«Жыр жампозы – жыраулар»
Мақсаты:
Білімділік: Жырау шығармашылығынан алған білімдерін қорытындылау. Оқушыларға
деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білім деңгейлерін бағалау.
Дамытушылығы: Жырау толғауларын жатқа айта білуге, тәрбиелік мәні бар толғауларды мақамымен айта білуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға және өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жырау шығармашылығы арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу. Жырау толғаулары арқылы оқушыларды өз отанын, елін, халқын, туған жерін сүйе білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі: Топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар беру шығармашылық ізденіс.
Түрі: Жарыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: Тарих, саз өнері
Көрнекілігі: 1. А. Құнанбаевтың сөзі «Өзіне сен, өзіңді сүйреп шығар» 2 Жыр жампозы – жыраулар. 3 Жыраулар туралы мәлімет беретін тірек – таблица.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысымен, даярлығын тексеру.
3. Көрнекі құралдарды дайындау.
ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Балалар, бүгін біздер үшін бір ерекше сабақ. Олай дейтініміз біз бүгінгі сабағымызды «Тендер» арқылы өткізбекпіз.
- Ал, «Тендер» дегеніміз не?
Оны мен қазір сіздерге сабақтың жүру барысында түсіндіремін.
Бұл «Тендердің» қойып отырған талабы: №3 Алға қазақ орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу. Осыған байланысты облыстың бюджеттен 7 млн теңге ақша бөлініп отыр. Соны игеру, яғни өз мәнінде дұрыс жұмсай білуіміз керек. Егер де кімнің жоспары жақсы, балы көп болса сол «Тендерді» ұтып алады.
- Қане, балалар, «Тендерге» қатысамыз ба? Олай болса 3 топты 3 фирма етіп сайлаймыз. Үш фирманың аты туралы мәлімет беру.
І фирма: «Сәулетші
ІІ фирма: «Құрылысшы»
ІІІ фирма: «Әрлеуші»
Енді, балалар сіздердің жұмыс жоспарларыңыз қандай болады.
1. Берілген сұрақтарға дәл, нақты, жүйелі жауап беру.
2. Сіздердің мұнда білімдеріңіз, ой - ұшқырлықтарыңыз, дауыс мә – нерлеріңіз, толғауларды мақамына келтіріп айтуларыңыз сарапқа салынады.
3. Қай фирма көп балл жинаса, сол фирма жеңіске жетеді.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
- Ендеше, балалар, жұмысымызды бастаймыз. Өткен сабақтарда біз жыраулар туралы оқыған болатынбыз. Енді сол жырау шығармашылығынан біз не ұқтық? Біз үшін қандай тәрбиелік мәні бар?
Бәріміз мына тірек схемаға назарымызды аударайық.
І Оқушы деңгейімен жұмыс.
1 Жырау деп кімді айтамыз?
2 Біз оқыған жырауларды ата?
3 Жырау толғауларының басты тақырыбы не?
ІІІ Эвристикалық саты
1 Көрініс көрсету.
2 Толғау айту.
Кім шешен?
Шығармашылық саты
Сөйле жырау
Эвристикалық саты
Менің сүйікті жырауым Алгоритмдік саты жырау шығармашылығынан не алдың? Оқушы деңгейімен жұмыс
ІV Шығармашылық саты.
Тақырыптары.
1 Бір жақсымен дос болсаң...(Шалкиіз)
2 Кеңессіз сөз бастама...(Асанқайғы)
3 Болат қылыш асынып...(Доспамбет)
4 Қайран да менің Еділім...(Қазтуған)
5 Болат тудың Бөгенбай...(Үмбетей)
6 Жырау толғауларынан мақал - мәтел, нақыл сөздерді теріп жазу.
V Қорытындылау.
1. Жырау шығармашылыған не алдың?
2. Бүгінгі заман үшін тәрбиелік мәні қандай?
VІ Бағалау.
1. Балдық жүйемен бағаланды.
2. Кім көп балл жинаса, сол тендерді жеңіп алады.
Жыр жампозы – жыраулар
- klara66
- 7 ақпан 2014
- 3684
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ашык сабак, казак әдебиеті, жыр жампозы-жыраулар
Ұқсас жаңалықтар:
Доспамбет жырау
Доспамбет жырау (1490 – 1523) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери...Ақтамберді жырау
Ақтамберді жыраудың өмір жолынан мәлімет беру. Оқушыларды жыраудың толғаулары арқылы ерлікке, елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Ақынның...Шалкиіз жырау
Тіленшіұлы Шалкиіз жырау(1465-1560) Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясындағы орын ерекше. Ол әйгілі ақын болған. Өз жырларында өмірге терең көз...Доспамбет жырау
Доспамбет жырау (XVI ғасыр) Доспамбет өз заманында жақсы тәрбие алған, парасатты білгір адам болған. «Азаулының Стамбулдан несі кем» деген...Қазтуған жырау
Қазтуған жырау (XV ғасыр) Ол өзін «Айдаса қойдың көсемі», «Сөйлесе қызыл тілдің шешені», «Буыршынның бұта шайнар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.