Сайтқа кіру Тіркелу

Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдау

Қазақ тілі пәнін оқытудың сапасы мен мақсатын одан әрі жетілдіру - бүгінгі күннің талабы. Халқымыздың біртуар азаматы, сан қырлы талант иесі Ж. Аймауытов қазақ тілін оқытуда бүгінде маңызы ерекше мынадай тұжырымдама жасаған: «Бала оқытуды тілден бастайды. Бастауыш мектептің, көбінесе, айналдыратын оқуы – тілдің мүшелерін нық білдіріп, баланың тілін байыту. Орта дәрежелі мектепте үнемі тілді жаттықтыруды дағдыландыру керек. Баланы тілге жаттықтырудың мағынасы: баланы сөйлеуге, басқалардың сөзін ұғуға, өз бетімен жазуға, оқуға төселдіру». Оқушыларға білім беру мен тәрбиелеудің нәтижелі болуы үшін сөйлеу қабілеттерінің дамуына тікелей әсер ететін тіл мәдениетін оқытуға баса назар аударылу қажет. Себебі, адамның жеке басы мәдениетінің алғы шарты – дұрыс сөйлей білу. Бүгінгі білім беру жүйеміздегі нәтиже күтілер ерекше қадам – 12 жылдық оқу жүйесі бағдарламасында бұл талаптар мақсатты түрде қойылған. Ол бағдарлама бойынша қазақ тілі пәні бірінші сыныпта ісжүзілік тұрғыда меңгертіледі де, екінші сыныптан бастап тіл мәдениеті, грамматика мәселелері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай негізделіп беріледі.
Тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік норманың жетілу, даму, ширау дәрежесі. Тілдік норма тілдің ішкі жүйелері негізінде дамиды. Яғни, тіл мәдениетін жете меңгеру үшін, ең алдымен, оқушы қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасын жете білу керек. Егемен еліміздің әлеуметтік - экономикалық және рухани саласында көптеген өзгерістер болып жатыр. Солардың бірі – білім беру жүйесіндегі жаңа технологиямен оқыту. Қарапайым түрде айтқанда, «жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесі – бұл мүлдем жаңаша жасалған әдістеме емес. Ол дәстүрлі әдістемеден шығады», - деген ғалым - әдіскер Қ. Қадашеваның пікіріне сәйкес келеді. Ал, қазақ тіл білімінің негізін салушы А. Байтұрсынұлы былай деді: «Әдіс – ерекшеліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы - жаман болмағы жұмсалатын орынның күш - қуатына қарай. Мәселен, бір жұрттың сауаттану ісіне қолайлы болған әдіс, екінші жұрттың да сауаттану ісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды.» Осы пікірлерге сүйенсек, кез - келген технологияның нәтижесі – оқушының сапалы білім алуы, шығармашылық деңгейінің жоғары сатыға жетуі арқылы өлшенеді, бірақ бұл өлшемдердің көрсеткіштері әлі де өз деңгейінде емес. Оған себеп, қандай технология болсын, ол біздің ұлттық менталитетімізден алшақ болмауы керек. А. Байтұрсынұлының ойын әрі қарай сабақтар болсақ, қазақтың ұлттық тілін сақтап, дамыту үшін бізге ұлттық ерекшелігімізге жақын төл технология қажет.
Төл технология – жаңа термин. Бұл технологияның ерекшелігі – оның негізін тілдік материалдарды сатылай кешенді талдау құрайды. Қазақ мектебіндегі қазақ тілінен бастау алған бұл технология қазір басқа пәндер жүйесінде де кең түрде қолданылуда. Сатылай кешенді талдау дегеніміз не, оның мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері, басты қағидалары қандай? Нәтижелі іс, алдымен, осы сұрақтарға нақты жауаптар алудан басталмақ. Бұл технологияның қазақ тілінің төл технологиясы аталуының да өзіндік себебі бар. Біріншіден: технологияның теориялық негізі А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, Т. Шонанов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Ш. Сарыбаев т. б. ғалымдардың ғылыми - әдістемелік тұжырымдарын басшылыққа алады, екіншіден, ағартушылық негізі Ыбырай, Абай, Шоқан т. б. ағартушылық ұстанымдарын негіз етеді, үшіншіден, теория мен тәжірибені ұштастыруда ғалым - әдіскер Ф. Ш. Оразбаеваның тілдік қатынас теориясына негізделеді, төртіншіден, ана тілін бағалай білуге, құрметтеуге үйрету үшін ауыз әдебиетінің бай мұрасынан бастап, бүгінгі күнгі сөз зергерлерінің әдеби ой - толғамдарын жаттату, жаттығу ретінде жаздыру, тіл дамыту, тіл ұстарту үшін мәтін ретінде қолдану көзделіп отыр, бесіншіден, өзге технологиялардағы пайымдаулар мен практикалық жұмыстарын басшылыққа алу қарастырылған. Сатылай кешенді талдаудың өзегі – тірек сызбалар. Тіл білімінің барлық салаларынан өтілетін материалдардың негізгілері, ең басты теориялық мағлұматтар сызбаға жүйелеп орналастырылған. Әр саты бір - бірімен үндесіп, бір - біріне сілтеме жасап, бірін - бірі толықтырып, тұтас кешен береді. Кешен (комплекс) ұғымының мәнін ашуда ғалым Ж. Аймауытовтың мына пікіріне жүгінуді жөн көрдік: «Өмірдегі құбылыстарды, нәрселерді бір тақырыптың, бір пікірдің төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп, біріктіріп оқытуды кешен дейді. Одан да дәлелдеп айтқанда, өмірде шын жолығатын нәрселерді, құбылыстарды байланысқан, іліктескен, бір - біріне әсер еткен қалпында араларындағы қатынасын зерттеуді кешен дейді...» Қ. Бектаевтің «Сөздігінде» кешен – жиын: жиынтық, кешен – деген түсінік берілген. «Кешен» ұғымы соңғы кезде көп қолданылуда (кешенді мектеп, ескерткіш кешені т. б.). Сондықтан сатылай кешенді талдау деп атау