Сайтқа кіру Тіркелу

Мақсат және себеп-салдар үстеулері

Сабақтың тақырыбы: Мақсат және себеп - салдар үстеулері.
Сабақтың мақсаты: білімділік – үстеулердің мағыналық түрлері туралы мағлұмат беру,, Орхон - Енисей ескерткіші үстеулердің мағыналық түріндегі ерекшелікпен таныстыру; дамытушылық – сауатты жазу дағдысын арттыру, есте сақтау қабілетін, жүйелі ойлай білуін, тіл байлығын дамыту, үстеулерді сатылай - кешенді талдай білуге үйрету; тәрбиелік – білімділікке, өзара сыйласстыққа, ел тарихына үңіле білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Блум жүйесі.
Көрнекіліктер: сызба - кесте, үлестірмелі қағаздар, бағалау жетондары, слайд, білім тексеруге арналған техникалық дыбыстық құрал.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мөлшер үстеуі мен күшейткіш үстеуі. 286 - жаттығу.
Теориялық сұрақтарға жауап алу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Білім. Мақсат және себеп - салдар үстеуі.
Түсіну. Жаттығу жұмысы.
Қолдану 287 - жаттығу, үлестірме қағаздармен жұмыс.
Талдау Мақал - мәтелдер, жұмбақтар арқылы «Кім жүйрік?» ойыны. С. К. Т
Жинақтау
Терме диктант. Үстеулерді теріп жазып, мағыналық түрлерін ажырату.
Баға / сын / Бүгінгі сабақтан не ұқтым?

Жаңа сабақ сызба - кесте арқылы түсіндіріледі.
Көне түркі ескерткіштеріндегі үстеулердің мағыналық жағынан 3 түрі берілген:
1. Мақсат үстеуі – арқада (кейінде).
2. Мезгіл үстеуі – күн түз (күндіз).
3. Амал үстеуі – ебру (кері).
Түсіну. 287 - жаттығу.
Үстеулерді тауып, өзі тіркескен сөзбен бірге жазу, сұрақ қою арқылы себеп - салдар және мақсат үстеулерін ажырату.
Қолдану. 287 - жаттығу.
Әдейі, жорта, амалсыздан, босқа, бекерге үстеулерін қатыстырып, сөйлем құрастыру.

Үлестірме қағаздармен жұмыс.
1.
Құрылысына қарай
Мысалдар Негізгі үстеу Туынды үстеу Күрделі үстеу
Кешке
Биыл
Бұлбұлша
Босқа
Жаздыгүні
Емін - еркін
Әрең
Әдейі

2. Үстеулерді сәйкестендір.

Әдейі
Жорта
Лажсыздан
Шалқасынан
Құр босқа
Қасақана
айтты
келіспеді
қайтты
көнді
жасады
құлады

Семантикалық карта.
Үстеулер мезгіл Мекен Мөлшер Сын - қимыл Себеп Мақсат Күшейткіш

Кім жүйрік? ойыны. І топ.

1....... төрт аяқты
...... екі аяқты
...... үш аяқты.
(сәби, жастық, кәрілік)
2...... бәрі қашады
..... аспанды басады.
(жұлдыз)

3. Синонимдерін үстеумен жаз.
Кірпік қаққанша – (тез, лезде, шапшаң)
Тайға таңба басқандай – (дәл, анық) ІІ қатар.

1. Еріншекке (қашанғыдан? Қашанғы?) оңай?
2. (Қашан?) тұрған жігіттің ырысы артық?
3. Синонимдерін жаз.
Құр, босқа, бекерге.
Әдейі, жорта, қасақана.

ІІІ қатар.
1......... шілде болғанда
Көгарай, шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда.

2.... Құмарланып шаттанба
Ойнап,...... күлуге.

3. Үстеумен ауыстыр.
Осы жыл – биыл.
Жерге арқасын бере жығылу – шалқасынан.
Ертеңнен арғы күн – арғыкүні.

Талдауға: босқа, қасақана, биыл, шалқасынан.
Мысалы: босқа – үстеу, туынды. Неге? Себеп - салдар үстеуі.

Ұйқас дайын болса, біз дайын.
............. өткізіп уақытты.
Сабақтан....... қаласың
Аяғынан Жақыптың,
.......... шаласың
.......... тіпті тынымсыз
......... қандай боласың?
Мұның бәрін тастасаң
.......... бала боласың.

Баға - сын. Не ұқтым?
Үйге тапсырма: 289 – жаттығу І - ІІ топқа
290 – жаттығу ІІІ топқа үстеудің мағыналық түрлеріне
сөзжұмбақ құру.
«Серуенде» мәтін құрастыру.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×