Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен сабақ беретін мұғалімдер олимпиадасын өткізу туралы үлгі

Қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен сабақ беретін мұғалімдер олимпиадасын өткізу туралы үлгі.
Мақсаты: қазақ тілі пән мұғалімдерінің ғылыми - әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
Міндеттері:- шығармашылық белсенділікті ынталандыру, кәсіби шеберлік деңгейді арттыруға уәж жасау, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді қолдау мен мадақтау; педагог кәсібінің беделін арттыру; ғылыми білімді насихаттау.

Сахна бүгінгі өтілетін шараға сай безендірілген. Ұстаз туралы ұлағатты ой, қанатты сөздер жазылған түрлі - түсті қағаздар мен шарлар ілінген.
(Ең бірінші олимпиаданы шәкірттердің әдемі сазды әнімен ашамыз)
Жүргізуші: Қазіргі кезде біздің, яғни ұстаздардың мектептегі басты міндеті - заман талабына сай жан - жақты дамыған, туған жерін, Отанын сүйетін ұлтжанды, саналы, ғылым мен білім негізін бойына дарытқан азамат етіп тәрбиелеу, мектептен шыққан шәкіртті өмірге даярланған тұлға етіп шығару. Сол себептен мұғалімдерді шығармашылық белсенділікке ынталандыру, кәсіби шеберлік деңгейді арттыруға уәж жасау, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді қолдау мен мадақтау; педагог кәсібінің беделін арттыру; ғылыми білімді насихаттау мақсатында қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен дәріс беретін мұғалімдер арасында олимпиада өткізіліп отыр.
Ұстаздықты арман еткен жүректер,
Ұрпақ үшін еңбек етер тіректер.
Мектеп атты білім орда ұядан,
Келді міне ортамызға кілең алтын жүректер - деп ортамызға бірнеше қалалар мен облысымыздың әр аудандарынан келген олимпиадаға қатысушы ұстаздарымызды шақырамыз.
(ортаға олимпиадаға қатысушы ұстаздар шығады, әр мұғалімді әдемі өлең жолдарымен шақырамын. Мұғалімдерді бір бала демеп, қолдарынан ұстап сахнаға шығуларына көмек береді ).
1. Көздерінен жігер оты лаулайтын,
Білімімен шәкірттерді баулайтын.
2. Биік қойған парасат пен тәлімді,
Мәртебелі ұстаздықты таңдады.
3. Білім бердің, аяладың жасынан,
Шәкірттерін сипайтұғын басынан.
4. Биік сенің ұстаздық қасиетің,
Мінезің жоқ қиынға бас иетін.
5. Тілдестіріп шәкіртін даналықпен,
Жаны жақын ізгілік, жаңалықпен.
6. Шәкіртпенен мәңгі жайнап бір күлсін,
Ұстаз мәңгі біреу емес, мың гүлсің.
7. Мәнге толы ұстазымның ғұмыры,
Сан шәкірттің ашылып тұр тұғыры.
8. Тәуелсіз мемлекеттің мұғалімі,
Өзіңменен бала өмірі басталады.
9. Ақыл - шырақ, қара түнді ашатын,
Білім жарық, оқушыға шашатын.
10. Сөйлесіп шәкіртімен тіл қатады,
Шешіліп кейде достай сырласады.
11. Ұстаздарым жұрт аузына қараған,
Білім нәрі өздеріңнен тараған.
12. Өздеріңнен алған білім бар адам,
Туған елдің құрметіне жараған.
13. Тәрбиелі сөз сөйлейтін санадан,
Еңбекқорсың бал жинаған арадан.(осы өлең жолдары арқылы олимпиадаға қатысушы мұғалімдер ортаға шығады)
Құрметті ұстаздар білімділер олимпиадасына қош келдіңіздер, бәріңізге сәттілік тілеуге құттықтау сөз беріледі. ( ұйымдастырып отырған мекеме басшысы мен олимпиадаға тікелей қатысты әдіскерге құттықтау сөз кезегі беріледі)
Жүргізуші: Бүгінгі күн жүйріктерден жүйріктер таңдау үшін, өздерінің әділ бағаларын қоюға келген әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
(олимпиада әділқазылары бес адамнан құралады)
(олимпиадаға қатысушылар құттықтау сөзден кейін өз орындарына жайғасады.)
Осы сәтте: «Әннің де естісі бар, есері бар
Тыңдаушының құлатын тесері бар»- деп ұлы Абай данамыз жырлағандай әдемі әніміз сіздерге арналады құрметті ұстаздар!(ән орындалады)
Жүргізуші: Олимпиада ережесімен таныстырып өтейін.
1. Тестілеу жұмысы. Білім заңы, педагогика мен психология, қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен әр пәннен 10 сұрақтан барлығы 40 сұрақ. Уақыты: 60 минут.
2. Берілген тақырыптар бойынша эссе жазасыздар. Онда әр тақырып билет бойынша алынады. Бұл тақырыптар бойынша сабақта өз тәжірибеңізде қалай қолданып жүрсіз? 15 - 20 минут беріледі.
3. Өз әдістемелік тақырыптарыңызды 10 минут ішінде қорғайсыздар. Бұнда әр мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, тақырыбын дұрыс аша білуі, сөйлеу мәнері есепке алынады.
«Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ісі мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.»Ендеше, ой қимыл әрекетін бір арнаға жұмылдырып тоғыстыра білетін мұғалімдерімізді тестілеу кезеңіне шығарып салайық.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Дүниедегі қызығыңның бәрі өлеңмен,...- деп Абай атамыз жырлағандай келесі кезекті әнге берейік.
(Осы сәтте залда қалған жанкүйер болып келген мұғалімдерге арнап концерттік бағдарлама болады)
Жүргізуші: Мұғалім мектепте тек білім ғана беріп қоймай оқушыларды әдемі сөйлеуге, қатесіз жазуға, өзінен үлгі алуға үйретеді. Бүгінгі олимпиадаға қатысып отырған мұғалімдеріміздің тіл байлығы мен сабақ берудегі үндестігін байқау кезегі келді. Қазір ұстаздарымыз эссе жазуға кіріседі. Берілетін уақыт 15 - 20 минут.(уақыт аяқталғасын эссе жұмыстары жиналып алынады)
Ұстаз мейірі - Ана мейірі барабар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Көп жасаңдар өмірге шуақ болып,
Айналайын білім берген ұстаздар! (Бүгінгі осы жерде отырған барлық кісілер М. Омаровтың «Ана» туралы әнін орындайды.)
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға»- деп ұлы Абай атамыз айтқандай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу әр мұғалім үшін өте қажетті міндет. Келесі тапсырмамыз сіздер өз әдістемелік тақырыптарыңызды 10 минут ішінде қорғайсыздар. Бұнда әр мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, тақырыбын дұрыс аша білуі, сөйлеу мәнері есепке алынады. Ендеше іске сәт!
Құрметті әділқазылар алқасы сіздерді бүгінгі олимпиаданың жеңімпаз мұғалімдерін анықтау үшін шығарып салуға рұқсат етіңіздер.
(әділқазылар алқасын шығарып салған соң ортаға бірнеше оқушы шығады, мына өлең жолдарын оқиды)

