Сайтқа кіру Тіркелу

Сөйлемнің айқындауыш мүшелері

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің айқындауыш мүшелерін лингвистикалық тұрғыдан жаңа мағлұмат беру, сөйлемде белгілі бір тыныс белгілерімен ажыратылатынын түсіндіру.
Міндеттері: 1. Білімділік. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы ғылыми - теориялық түсінік беру, олардың түрлері мен тыныс белгілерін меңгерту, алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
2. Дамытушылық. Сыни ойлау көзқарасын, логикалық ойлауын, өз пікірін дәлелдеу, байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру, есте сақтау қабілетін, көркем жазу сауаттылығын дамыту;
3. Тәрбиелік. Жаттығулардың тәрбиелік мәніне назар аударту, ұжымдағы ауызбіршілікті нығайту. Ізгі қарым - қатынас негізінде тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ішінара зерттеу, байқау, репродуктивті, эвристикалық, деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайд, таратпалар, бағалау парақшалары, деңгейлік тапсырмалар
Пайдаланылған қосымша әдебиеттер: Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Ш. К. Бектұров. Қазақ тілі. Әдістемелік нұсқаулық. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 5/2013.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу. Оқушы назарын сабаққа бағыттау.
2. Өткен тақырыпты пысықтау.
«Олжалы бестік» ойыны. 5 сөз дайындап, олардың артына сұрақ жасыру және бір сөздің артына тек қана «5» бағасын қою.
«Мықты болсаң, тауып көр» - Сөйлем мүшесі деген не? Сөйлем мүшелерін ата.
«Жүйрік болсаң, шауып көр» - Пысықтауыш деген не? Мысал келтір.
«Алғыр болсаң, алып көр» - Анықтауыш қандай мүше?
«Тапқыр болсаң, тауып көр» - Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегенді қалай түсінесің?
«Ойлы болсаң, озып көр» - Толықтауыш, оның түрлері.
«Зерек болсаң, айтып көр» - М. Мақатаевтың бір өлеңін айтсаң, «5» аласың!
3. Сабақтың мақсатын қою.
Күн ретін, сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
4. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Проблемалық ой тастау. Тақтамен жұмыс.
Оқушылар, тақтада берілген сөйлемге назар аударыңдар. Бұл сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесінің мағынасын тереңірек ашып тұрған сөздер бар ма? Ол сөздер қай сөздің мағынасын түсіндіріп тұр?
Төреқұл өзінің ежелгі жұртында, Ұзынбұлақтың басында, отыр екен. Жаназаға, Бөжейдің жаназасына, шақырылмаған Зере, Ұлжандар өлердей күйіп, өзгеше шерлі болып қалған еді. Ол – Арқаға аты шыққан, бүкіл Орта жүзді асыл саз, әсем үнімен ұйытқан Біржан сал.
Тұжырым жасау. Мұғалімнің көмегімен оқушыларға тұжырым жасату.
Демек, сөйлемде белгілі бір мүшені заттық мағына жағынан басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөз немесе сөздер тобын айқындауыш мүше деп атаймыз. Айқындауыш мүше мағынасына қарай екіге бөлінеді. Ол үшін кестеге назар аударайық.

Оңашаланған айқындауыш
Қосарлы айқындауыш
Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөздер тобы. Оңашаланған айқындауыш өзінен бұрын тұрған сөздің мағынасын нақтылайды, сондай - ақ өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес, тұлғалас болады.
Мысалы: Омардың үлкен ұлының, Асанның, елге жасаған жақсылығы өте көп. Айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады. Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді.

