Сайтқа кіру Тіркелу

Шай ішу. Септеулік шылаулар. 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Шай ішу. Септеулік шылаулар. 7 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: лексикалық тақырыппен таныстыру, әңгімелеу, тақырып бойынша оқушылардың лексикалық сөз қорын толықтыру, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қойып қолдануға үйрету, оқулық материалдарынан тыс кең көлемде түсінік беру. Септеулік шылауларды қайталау.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ізденіс жұмысын жасауға үйрету, қазақ тіліне қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Шай ішу адам денсаулығына пайдасын білуге, жұрт алдында сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, шығармашылық ізденіс.
Пайдаланылған құралдар: компьютер, интерактивті тақта, презентация, флипчарт.
1 бөлім. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Кезекшінің мәліметі
3. Күз мезгілін әңгімелеу
Балалар, мен жұмбақ - өлең оқимын, мұқият тыңдап отырып, не туралы екенің айтып беріңдер.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тонады
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады?
Қай мезгіл, кім айтады?

Дұрыс айтасыңдар, рахмет.
Күз. (Күз суретін көрсету).
Сұрақтар - жауап
1. Жыл мезгілдерін атаңдар.
2. Күз айларын айт.?
3. Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Қорытынды кластер
Күз.

2 бөлім Үй жұмысын тексеру
Сұрақ – жауап.
- Кофенің шығу туралы нелер бар?
- Кофенің шығуы туралы көптеген аңыздар бар.
- 17 ғасырдың басында кофені Батысқа кім әкелді?
- 17 ғасырдың басында Венеция көпестері Батысқа көп мөлшерде көфе әкелді.

3. бөлім. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің сөзі:
Балалар, біз бүгін ас туралы тақырыпты жалғастырып, шай туралы әңгіме жүргіземіз. Шай бізге қайдан пайда болғанын білеміз. Шайды дұрыс шығару ережелермен танысамыз. Қазақ тіліндегі жалғауларды, шылау сөздерді қайталаймыз.
1. Жаңа сөздер: сусын – напиток, қою – густой, шығарылу – заваривать, кірден тазартатын заттар – чистящее средство, қайнату – кипятить, құрғақ – сухой, сіңіру – впитывать. (мұғалім оқиды, оқушылар хормен оқиды)
2. Мәтінмен жұмыс. (Мұғалім оқиды, оқушылар оқиды)
Шай.
Шайдың Отаны - Қытай. Ол Еуропаға кофемен бір ғасырда әкелінген. Шай көп елдерде аса сүйікті сусынға айналады. Қою шығарылған шай ағзаға кофе сияқты әсер етеді.
Шаймен бірге қант, конфеттер, лимон, кілегей беріледі. Олардан кейін бутербродтар, кекс, печенье, жемістер береді.
Қонаққа шай беру үшін арнаулы ыдыс керек. Шай құюға бәрінен де фарфор, қышпен бірге күміс ыдыс та жарайды. Ыдысты сода салып, тек қана ыстық таза сумен жуады, химиялық кірден тазартатын заттардың ешқайсысы қолданылмайды. Шай қайнату үшін шәйнекті алдын ала ыстық сумен шайып алу керек. Құрғақ шайға қатты қайнаған ыстық су құяды да, дастарқанға әкелерден бұрын 5 минуттай шығарып қояды. Шайды жабылатын ыдыста сақтау керек, өйткені ло иісті оңай сіңіріп, дәмінен айырылады.
3. Сұрақ – жауап
1. Шайдың Отаны қай ел?
2. Шай нешінші ғасырдан бастап белгілі болған?
3. Шайды немен беруге болады?

Шай ішу деген де көздерінің алдында не елестейді?
Кластер (қорытынды жасу)

4. Сергіту.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан самал еседі
Кіп - кішкене ағаштар
Біп - биік боп өседі
Ағаштар тербеледі (екі қолды созып оңға, солға тербелу)
Қаттырақ тербеледі (екі қолды жоғары созған калпы қаттырақ оңға, солға тербелу)
Кіп - кішкентай ағаштар (аяқтарын бүгіп, төмен отыру)
Үлкен болып өседі (қолды кең жаяды)
Биік болып өседі (қолды биікке (жоғары) көтереді)

5. Сурет бойынша әңгіме құру.
1. Шайды немен ішеді? (Флипчартта сөйлем жазу)
2. Оқулық арқылы
- Суретте кімдер бар?
- Суретте ата, әке, ана отыр.
- Бір сөзбен қалай айтамыз?
- Бір сөзбен айтқанда отбасы деп айтамыз. Отбасы сөзге қандай синонимдер білесіңдер?
- Отбасы сөзіне синонимдер жанұя, семья, шаңырақ.
- Суретте не көріп тұрсыңдар?
- Суретте отбасы шай ішіп отыр?
- Шайды кім құйып отыр?
- Шайды анасы құйып отыр.
- Дастарқан үстінде не жасалып тұр?
- Дастарқан үстінде табанан, бауырсақ, құрт, сүт жасалып тұр.
- Қалай ойлайсыңдар отбасы мүшелерінің көңілдері қандай?
- Отбасы мүшелерінің көңілдері жақсы деп ойлаймын, себебі қазақтардың мақалы бар «Шай ішсек — көңіл жай».

6. Грамматикалық тапсырмалар
1. Қарамен жазылған сөздерді қалай атаймыз?
(Шылау сөздер)

2. Септеулік шылаулары бар сөйлемдерді дұрыс құрастырып, бастауыш пен баяндауыштын астын сызыңдар.
Сөйлемдер:
Шаймен бірге қант, конфеттер, лимон, кілегей беріледі.
Қонаққа шай беру үшін арнаулы ыдыс керек.
Шай құюға бәрінен де фарфор, қышпен бірге күміс ыдыс та жарайды.

7. Қорытынды.
Шайды дұрыс шығару ережелер:
1. Шай қайнататын арнайы ыдыс болуы керек.
2. Шәйнекті алдын ала ыстық сумен шаю керек.
3. Дастарқанға әкелерден бұрын 5 минуттай шығарып қояды.
4. Шайды жабылатын ыдыста сақтау керек.

8. Үй жұмысы.
Өз отбасыларыңдағы шай ішу рәсімі туралы әңгімелеу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×