Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін жақсартудың жолдары
Каримова Актоты Олжабаевна
Заман талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы орайда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: “Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс” деген болатын. Бірнеше жылдар көлемінде білім саласында жүргізіліп жүрген бірыңғай ұлттық тестілеу өткізудің бітіруші түлектер үшін маңызы зор. 11 жыл бойы берілген білімнің нақты көрсетілетін нәтижесі де осы - ҰБТ. Әрбір пән мұғалімінің ең түйінді мәселесінің бірі - ҰБТ нәтижесін жақсарту мен көтерудің жолы. Менің де басқа әріптестерім сияқты басты түйінді мәселем осы. ҰБТ нәтижесін жақсарту мақсатында өзімнің іс - тәжірибемді бөліскім келеді. ҰБТ тапсыратын сыныптарға өзім жылдық жоспар жасаймын. Жылдық жоспар оқушыларға төменгі сыныпта берілген материалдар негізінде жасалады. Әртүрлі тақырыптарға арналған тест жұмыстары жинақталады. Тақырыптық жаттығу жұмысы дайындалады. ҰБТ - ға дайындықты үш кезеңге бөліп жүргіземін.
Кезеңдерге бөліп дайындық жүргізудің мақсаты:
- тіл білімі салаларынан берілетін білімді тереңдету;
- оқушылардың мүмкіндігін анықтай отырып, оларға көмек көрсету;
- әр оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, білімін толықтыру;
- тақырыптарды толық меңгертіп, білім сапасын арттыру.
Енді әр кезең бойынша атқарылатын жұмыс бойынша тоқталып өтейін.
1 кезең. Теориялық бөлім
2 кезең. Практикалық бөлім (Мұнда тақырыптық жаттығу жұмыстарымен жұмыс жүргізіледі)
3 кезең. Қорытынды бөлім. Өтілген тақырыптарға арналған сынақ тест жұмысы.
Үш кезең бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері мынадай.
1 кезең. Теориялық бөлім.
Бұл кезеңнің мақсаты: оқушыларға тақырыптың ережесін меңгертіп, мысалдармен түсіндіру.
Осы кезеңде сабақ көрнекілік, оқыту әдістерінің бірнеше түрлері, тірек кестелер арқылы түсіндіріледі. Сонымен бірге осы жұмыстар арқылы оқушының зейіні мен ынтасы артып, білімді игеруге қызығушылығы артады.
Оқушының іс - әрекеті: ережелерді мұқият жаттап, мысалдарды есінде сақтау.
Күтілетін нәтиже: тақырып негізінде тиянақты білім қалыптасады.
2 кезең. Практикалық бөлім.
Бұл кезеңнің мақсаты: оқушылардың тақырыпты мүмкіндігінше қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтау. Осы кезеңде әртүрлі жаттығу жұмыстары, тақырыптық жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Оқушылардың танымдық қызметі мен ойлау қабілеті, ізденушілік қабілеттері арта түседі.
Оқушылармен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік туады. Бұл кезеңде уақыт шектеледі.
Оқушының іс - әрекеті: жаттығу жұмыстары тақта негізінде жүзеге асады. Тақырыптық жаттығу жұмыстары дәптерге орындалады.
Күтілетін нәтиже: алған білім тұрақтанып, нақтыланады.
3 кезең. Қорытынды бөлім. Сынақ тест алу.
Мақсаты: Берілген білімді іс - тәжірибеде сынап байқау.
Осы кезеңде 25 сұрақтан тұратын, А, В, С, Д, Е - жауабынан тұратын тест дайындалады. Тест тақырыпқа сай болғаны жөн.
Оқушы алған білімін осы кезеңде іс жүзінде көрсетіп, дәлелдейді.
Оқушының іс - әрекеті: сұрақтарды мұқият оқи отырып, берілген жауаптардың дұрысын белгілейді.
Осы үш кезең бойынша оқушы өз міндетін орындаған соң, мұғалім оқушының біліміне талдау жасайды.
Күтілетін нәтиже: оқушы білімінің деңгейі анықталады.
Бұл дайындық жүйесінің тиімділігі - оқушының білімі, қабылдау қабілеті мен есте сақтау қабілеті анықталады. Оқушы жүйелі түрде тіл білімі салаларын меңгереді. Оқушының алға қарай жоғары деңгейге көтеріліп сынақ тестілеуде жақсы нәтиже көрсетуіне септігін тигізеді.
ҰБТ - ға дайындауда әр мұғалім өзінше бір дайындау тәсілдерін жүзеге асырып отырса, кез келген пәннің білім сапасы артатынына сенемін.
Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін жақсартудың жолдары
- elmira.rakhimova
- 8 қыркүйек 2013
- 10449
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін жақсартудың жолдары
Ұқсас жаңалықтар:
ҰБТ - білім бәйгесі
Дайындаған: Тана мырза орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі: Отарбаева Айман Тұрсынқызы...Тестер география сабағында бақылау құралы ретінде
География пәні ең қызықты, оқушылардың белсенділігін, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндігі жоғары пән. Дегенмен әрбір сыныптың танымдық...Дауыссыз дыбыстар түрлері
БҚО, Теректі ауданы Жақаева Асемгүл Есқабылқызы...Ілмек бізбен бұйымдар тоқу технологиясы
Қызылорда қаласы, №173 Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебінің технология пән мұғалімі: Абдрахманова Айгүл Абсадыққызы...Білім жүйесін бағалау: Бағалау жүйесіндегі кейбір мәселелер
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.