Мысалы: Әнші Күләш, Біржан сал, Ақан сері, инженер Ахмет, Әмина ханым, Серік мырза, панфиловшы - ұландар.
Оңашаланған айқындауыш сырт тұлғасы жағынан анықтауышқа ұқсас болып келеді. Анықтауыш анықтайтын сөзінің алдында тұрып, оның өзіне тән сын, сапасын білдірсе, айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін тұрып, оның лексикалық мағынасын толықтырып, нақтылайды.
Айқындауыш мүшенің тыныс белгілерін білу үшін кестеге назар аударайық.
№ Ереже Мысалдар
1 Сөйлемде оңашаланған айқындауыштың екі жағынан үтір қойылады. Долы далад, а қатуланған суық жүзді өгей далада, бұлар тағы да ұзақ жортты.
2 Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан немесе өзі анықтайтын мүшесімен екі араға сызықша қойылады. 1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – Қазақ педагогика институты ашылды.
Кейде оңашаланған айқындауыштар тізбегінде үтір болса, онда айқындауыштың екі жағынан сызықша қойылады. Өзі әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де - бірі кәрі, бірі жас бала - қызғана да, тамашалай қараған еді. (М. Ә).
4 Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді. Жер - ана, тұжырым - пікір, әнші - сазгер,
Қолдану. Айқындауыш мүшеге өздерің мысал келтіріп көріңдер.
Айқындауыш мүше орыс тілінде де кездеседі. Оның орыс тіліндегі сипатына назар аударайық.
Уточняющими называют члены предложения, которые уточняют предшествующий член предложения и выполняют одинаковую с ним синтаксическую функцию. Уточняющий член конкретизирует или поясняет вещественное значение, значения места, времени). Например: Мы гуляли довольно долго, до самого вечера. (В этом предложении обособленным членом является уточняющее обстоятельство до самого вечера; оно уточняет стоящее впереди обстоятельство времени долго.) Уточняющие слова на письме выделяются запятыми.
Обособленные уточняющие: слова или несколько слов, которые служат для конкретизации или пояснения значений впередистоящих слов. Иногда перед обособленными уточняющими членами могут находиться слова: особенно, то есть, чаще всего, как будто. Обособленные уточняющие с двух сторон выделяются запятыми. Если присутствуют несколько уточняющих однородных слов, то вместо запятых ставится тире. Обособленный уточняющий член может уточнять значение и обобщающего слова. Тогда после обобщающего слова ставится двоеточие, а после уточняемого члена ставится тире или запятая) Дополнительные уточняющие в основном используются в связке с именем существительным. Где бы ни стояло дополнительное уточняющее (в начале, в конце), с уточняемым словом оно связывается без знака препинания.
Түсінгенін тексеру кезеңі.
І деңгей. Оқулықпен жұмыс.
77 - жаттығу. (Берілгені бойынша ауызша орындату)
78 - жаттығу. Берілген қосарлы айқындауыштарды қатыстырып, сөйлем құраңдар. Жазған сөйлемдеріңе синтаксистік талдау жасаңдар.
Жеке оқушымен жұмыс.
Таратпа №1
1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? Әрқайсысына мысал келтір.
2. Толықтауыш қандай мүше? Жасалу жолдарын баянда.
3. Қарамен жазылған сөзге морфологиялық талдау жаса.
Бағанадан бері жас жиын қайта - қайта алтыбақанға Керімбаланы мінгізіп, әнін тыңдап тұр еді. (М. Ә).
Таратпа №2
1. Сөйлем мүшелері құрамына қарай неше түрге бөлінеді? Мысал келтір.
2. Пысықтауыш, оның мағыналық түрлері.
3. Қарамен жазылған сөзге морфологиялық талдау жаса.
Екпіндеген бетімен, жолында тұрған Құрмашқа қарамастан, келе Көксеректі бүйір жағынан келіп арс етіп, қауып түсті. (М. Ә).
ІІ деңгей. Мағынаны тану. Семантикалық картамен жұмыс. Қажетті тыныс белгіні қойып, бағанға дұрыс жауапты + таңбасымен белгілеңдер.

Мысалдар

Оңашаланған айқындауыш Қосарлы айқындауыш Үтірмен ажыратылатын айқындауыш Сызықша қойылатын
айқындауыш Дефис
қойылатын айқындауыш Обособленные уточняющие
Бірақ біздер жиырмасыншы ғасырдың азаматтары, көп ретте асылымызды байқамай өтер едік... (О. Бөкей) +
Әйелді аттандырған бойы түрегеп тұрған Жалпақ балуан гүрс етіп құлап түсті. (Ғ. М.) +
Ауыл әлі жайлауда мына Ұзынбұлақтың басындағы Шұрықта отырған кезіміз. +
Біраздан кейін үйге Мақсұттың тағы бір - екі жолдасы – Жұмағұл мен Ақтай – кірді. (М. Ә). +
Жер Шіркін, Жер Ананың қадірін кім біледі? +
Слова или несколько слов, которые служат для конкретизации или пояснения значений впередистоящих слов. +