1 - оқушы: Ақыл, сана, сабыр, талас - тартысу
Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.
2 - оқушы: Бос уақыты ойдан басқа ойы жоқ,
Бос уақыты әрбір түннің жартысы.
3 - оқушы: Махаббаты: бала және отаны.
Сүйікті ісі: қағаз - кітап қопару.
4 - оқушы: Демалысы: шәкірттерге хат жазу.
Ал, кәсібі: от беру мен от алу.
5 - оқушы: Қашан көрсең күліп бара жатқаны
Күлетіні: бақыттылық нышаны.
6 - оқушы: Байлықтары: шәкірттердің хаттары,
Бұл халықтың мектеп мекен - тұрағы.
Барлығы: Мектеп десе жан дүние құрамы
Үсті - үстіне қатты соққан жүрек пен
Өзін - өзі ұмытудан тұрады.
(осы оқушылар «Ұстазыма» әнін хормен орындайды)
Әділқазылар алқасы бүгінгі олимпиаданың жеңімпаздарын мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтармен марапаттайды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұстазым менің ұстазым!

Ұстазым менің ұстазым!

Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін балалардың бойына дамыту, әрі...
Мұғалімдер арасында

Мұғалімдер арасында "Екі жұлдыз" мұғалімдер күніне орай

Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...
Ұстаз – мектептің жүрегі

Ұстаз – мектептің жүрегі

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы тәрбие ісінің меңгерушісі және тарих пәнінің мұғалімі Ақтаева Бақыт Абайқызы Тақырыбы: «Ұстаз...
Ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі

Ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылы Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна ...

"Қарттарым, аман-сау жүрші"

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 1 орта мектеп тәлімгері: Мунайтбасова Жулдыз Темирхановна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×