Сабақтың мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі, шығармалары туралы түсінік беру. Өлеңнің реалистік сипаты, сюжетке құрылуы. Патшадан шен таққан ел билеуші бай арқылы халық үстінен байыған дүниеқоңыз, шенқұмар жандарды өлтіре сынаудағы өлеңнің әлеуметтік өткірлігі. Өлең арқылы ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушы шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» 9 - 11 сыныптар (жалпы курс), электрондық оқулық. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шығармалар, 2 томдық, 1 том. Алматы. «Жазушы», 1967
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс, ой қозғау, топтастыру стратегиясы
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастырушылық
II. Жаңа тақырып: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға» өлеңі
Ой қозғау стратегиясы
Сұлтанмахмұт Торайғыров кім, қандай өлеңдерін төменгі сыныпта оқыдық? (оқушы жауабы тыңдалды)
1. Ақын өмірімен таныстыру. (электронды оқулықтан) Қазақ әдебиеті 9 - 11 сыныптар (жалпы курс)
2. Ақын шығармаларын тірек - сызба арқылы айтып шығу.
Романдары: «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» (өлеңмен жазылған)
Өлеңдері: «Оқып жүрген жастарға», «Оқуда мақсат не?», «Шағымын тірі болсам, адам болып», «Ендігі бет алыс», «Мен қазақ», «Анау - мынау»,«Бір адамға», «Шәкірт ойы»,«Туған еліме».
Әңгімесі: "Ауырмай есімнен жаңылғаным"
Поэмалары: «Кедей», «Адасқан өмір», «Айтыс» (аяқталмаған),«Қайғы»
Мақалалары: «Өлең және айтушылары», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Әлиханның Семейге келуі»
1. «Бір адамға» өлеңін мәнерлеп оқимын. (Интерактивті тақтада өлең мәтіні тұрады)
2. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға мәнерлеп оқытамын (3 - 4 оқушы)
3. Өлеңнің мазмұнына тоқталу.
. өлең қандай адамға, кімге арналған деп ойлайсыңдар?
• өлең мәтіндегі мысқыл, кекесін мағынада қолданылған жолдардан нені байқадыңдар?
Ақынның «Күнделік дәптерінен» (Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шығармалар, 2 томдық, 1 том. Алматы. «Жазушы», 1967ж 111 - бет)
1914 жылы 7 жолдаспен Шорман ауылына өзімді қазақшылық айнасына көру үшін бардым. Жолдағы елде менің көлеңкемді сыртымнан естіп, бадырайтып көрсетпеген ел жоқ. Іздеп барған Садуақас барған жерден мені түссіз буа сөйледі. Мен ауыл оныкі һәм үміт болған таза жауап қайырмай, ұтқызыңқырап отырдым. Жанаспайтын ауыл екен деп елдегі жайшылық қалпымды бұзбадым. Бәлкім, онан көрі ілтипатсыз отырдым. Білдім: ол ішінен менің бұл мінездерімнің жалғызын жақтырған жоқ. Бояма қалпы жылтырады. Жүрерде осы бойымша аттансам қалпе деп һәм бояма алданбағанымызды білдірейін деп: Шоң, Шорман едік,
Бір - бірімізге қорған едік.
Шоңның, Торайғырдың көк жапырақтары
Бұтағына келіп қонған едік.
Онымызға қарай сіз де:
«Кім келіп, кім кетпеген ауыл едік»
Деп, бауырлығыңды білдірмей,
Арқаңның жауырлығың білдіргің.
Шоң, Шорменға бастамасаң да.
Ілтипатыңнвн тастамағаныңа рахмет -
«хош»,- деп, қолын ұстап амандасып жүре бердім. Былай шыққан соң жолдастарым: «Құрметтеді» деп мақтасып сөйлескенде, менің жаным ауру, жайым жайсыз еді.
Мұнан былай:
Малға басым имеске,
Рия тоным кимеске.
Кісі құрметін сүймеске,
Өз ісіме тимеске,
Кісі тіліне ермеске,
«Қазақшылыққа» енбеске,
Аштан өлсем адамға,
Намысымды бермеске,
Май тамызса тілінен
Еш адамға сенбеске,
Өз ақылымнан басқаға … көнбеске.
Кәміл уағда етілді!- дедім
Қосымша: Жастарды оқуға, мәдениетке бастайтын «Шоң серіктігі» деген мәдени - ағарту ұйымын құрмақ болып, аталас туысы Шорман баласы Садуақастан көмек сұрауы халқына қызмет көрсету жолындағы үлкен қоғамдық бастама еді. Ойлағаны болмай, Шорман тұқымдарына көңілі қалған ақын елдегі мықтылардан қайыр болмайтынына көзі жетеді. Шорманның Садуақасына арналған «Бір адамға» өлеңі осылайша шығарылады.
5. Ирония
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1914 жылы ел аралап жүріп, Павлодар маңының атақты шонжары Шорман аулына түседі. Байлығына мастанған Шормен ұрпақтары ата тегінің патша өкіметінен алған шен - шекпендерін, халықтың көзі жасымен жиналған қазына - мүлкін көрсетіп, мақтаныш білдіреді. Мұны жақтырмаған ақын осыған байланысты «Бір адамға» өлеңін шығарады. Бай үйінің асыл жиһаздарын көрген ақын:
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған - ау, баққан халқын!»
