Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ халқының ұлттық киімдері.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық киімдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдері, олардың түрлері және пайдалану ерекшеліктері туралы түсінік беру; жаттығу жұмыстары арқылы зат есімнің жалғауларын (септік, тәуелдік) қайталау;
Дамытушылық: оқушылардың ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын, эстетикалық талғамын арттырып, ойын, қиялын дамыту. Алған білімдерін ізденіспен қолдана білуге, өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: қазақ халқының тарихына, рухани мәдени ескерткіштеріне, ұлттық киімдеріне, салт - дәстүрі мен өнеріне, тілі мен әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру және оларды құрметтеуге тәрбиелеу;
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, этнография, эстетика;
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, ұлттық киім үлгілері, слайд - суреттер, тапсырмалар;
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау - түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, іздендіру;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, жаңа сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлімі:
1. Сөзжұмбақ шешу.
2. Презентацияны қорғау.
Топ басшылары «Ұлттық бас киім», «Ұлттық киім», «Ұлттық аяқ киім» тақырыптарындағы дайындаған мәліметтерін слайд арқылы айтып шығады.
І топ. Бас киім. Бөрік Тымақ Сәукеле Тақия
ІІ топ. Киім Шапан Тон, ішік Кимешек Көйлек Қамзол Жейде Шалбар
ІІІ топ. Аяқ киім Мәсі Кебіс Әйелдер етігі Ерлер етігі
3. Мәтінмен жұмыс:
А) мәтінді мәнерлеп оқып шығу;
Қазақтың ұлттық киімдері
Қазақ халқының киім - кешегі - ұлттық, тұрмыстық және рухани мәдениеттің бағалы ескерткіштерінің бірі. Одан қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, мәдени дәстүрлері, эстетикалық талғамы анық байқалады. Киімнің тігілуінен халық тұрмысының жай - күйі, мәдениетінің қалыптасуы, ғасырлар бойы жинаған еңбек тәжірибесі көрінеді. Ұлттық киімдер сәндеп кестеленеді, зергерлік және басқа әшекей заттармен әдіптеледі. Халық шеберлерінің көптеген қолтумалары өнердің өлмес туындыларына айналды. Бұлар - қазақ халқының мәдени қазынасы.
Ә) сөздік жұмысы: 1. Жаңа сөздермен танысу;
2. Берілген жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құру;
Б) Мәтінді түсініп оқу;
В) Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;
Г) Мәтін бойынша грамматикалық тапсырма:
4. Жаттығу жұмысы: Интерактивті тақтада көрсетілген тапсырманы дәптерлеріне жазбаша орындау:
І топқа: Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді аяқтау.
1. Сәукеле өте әдемі бас киім... жатады және оны...
2. Ішік аң терісі... тігіледі, себебі...
3. Қазақтар шапан... аса...
ІІ топқа: Кимешек, ішік, бөрік сөздерін тәуелдеу.
ІІІ топқа: Қамзол, сәукеле, тұмақ сөздерін септеу.
(Оқушылар өз қалауымен бір топтың тапсырмасын орындайды)
Сабақты қорытындылау.
1. Үш топ ұлттық киім үлгісіндегі жас қыз бен жігітті, орта жастағы әйел мен ер адамды және ата мен әжені суреттеп жазып, оқып береді.
2. Сұрақ - жауап.
– Қазақ халқының ұлттық киімдерінің бүгінгі күндегі маңыздылығы қаншалықты?
– Қазақ халқының ұлттық киімдерін қалай насихаттауға болады?
Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы:
1. Ұлттық киімдердің топтама үлгілерін жасау, насихаттау, жарнама жасау.
2. Қазақтың ұлттық киімдері туралы мәлімет дайындау.
3. Зат есім, сын есім тұлғасындағы 2 сөзді септеу және тәуелдеу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×