерін пысықтап бекіту...Жазғы демалыс. Фонетикалық талдау
Семей қаласы, №10 «ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амренова Гульдана Сапаргалиевна...Мақсат және себеп-салдар үстеулері
Сабақтың тақырыбы: Мақсат және себеп - салдар үстеулері. Сабақтың мақсаты: білімділік – үстеулердің мағыналық түрлері туралы мағлұмат беру,, Орхон -...Сын - қимыл үстеулері (4 класс)
Ақтөбе қаласы, №8 орта мектеп Бакова Анджела Оспановна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.