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?
а) Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар…
ә) Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбвт емес, кемге алыпты.
б) Ойладым: «Оңдырған - ау, баққан халқын!»
в) Қай момынның малы бар бұл аяқта?»
г) Кесені қолыма алып қарай бердім:
ғ) «Ішінде нақақ көзден жас бар ма?» деп,-
деген жолдардың астарлы мағынасын ашыңдар. Бұл сөздер, бір қарағанда, мақтау сияқты көрінгенімен, олардың астарында зілді кекесін жатқанын байқау қиын емес. Келесі шумақтың мазмұны да осылайша астарлы келекеге негізделген. Міне, осы сияқты сөздерді қарама - қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдануды ирония дейміз.
Сатира (оқулықпен жұмыс)
Сұлтанмахмұт «Бір адамға» өлеңінде ел ішінде байлығына мақсаттанған бір адамның басқаларға істеген қиянатын, озбырлығы мен жиіркенішті қылықтарын батыл әшкере етеді. Өлең ащы мысқыл, зілді кекесін түрінде берілді. Көркем шығармада өмірдің бір жағымсыз жақтары мен құбылысын осылайша күлкі ете, мысқылдай суреттеуді сатира деп атайды.
6. Өлеңді жолдау арқылы ақынның өзекті ойын ашу. (өлең мәтіненде қолданылған әрбір жолдарына мән беру, оқушыға талдату)
– Шал байлығын қалай таныстырды, қандай сезімін байқадыңдар?
– «Қай момынның малы бар бұл аяқта?»,..
Кесені қолыма алып қарай бердім:
«Ішінде нақақ көзден жас бар ма?»- деп деген жолдарында не ұқтық. нені байқауға болады?
7. Өлеңнің құрылысына талдату (тақтамен жұмыс),
Бір үйде // жиюлы екен // қазына мал.
Көрсетті // бәрін бізге // ақсақал шал:
«Бұрынғы // атамызға // сыйға берген,
Біздерде // мынадай бар, // мынадай бар?…»
(оқушылар интерактивті тақта арқылы орындайды)
6 шумақ, 4 тармақ, 11 буын, 3 бунақты, қара өлең ұйқасы.
ІІ. Ахмет Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңі және Абай Құнанбаевтың «Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай» өлеңдерін еске түсіру арқылы салыстыру (интерактивті тақтамен жұмыс)
1. Тарих деректерге сүйенсек….,
2. Ол - Шормановтардың тарихта кім болғандығы туралы. «Баянауыл мен Павлодар уездерінің шаруалары қоғамдық жерлерді арсыздықпен алған ірі байлар мен помещиктерге қарсы ашық күреске шықты,- деп жазады тарихшы Б. Сүлейменов,- олар Шормановтар тәрізді ірі феодалдардың жерлерін конфискелеп, жері жоқтарға бөліп беруді талап етті. Шаруалар Шормановтардың ауылына шабуыл жасап, олардың жылқыларын қуып кеткен кездері де болды. 1906 - 1907 жылдары жиі болып тұрған осындай толқуларды басу үшін патша үкіметі жазалаушы отрядтар жіберіп отырды» (Сүлейменов Б. Қазақстан в первой русский революций Алма - Ата, 1949. 19 - бет)
(Т. Жабағин. С. Торайғыров «Шығармаларын мектеп оқыту методикасы». Алматы. «Рауан» 1991)
V. Кеше, бүгін, ертең… Оқушы пікірін тыңдау.
VI. Сабақты пысықтау:
Қорытынды: «Бір адамға» өлеңі - ақын шығармашылығындағы ең негізгі шығармалардың бірі. Өлеңге бір дәуірдің негізгі шындығы сыйғандығын ақын қарапайым тілмен жеткізе білген. Сол кезеңдегі қазақ даласында шын реалистік өмірдер, нақты өмірлік фактіден алынғандығы.
VII. Үйге тапсырма. С. Торайғыров «Бір адамға» өлеңі. Өлең мәтіні арқылы инсценировка құрап келу.
Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Бір адамға» өлеңі
- Қырмызы
- 15 маусым 2013
- 15227
- 0
- 0
Ілмек сөздер: адам, Сұлтанмахмұт өмірі, шығармалары
Ұқсас жаңалықтар:
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өле ...
Өлеңге арқау болған С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ»өлеңдеріндегі ақын арманы, өмірлік мұраты, оның өз шығармаларында...Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, № 1 Жәутіков атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Омашева Алмагул Тлеубергеновна...Атажұрт (Сыныптан тыс шара)
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Аққұдық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Уразтаева Асет Куандыковна...Туған еліме. Туған жер
Атырау қаласындағы №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Талиғат Садуатқызы Ана тілі. Сабақ тақырыбы: Туған еліме. С. Торайғыров....Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қай жылы, қай жерде туғаны жөнінде әр түрлі пікір айтылып жүр. Бұл айрықша зерттеуді қажет ететін жәйт, сондықтан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.