сәйкестігі орынды тәрізді. Енді сатылай комплексті талдау технологиясының міндеттері, әдіс - тәсілдері, қағидалары қандай, жалпы, сатылай комплексті талдау деген не, осындай сұрақтарға жауап берейік. Бұл талдау түрін жүргізбес бұрын өзекті осындай мәселелерді теориялық жағынан біліп алу қажет. Сатылай комплексті талдау дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, комплексті меңгертіп, оларды ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай комплексті талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сатылай комплексті талдау технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту. Сондықтан бұл технологияны мұғалімдер қиындықпен қабылдауда. Тиімділігін насихаттау барысында жүргізілген түрлі курс, семинар, тренингтерден соң бұл технология қыры мен сырын түсінген, теориялық білімдері жоғары, тәжірибесі мен ізденісі мол мұғалімдер арасынан зор қолдау табуда. Сатылай комплексті талдау технологиясы білімді тек белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағды қалыптастырумен ғана шектелмейді, сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа да танымдық, психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталады. Сатылай комплексті талдау технологиясында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар: ынтымақтастық өзара сыйластық, түсіністік, әріптестік сияқты қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі – оқушылардың қабілеттерін жақсы, жаман, орташа деңгейге бөледі. Осыған байланысты төл технологияның мынадай он деңгейлі талдау жүйесі бар: Бірінші деңгей: Тілдік материалдарды толық жазылым бойынша сатылай комплексті талдау. Екінші деңгей: Тілдік материалдарды қысқаша жазылым бойынша талдап, айтылым бойынша толық ауызша сатылай комплексті талдау.
Үшінші деңгей: Тілдік материалдарды жазылым бойынша ықшамдау принципімен өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық сатылай комплексті талдау.
Төртінші деңгей: Тілдік материалдарды жазылым бойынша символдар арқылы ықшамдап өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық талдау.
Бесінші деңгей: Диалог арқылы талдау.
Алтыншы деңгей: Хат жазу.
Жетінші деңгей: Уақытқа талдау:
а) Өте жылдам – 3 минутта;
ә) Жылдам – 5 минутта;
б) Орташа – 7 минутта.
Сегізінші деңгей: Компьютерлік талдау.
Тоғызыншы деңгей: Ашық тест.
Оныншы деңгей: Шығармашылық деңгей.
Оқушылардың жас ерешеліктеріне сай осы сатылар лайықталып алынып, талдау жұмыстары жүргізіледі. Осы сатылардан бірінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы деңгейлері ішінара талдау түрі бойынша жүргізіліп, талдау талаптары орындалады. Дегенмен, оқушы сатылай комплексті талдау технологиясы бойынша жұмыс істеуден бұрын, тіл сабақтарында берілетін білімді жүйелей меңгеруі керек. Ол үшін оқушының тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін арттырып, танымдық дүниесін байытып, шығармашылық ойлауға дағдыландыратын, күнделікті сабақта жүргізілетін ең ұтымды тәсіл: жаттығу мен талдау түрлерін байланыстыратын – грамматикалық талдауды меңгеріп, соның талаптарын орындауы керек. Сондықтан сатылай комплексті талдау технологиясының басты нысаны – грамматикалық талдау. Грамматикалық талдауды меңгерген оқушы ғана осы технология бойынша сатылай комплексті талдауға дағдылана алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Б. Қалиұлы «Қазіргі қазақ тілі» Алматы 2004ж
2. А. С. Ісімақова «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы І» Алматы 2009
3. А. С. Ісімақова «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы ІІ» Алматы 2008
4. Д. Ысқақұлы «Әдеби сын тарихы» Алматы 2012
5. А. Қалыбекова «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» Алматы 2011
6. З. Ахметов «Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы мен дәстүрі»
7. С. Жиенбаев «Арқа сүйер асқарымыз»
8. Р. Бердібаев «Қазақ тарихы романы»
9. Е. Аққошқаров «Қазақ тарихынан» Алматы «Жалын» баспасы 1997
10. Б. Ысқақов «Асыл сөз» Алматы «Жалын» баспасы 1987
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қабыш Жәркенов. Есім сабақ оқуды қалай үйренді?

Қабыш Жәркенов. Есім сабақ оқуды қалай үйренді?

Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру....
Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түр ...

Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түр ...

Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түрлерін қолдану барысында ауызекі сөйлеу тілін дамыту...
Сөз таптарына саяхат

Сөз таптарына саяхат

Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даргужина Сандуғаш Биязбайқызы...
Тіл білімі салаларынан өткенді қайталау

Тіл білімі салаларынан өткенді қайталау

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы №3 Алға қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байбатыр Клара Рзағалиқызы...
Сатылай кешенді талдау

Сатылай кешенді талдау

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес ЖОБМ балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Меңдіғазиева Ақсамал Мұратқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×