Сабақтың тақырыбы: Өткен шақ
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға етістік шақтары, өткен шақ етістігі туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен етістіктің шақтарын тауып, оны ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Сауатты көркем жазуға төселдіру, танымдық белсенділігін арттыру. Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Туған елін, оның табиғатын сүюге тәрбиелеу. Ұйымщылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сөйлем (Жаңа сабақ).
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ (саяхат).
Әдіс: топпен, жеке, ұжымдық, шығармашылық жұмыс, сұрақ - жауап.
Көрнекті құралдар: сурет, таблица, кодоскоп, бағалау парағы мен белгілері.
Пәнаралық байланыс: дүние тану.
Өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сынып оқушыларын түгелдеу;
в) сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру;
с) үй тапсырмасын сұрау «ой қозғау» стратегиясы бойынша.
- Қане, балалар, алдымен мына сұраққа жауап беріңіздерші.
- Ғарыш дегеніміз не?
- Аспан әлемі.
Көзімізді жұмып бір сәт ойланайық.
- Аспан дегенде көзімізге не елестейді?
- Ай, бұлт, жұлдыз.
- Дұрыс айтасыңдар! Сол аспан әлемінде жай көзбен қарағанда 3000 - ға тарта жұлдыз көрінеді. Ғалымдардың болжауынша жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асады. Солардың бірі жерге ең жақын жұлдыз - күн.
Күннің төңірегінде жермен қоса 9 ірі аспан дүниесі айналып жүреді.
Оларды қалай атайды?
- Планете деп атайды. Бүгінгі сабағымызды сол 9 планетаға саяхат жасау арқылы өткіземіз.
Әр планетаның тапсырмасын орындай отырып, өз орындарына орналастырамыз да ол туралы қысқаша түсінік бересіздер.
1 - планета. «Ой қозғау» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын тексере отырып бекіту.
а) Етістік дегеніміз не?
ә) Олардың қандай түрлері бар?
б) Осы шақ етістігі қандай сұраққа жауап береді?
Оқушы: Меркурий туралы түсінік береді. Меркурий жер тобына жататын ғаламшардың ең шағыны. Оның диаметрі 4880км. Қашықтықтан алынған суреттері оның айға ұқсас екендігін көрсетті.
2 – планета.
а) Етісіктің жіктелуі дегеніміз не?
ә) Етістіктің шақтары дегеніміз не?
Оқушы: Шолпанның бетін жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиоәдіспен және ғарыштық зерттеумен алынған. Шолпанның массасы жердің, 0, 815 массасына тең, ал оның R=6050 км. тең.
3 - планета.
А) 410 - жаттығуды тексеру.
ә) Кодоскоппен берілген тапсырманы орындау.
Қыс түсті. Қар жауып тұр. Балалар аққала соғып жатыр. Машиналар көшені қардан тазартып жүр.
Оқушы. Жер - күн төңірегіндегі үшінші ретте тұрған ғаламшар. Жердің пішіні, экваторлық радиусы Rо=6378 км. және орташа Rор=6371 км. Жер бетінің29, 2 - ын құрлық, 70, 8 - ын мұхиттар мен теңіздер алып жатыр.
4 - планета. Жаңа сабақ.
1. Күннің жадын жазу және көркем жазумен жұмыс.
Ғ ғ Ғ ғ Ғарыш, ғалам, ғарышкер.
2. Шығармашылық жұмыс. Сөз ұйқасын табу.
1 топ. 2 топ.
|_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ терді. |_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ күлдің.
|_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ берді. |_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ жүрдің.
3 топ.
|_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ оқыдым.
|_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ тоқыдым.
(Етістікті тауып, қай шақта, қай жақта екенін айту)
Оқушы. Марстың беті телескоптармен қарағанда жақсы көрінеді. Оның сызықтық диаметрі 6800 км. массасы 0, 107 жер массасына тең.
5 - планета. Оқулықпен жұмыс.
