Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов «Отырар» дастаны немесе «Туады ерлер ел үшін»
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға М. Шахановтың өмірінен мағлұмат беру, «Отырар» дастанын оқыта отырып, шығарманы талқылап, ойларын бөлісе білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың осы сабаққа дейінгі Отырар туралы білімдерін пайдалана отырып, басқа да жаңа мағлұматтар беру, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын еркін жеткізу, ойлау, іздену пайымдау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Көрнекіліктер: слайдтар, кестелер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақ
Олжас Сүлейменов ағамыз айтқандай қазіргі кездегі қоғам алдында, халық алдындағы түпкілікті мәселелерді көтеруге ат салысып, елі үшін, тілі үшін жанын бере күресіп жүрген қайсар да, шыншыл ақын да, саясаткер де болып, өзінің турашылдығымен халық арасында сыйлы қоғам қайраткерлерінің бірі екендігін танытып келе жатқан халық ақыны - М. Шаханов.
Бүгінгі сабағымыз осындай жан – жақты өзіндік қырымен ерекшеленіп жүрген Мұхтар Шахановқа арналмақ. Ендеше ең әуелі ақынның өмірімен танысып өтейік.
М. Шахановқа арналған слайд арқылы ақын өміріне шолу жасау.
М. Шаханов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар өңірінде дүниеге келген. Жастай жетімдік көрсе де, өзінің өжеттігі, қайсарлығының арқасында білім алып, талмай еңбек етіп, ел құрметіне бөленді. ( Әлмира )
Жасынан жетім қалса да, мойымай қажырлық танытып үлкен жетістіктерге жетіп, ел ықыласына бөленіп отыр. Ендеше ақынның ақындық жолына тоқтала кетейік.
Балалар ақынның шығармашылығы бойынша тағы не қоса аласыңдар?
Гүлнұр. Ақынның өлеңдері махаббат, достық, адамгершілік сияқты қасиеттерді жырлаған өлеңдері көп – ақ. Сол өлеңдерінің ішіндегі маған қазіргі замандағы екі беткей, жоғары лауазымды адамдардың алдында өзін көрсеткісі келіп тұратын адамдарды сынай жазған «ТЖ – лар» өлеңі маған ұнады. (Гүлнұр тақпақ).
Ақынның біз білетін ақындардан айырмашылығы өлеңдерінде қазіргі қоғамда кездесетін атаулар көп кездеседі. Мысалы: космос, бизнес, теорема. (Асқар).
Ақын Туған жері, туған тілі, жан байлығы, салт – дәстүр және туған тарихын төрт ана деп атап өлеңіне арқау еткен.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы. (Жайна).
Балалар біз әр жыл сайын 16 желтоқсанда қандай мейрамды атап өтеміз?
Бұл қандай оқиға деп аталады? Ал ақын ағамыз желтоқсан оқиғасында құрбан болғандарды, жазасыз сотталған азаматтар мен қазақ қыздарының ақталуына көп еңбегін сіңірген екен. Ақынның «Желтоқсан алаңы», «Оралу» атты өлеңдері бұған дәлел.
М. Шахановтың «Шыңғыс ханға» арнаған өлеңдері, дастандары да бар. (Әлмира).
Ендеше балалар, Әлмираның сөзінің жалғасы әрі, сол айтқандардың дәлелі ретінде біз бүгін М. Шахановтың «Отырар» дастанымен танысамыз.
«Отырар» дастанынан сахналық қойылым көрсету.
Шыңғыс хан ойланып отырады. Қасына баласы Шағатай келеді.
Шыңғыс хан: Алты ай бойы, кіп – кішкентай Отырарды ала алмауың менің сүйегіме таңба түсірді. Қол астыңдағы 200 мың әскермен Отырардың осал тұсын таба алмауың намысымызға сызат түсіреді. Менің алғырлығым аяқ асты болды.
Шағатай: Әке, бұл өкініш менің де жанымды өртеп барады. Аянып жүргенім жоқ.
Рухы - өр, тәні - бекем
Бұл бір қайсар халық екен,
Тірліктен де артық қойған бірлікті. Шыңғыс хан: - Шалалаусың. Жауыңның мықты екеніне дауым жоқ. Әр мықтының бір осал жері болады. Менің жеңіске жетуімнің құпиясы – айла. Әрбір жауыңның осал жерін табу керек.
Шағатай: Ұқтым әке!
Шыңғыс ханның алдына екі адамды алып келеді.
Шыңғыс хан: Иә, Қайыр хан. Сенің құлағыңды кесіп, тәніңді жеңгенімен, әттең жаныңды жеңе алмапты. Маған қарап күліп тұрсың. Рухың биік, шіркін сендей бес қолбасшым болса, бүкіл дүние жүзін бағындырар едім.
Ал мына бір қу түлкінің қанатыңның астына жасырынғанын білмепсің. Сенің өр ісіңе сыйлығым болсын, осы сатқынның билігін саған қидым.
Қарашоқы: Хан ием, мұныңыз не, өле - өлгенше құлыңыз боп өтейін, мен қол ұшын бермесем, сіз Отырарды жаулап ала алмас едіңіз.
