Сайтқа кіру Тіркелу

Жұрнақ, құрамы, мағыналық түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөз тудырушы мен сөз түрлендіруші жұрнақтардың өзіндік белгілері мен мағыналық ерекшеліктері туралы тереңірек білім беру;
Дамытушылық: оқушылардың морфемалық құрамын талдай білу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: оқушылардың тіл тазылығы сақтайтын, сауатты азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: топпен, іздендіру
Әдіс - тәсілдері: еске түсіру, топтастыру, диалог, әңгімелеу, талдау.
Сабақ көрнекілігі: тақырыпқа қатысты слайд кестелер.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- психологиялық ахуал тудыру.
Деңгейлік тапсырма бойынша жұмыс жасау.

І деңгей
1. Сөздердің қандай мағыналарын білесің? Олар қалай жасалады?
2. Қосымша морфемалардың сөздердегі негізгі қызметі қандай?

ІІ деңгей
1. Туынды сөздерді көшіріп жазып, сөз тудыратын және сөз түрлендіретін жұрнақтарды ажырату.
Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз... Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың болса да туу басында біздікі секілді таза, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла - қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа ұлттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық...
М. Дулатов
2. Берілген жұрнақтар арқылы туынды сөз жасап, олардың сөз құрамындағы қызметін түсіндіру.
– шы, - ші, - лық, - лік, - ма, - ме, - қы, - кі, - ша, - ше, - а, - е, - ла, - ле.
3. Сөздің тұлғасы мен ГМ өзгертіп тұрған жұрнақтарды тауып, жалғанып тұрған сөзімен бірге жазыңдар. Қай сөз табы екенін анықтау.
Қазақ - малмен күнелтетін көшпелі ел. Бұрын қазақ түгелімен көшпелі еді, қазір де шала көшпелі болып қалды. Қазақтың қысы қатты Арқада да қыстауы болатын болды, қазақ малға пішен жаятын болды, егінге де айнала бастады. Мал өсіру үшін қолда тұқымдық мал болу керек, онсыз еңбекпен мал табу болмайтын еді. Малсыз кедей тамақ асырау үшін байдың малын бағатын, бірақ онымен кедей байи алмайтын, өзі де бай боламын деп ойламайтын; байға жалданған кедейдің есебі баю емес, асырау ғана болатын... (А. Байтұрсынұлы)
ІІІ деңгей
1. Сұрақтарға жазбаша жауап жаз.
1. Тәуелсіздік сарайы қай жылы салынды?
2. Тәуелсіздік сарайында қандай маңызды шаралар өткізіледі?
3. Тәуелсіздік сарайы туралы тағы не білесің?
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×