ІІІ деңгей. а) Берілген сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесінің мағынасын айқындауыш мүше арқылы толықтырып, тыныс белгісін қойып жазыңдар. Сөйлем мүшесіне талдаңдар.
Біз (, ауыл балалары,) қыс болса ол кісінің отынын жарып беруге, жаз болса бұзауын айдап келуге таласып жүреміз. (Ғ. М.) Абай бұл сырдың шет жағасын досына
(, Ерболға ғана,) сездірді. Құнанбайдың қасындағылар – (Байсал, Қаратай, Сүйіндіктер) - осы сөзге тоқтасты. Мағаш пен Кәкітай бұл күндерде орысша кітаптарды (, әсіресе жеңіл тілмен жазылған романдарды) көп оқитын. (М. Ә.)
Сөйлемді айқындауыш мүшесімен бірге қазақшаға аударып жазыңдар.
ә) В первых числах июня, в праздник, Даша стала рано. (А. Н. Толстой). Он всеми силами души всегда желал одного - быть вполне хорошим. (Л. Толстой). Поезд мчал его на юг, к морю, увозя от сырой, дождливой осени. (Н. Островский).
5. Білімді бекіту.
IV деңгей. Тест жұмысы.
1. Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөзді қандай мүше дейміз?
А) Айқындауыш мүше Д) Қосарлы айқындауыш
В) Оңашаланған айқындауыш Е) Жалпылауыш мүше
С) Бірыңғай мүше
2. Айқындауыштың неше түрі бар?
А) 3 В) 2 С) 4 Д) 5 Е) 6
3. Оңашаланған айқындауыш қандай сөйлем мүшесін айқындап тұр?
Сіз маған өз халқыңызды, қазақ халқын, сүюді үйреттіңіз.
А) Бастауыш В) Анықтауыш С) Толықтауыш Д) Баяндауыш Е) Пысықтауыш
4. Қайсысының арасына дефис қойылады?
А) Ақан сері В) әнші Әлия С) пәтер мұражай Д) Нүркен мұғалім Е) Әлкен ақсақал
5. Айқындауыш мүшенің белгісіне жатпайтынын табыңыз.
А) Бір сөзді заттық мағына жағынан айқындайды.
В) Айқындауыш мүшенің екі жағынан үтір қойылады.
С) Айқындауыш мүше сөйлемде сызықшамен ажыратылады.
Д) Сөйлем мүшелерін айқындайды.
Е) Сөйлем мүшесі бола алмайды.
6. Тыныс белгісі қате қойылған сөйлемді табыңыз.
А) Бізге, жастарға үлкендер зор сенім артады.
В) Төменде, таудың етегінде, сылдырап бұлақ ағып жатыр.
С) Ұстазым ертең, ұстаздар күніне, газет шығаруды тапсырды.
Д) Әкем кешке Ахмет ұстаға жолығуға кетті.
Е) Жанат достарына – Манат, Сәуле, Болатқа – хабарласуды жөн көрді.
6. Білімді бағалау.
Оқушыны психологиялық тұрғыдан бағалау.
№ Оқушының аты - жөні
Ой өркендету
Қиялын дамыту
Есте сақтау қабілеті
7. Үй тапсырмасы.
79 - жаттығу. (нұсқау беру).
Рефлексия.
- Оқушылар, бүгінгі сабақ өздеріңе ұнады ма?
- Бүгінгі сабақта алған әсерлеріңді алдарыңдағы көңіл күйді білдіретін суреттермен (смайликтермен) көрсетіңдер.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Қаратпа сөздерге қойылатын тыныс белгілерін қайталау» (9 сынып)

«Қаратпа сөздерге қойылатын тыныс белгілерін қайталау» (9 сынып)

1. Білімділік: Қаратпа сөз және оның тыныс белгілері туралы алған білімдерін қайталау, сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер екенін ұғындыру, саналы...
Бірыңғай мүшелер

Бірыңғай мүшелер

Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелер Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бірыңғай мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау, тиянақтау....
қазақ тілінен 9 сыныпқа арналған тест нұсқалары

қазақ тілінен 9 сыныпқа арналған тест нұсқалары

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы №2 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шәріп Қарлығаш Әлімхатқызы...
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте.

Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте.

СҚО, М. Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, №4 Булаев орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ысқақова Д.Ш....
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер. Нүкте

Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер. Нүкте

СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданы, №4 Булаев орта мектебі ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Искакова Дамежан Шаймұранқыы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×