Шыңғыс хан: Оған дау жоқ. Сен болмасаң мен Отырарды жаулап ала алмас едім. Менің қол астымдағы нөкерлерім безбүйрек, табанының астындағы баланы да, таптап өте шығады. Бірақ мені ешқашан сатпайды. Сен бүгін Отаныңа опасыздық жасадың, ертең – ақ мені сатып кетесің.
Қане, қылыш ұстатыңдар, Қайыр ханның қолына.
Қайыр хан: Тоқта, Шыңғыс. Бұл баланың әкесі бір нар текті адам еді. Елге сыйлы, зиялы, адал адам. Мен әкесіне қарап баласын алып едім. Осы баланың әкесін алдыр.
Шыңғыс хан: Алдырыңдар әкесін!
Қайыр хан: Жылан туса жыланнан,
Құлан туса құланнан,
Таңданатын түгі жоқ.
Бірақ жылан қалай туды қыраннан.
Қария: Менің қыран болғанымды,
Заман бүгін өтірікке шығарды.
Бүгін міне, менен сорлы жан бар десең сенбеймін.
Көрінетін бетім бар ма еліме?
Азғындықтың соңы бізбен құрысын.
Сабақ болсын ертеңгі атар күн үшін,
Мына сатқын перзентіме қосақтап,
Өлтіруге міндеттісің мені де!
Қайыр хан: Иә, қоштасар келді күн.
Бір өкініш жанымды жеп тұрғаны. Осы Отырардың даңқын, ерлігін жыр ететін бір тұяқтың қалмауы – ай.
Шыңғыс хан: Өкінішті. Отырардағы еркек кіндікті қырып тастауға бұйрық бердім. Амал нешік.
Қария: қателесесің! Жұма бұрын шеткі елші қақпадан, жүзінен жалын ескен бір баланы құтқардым.
Қайыр хан: - Бәрекелде, бұл еңбегің жарады.
Балалар дастанда қандай кейіпкерлер кездесті?
1. Шыңғысхан туралы, оған қатысты тағы қандай мәліметтер, шығармалар білетіндерін сұрау. Қайыр хан, Отырар туралы білетіндерін сұрау. Отырарға шабуыл жасаудың себебі не? Шыңғыс хан мен Қайыр ханды салыстыру.
Шыңғыс хан: ұлты моңғол, діні – будда, Азияда тұңғыш біртұтас империя құрушы, мемлекет қайраткері, дүниенің тең жартысын билеуші.
Қайыр хан: ұлты – қазақ, діні – ислам, Отырар қаласының билеушісі.
Ортақ қасиеттері: хан, ер азамат, ақылды да, айлакер, соғыс түрлерін жақсы меңгерген, жауынгер, батырлар.
2. Отырардың орнында қазір не орналасқан?
3. Дастанның мазмұнына жақын мақал – мәтелдерін сұрау.
4. Берілген тапсырма бойынша өздеріне ұнаған жерлерінен салған суреттерін көрсетіп, себебін түсіндіреді.
5. Ой толғау. Дастаннан алған әсерім, маған әсер еткен жері деген оймен өздерінің ойларын айтады.
М. Шаханов кім? Оқушыларға топтастыру стратегиясын жүргізу.
Ақын, Отырар, депутат, желтоқсан оқиғасы, редактор,
6. Берілген өлең жолдарының 2, 4 жолдарын толықтыру.
Ақынның өлеңіне арқау болған,
Сөздері ел сенімін алған.
Қашанда туған жұртын мақтан етіп,
Жүрегін туған елге шын арнаған.
Біз Отанның ертеңі,
Шарықтайтын көктегі.
Отан үшін отқа түсіп,
Гүліндей құлпыратын көктемгі.
Мұхтар Шаханов кім? Сипаттама беруімен аяқтау.
Үйге: бір кейіпкерге мінездеме беру. Өлеңді оқи отырып
Мұхтар Шаханов «Отырар» дастаны немесе «Туады ерлер ел үшін»
- Алтынгуль
- 3 мам 2013
- 28381
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ашық сабақ жоспары, мұхтар шаханов
Ұқсас жаңалықтар:
Отырар қаһармандығы немесе жеңiлген жеңiмпаз туралы дастан
– Даңқың қайда төске өрлеген? Екi жүз мың әскерменен Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау, Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау –...Отырар кітапханасы
Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар, Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай. Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар, Өткен заман...Жасасаң қайыр, қарыз
Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа, жарқыным! Қарыз ғып берсең, қажет те емес алтының. Өгіз боп саған, өткерер менің жайым жоқ. Өмірдің қалған тамтығын....Отырар қамалы
Отырарым, бабам сенсің бас иетін, Анам сенсің терең бүккен қасиетін. Сенің даңқың - менің мәңгі мақтанышым, Сенің қайғың - менің керең қасіретім....«Қайсар рухты ақын» Мұхтар Шаханов 73 жаста
Қызылорда қаласы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылы, №147 орта мектеп Джусупова Сымбат...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.