1. 411 - жаттығу ауызша орындалады.
2. Оқулықтан ережені оқыту.
Оқушы. Юпитер ғаламшары – алып ғаламшар. Оның массасы жер массасынан 318 есе үлкен. Оның экваторлық R=71400 км. Ол жер R - нан 11, 2 есе үлкен. Юпитер жер сияқты батыстан шығысқа қарай айналады.
6 - планета. Тақтамен жұмыс.
(413 - жаттығу. Сөйлем мүшелеріне талдау.)
Аяжан атасының аулына келді.
Жолда оған Ораз кездесті.
Оқушы. Сатурн (қоңырқай ғаламшар). Бұл басқа ғаламшарларға қарағанда юпитерге ұқсас. Оның масасы Жердің масасынан 95 есе артық. Жер радиусынан 9, 5 есе артық. Сатурн энергияны күннен жерге қарағанда 92 есе аз алады.
7 - планета.
1. (Етістіктерді жекеше, көпше түрде бір топ жіктеп жазсын).
412 - жаттығу. 413 - жаттығу. 418 - жттығу
1 - топ. 2 - топ. 3 - топ
Биледі. Келді. Аңсады.
2. Әр топтан бір оқушыдан шығып, 415 - жаттығуды орындайды. (тақтада).
Оқушы. Уран мен Нептун бір - біріне ұқсас. Уранның R=25700 км - ге, массасы 14, 6 жер массасындай.
8 - планета.
1. 417 - жаттығуды орындау.
2. 418 - жаттығу (ауызша өлеңді мәнерлеп оқу).
Оқушы. Нептун R=24300 км. тең. Массасы жердің 17, 2 массасындай. Күн төңірегінде 165 жылда бір айналады.
9 - планета.
1. Сурет боынша әңгіме жазып, етістіктерді табу.
2. Сұраққа жауап.
А) Өткен шақ етістігі дегеніміз не?
ә) Өткен шақ етістігі қандай сұраққа жауап береді?
Б) Осы шақ етістігі дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді?
3. Сабақты бекіту.
Біз не үйрендік?
1. Өткен шақ етістіктерінің бұрын болған іс - қимылды білдіретінін білдік.
2. Етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеп үйрендік.
3. 9 планетеаның орналасуы және олар туралы мағлұмат алдық.
Бізге не ұнады?
1. Сөз ұйқасы бойынша 2 жол өлең шығару.
2. Топпен жұмыс жасау.
3. Сурет бойынша әңгіме құру.
Оқушы. Плутон - күн төңірегінде 248 жылда бір айналып шығады. Оның диаметрі - 2200 км тең.
Күн жүйесі - деген сөзді шығарып қорытындыға келу.
Күн және оны айналып жүретін планеталармен оларды серіктерін Күн жүйесі деп атаймыз.
Бағалау: Әр оқушыны, топты бағалау.
Үйге тапсырма: 416 - жаттығу. Ереже.
Өткен шақ
- Элеонора61
- 20 мам 2013
- 16099
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілі, өткен шақ, етістік
Ұқсас жаңалықтар:
Адамның ғарышты зерттеуі. Ғарыш туралы түсінік
Мақсаты: Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелер туралы түсініктерін қалыптастыру; оқушыларды ғарыш әлемін зерттейтін ғылым – астрономиямен...Санды 1 - ге көбейту, санды 0 - ге көбейту
1 және 0 сандарына көбейтуді үйрету. Көбейтудің және бөлудің дербес жағдайлары туралы білімдерін кеңейту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Логикалық...Жаратылыстанудан тест тапсырмалары
Тақырыпты қайталауға арналған тест тапсырмалары. 5 – сынып Жаратылыстану...Дара және күрделі етістіктер
Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер. Мақсаты: Дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік беру. Етістіктерді тауып оларды ажырата білуге үйрету....Қуат
Ақтөбе облысы, Темір ауданы Бабатай орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қалымова Разия Бекшқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.