Сайтқа кіру Тіркелу

Сөзжасамды қайталау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөзжасам туралы мағлұмат беру, сөзжасамның жасалу жолдарынан алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, өз бетінше сөзжасамның жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыландыру, есте ұстау, ойлану қасиеттерін дамыту
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, жылдамдыққа, тілдік - эстетикалық сезімге тәрбиелеу
Сабақ түрі – Түрлендірілген аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, сын - тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері (семантикалық карта, Инсерт кестесі)
Сабақ көрнекілігі: кеспе қағаздар, слайд, сызбалар, буклет
Пәнаралық байланыс - әдебиет, биология, математика, информатика
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру – Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысуын тексеру
1. МИҒА ШАБУЫЛ сұрақтарға жауап беру
1. Дара және күрделі сөздердің арақатынасы қандай?
2. Жасалу жолына қарай күрделі сөздердің қандай түрлері бар?
3. Біріккен сөздер деген не?
4. Кіріккен сөздер деген не?
5. Қос сөздің қандай түрлері бар?
6. Қысқарған сөздердің емлесін түсіндіріңіз.
7. Тіркесті сөздердің емлесін айтыңыздар.
8. Үндестік заңына бағынбайтын септік жалғауы
9. Жуан, жіңішке буындарға бірдей жалғана беретін және бір ғана дыбыстан тұратын жалғау қай септікі?
10. Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер бола ма?
11. Тәуелдік жалғауының синонимі
2. Схема
3. Септік жалғаулары
АТАУ
Барлығыңа үлгі болар, қарақтар,
Байсалды да, ақылды да Марат бар.

ІЛІК Жеке басым ең алдымен Мараттың
Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.

БАРЫС
Сенбейсің бе, күнделікті парақта:
Талай бестік қойылыпты Маратқа.

ТАБЫС
Батыл емес дей алмайсың Маратты,
Сол үйретті ауылдағы бар атты.

ЖАТЫС
Алғыссыз күн болған емес Маратта,
Жетеді онда ынта, жігер, талап та.

ШЫҒЫС
Қай өнер де табылады Мараттан,
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.

КӨМЕКТЕС
Міне, сондай жақсы бала Маратпен
Дос бола алмай жүргендер де бар, әттең!
(Қ. Мырзалиев)
4. Кім тапқыр. Тиісті орынға септік жалғауларын қойыңыз
(оқулықпен жұмыс)
Бала жүгірді. Асқар... компьютері. Су... сылдыры. Әкесі... қарады. Екі ай... созылды. Сурет... көрді. Інісі... кездестірді. Тау... өседі. Күз... жауады. Анасын... бар. Беті... сүйді. Кірпіш... қалады. Үй... шықты. Былтыр... білемін. Балта... шапты. Сөз... жеңді. Гүлнұр... бірге істеді. Көл... шомылды. Кітап... алды.

5. Кім жылдам? (Өлеңдерден жіктік жалғауын табу)
Мен Арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын.
Сен бұзау терісі шөндіксің,
Мен өгіз терісі талыспын. (Бұқар жырау)
Сен бір жапанға біткен шынарсың,
Қазаң жетіп сынарсың.

Мен бір қалың қара тоғаймын,
Табылуға оңаймын. (Тілекші би)
Ақ басты Алатаудың Жамбылымын,
Өлеңнің ұлы сүре даңғылымын.
Көктемгі қызғалдақтай қызық заман,
Қайта туып жасарған балғынымын. (Жамбыл)

6. ӨЗДІК ЖҰМЫС. Қай сөздер жіктеледі
Заңгер, құжат, заң, зейнетақы, зейнеткер, ғарыш, ғарышкер, үйрек, бүркіт, бүркітші, қой, жылқышы, ар, тілек, тілекші, Арман, Қанат, Сәуле.
7. Семантикалық карта №1 Тиісті сөздерді орнына қою.
Жіктік жалғау Көптік жалғау Септік жалғау Тәуелдік жалғау Жұрнақ
8. Схема
9. Ойланыңыз, ізденіңіз, табыңыз. Сөздердің құрамын, грамматикалық мағыналарын сатылай кешенді талдау
Биыл Құнанбайдың өз ауылдары да, жақын ағайындары да күзеуді елден ерекше ерте алды.
10. Семантикалық карта №2. Тиісті сөздерді орнына қою.
Негізгі түбір Туынды түбір Біріккен сөз Қос сөз Қысқарған сөз Тіркескен сөз
11. Сөзжұмбақ
12. Берілген тапсырмалар бойынша дұрыс, бұрысын табу
13. Тапқыр болсаң тауып көр. Графикалық диктант (күрделі сөздерді тіркестіру)
Графикалық диктантты шешу арқылы оқушыларды тәуелсіз еліміздің болашағы жастар қолында, білімді, жан - жақты оқушыға ғана аңсаған армандарына, білім көгіне жете алатындығын айту.
14. Тест сұрақтарына жауап беру
15. Сәйкестікті тап. Біріккен сөздер бойынша.
16. Үйге тапсырма беру. [6], 109 - 111;
17. Оқушылардың білімін бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×