Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өлең туралы мағлұмат беріп, өлең құрылысы, шумақ, тармақ, бунақ, буын саны жайлы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылар бойындағы қабілеттерін ашып көрсетуге жағдай туғызып, олардың қиялын ұштап, өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушылар бойына Қ. Мырза Әли мен Ф. Оңғарсынова өлеңдерінен мысалдар келтіру арқылы адамгершілік, адалдық, еңбексүйгіштік, туған жерді аялау, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру;
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, бекіту.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, кітаптар, тірек сызбалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Сәлемдесу, түгендеу;
ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Аралап тексеру;
ә) Жалпы сұрақтар қою;
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жоспар:
1. Әдеби жанрлар туралы. 2. Өлең деген не? 3. Өлең құрылысы.
4. Шумақ туралы. 5. Ұйқас түрлері. 6. Тармақ. 7. Бунақ жайында. 8. Буын саны.
І. Әдеби жанрлар поэзия, проза және драма болып үшке бөлінеді. Поэзияға өлең, баллада, поэма, хисса - дастан және рубаилар жатады.
Өлең – белгілі бір тақырыпқа арналған, 10 - 15 шумақтан аспайтын, ырғағы мен ұйқасы бар шағын поэтикалық шығарма.
Жалпы кез - келген шығармада ең алдымен тақырып болады. Шығарманың иесі сан - алуан ойларының ішінен біреуін ғана негізгі ойының қазығы етеді. Сол ой шығарманың тақырыбы болып табылады. Тақырып әр түрлі болады. Мысалы, туған жер, Отан, табиғат, махаббат, т. б. болуы мүмкін.
ІІ. Өлең - көптеген компоненттерден құралатын біртұтас шығарма. Сол көптеген бөлшектердің бірі – шумақ.
Шумақ – кемінде төрт жолдан (кей жағдайда екі немесе алты) құралып, аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіретін өлең бөлшегі. Мысалы:
Қалаул(ы) ақын бола алдым ба,
Қалың қауым күнде тыңдар!
Аңқылдаған ел алдында,
Азаматтық міндетім бар.
(Қ. Мырза Әли. «Парыз»)
ІІІ. Ұйқас – өлең жолдарын біріктіріп, белгілі бір үйлесімде ұстап тұратын өлең бірлігі. Ұйқас болуы үшін өлең кемінде екі жолдан тұруы керек. Мысалы:
Ана тілің – арың бұл, - а
Ұятың боп тұр бетте. - б
Өзге тілдің бәрін біл,- а
Өз тіліңді құрметте! - б
Ұйқас түрлері
Қара өлең ұйқасы Шұбыртпалы ұйқас Кезекті ұйқас
----------------------- а ------------------------ а --------------------- а
----------------------- а ------------------------ а --------------------- б
----------------------- б ------------------------ а --------------------- а
----------------------- а ------------------------ а --------------------- б
Шалыс ұйқас Егіз ұйқас
---------------------- а ----------------------- а
---------------------- б ----------------------- а
---------------------- в ----------------------- б
---------------------- б ----------------------- б
ІҮ. Өлең шумағының тағы бір бөлшегі – тармақ. Тармақ деп өлеңнің әрбір жолын айтады. Тармақ бунаққа, бунақ буынға бөлінеді.
Ү. Бунақ өлеңдегі ырғаққа байланысты болады. Ал ырғақ буын санына тікелей бағынышты болады
. Мысалы,
О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең, - 3 бунақ, 11 буын.
Саған көңіл бұлқынар күш - ағынмен. – 3 бунақ, 11 буын.
Сағ(ы) нышымды қанат қып саған қарай, - 3 бунақ, 11 буын.
Балапандай талпынып ұшамын мен. – 3 бунақ, 11 буын.
(«Туған жер». Ф. Оңғарсынова)
Бұл өлең бір шумақтан, шумақ төрт тармақтан, әр тармақ үш бунақтан, он бір буыннан тұрады. Қара өлең ұйқасымен құрылған.
ҮІ. «Жалғасын тап!» ойыны.
Бұл ойында оқушылар берілген екі тармақ өлеңге өз жандарынан тағы екі тармақ жалғап жазып, автор нұсқасымен салыстыру арқылы ойды аяқтау тәсілдерін меңгереді.
1. Бұл қара жер болған бізге кең мекен,- а
Кең мекенге қанша қауіп төнді екен! - а
--------------------------------------------------, - б
--------------------------------------------------. - а
(Қ. Мырза Әли. «Жер»)
2. Ерке өзендер жатпайды тасып ағып, - а
Таулар да тұр жамылып басына бұлт. - а
--------------------------------------------------, - б
--------------------------------------------------. - а
(Ф. Оңғарсынова. «Күз»)
ҮІІ. «Тармақты толтыр!» ойыны.
Тұрсаң болды, Туған жер, көктеп кілең, - 11 буын
Арманымды....... ерттеп мінем. – 11 буын
Бағышталған өзіңе бір ауыр сөз – - 11 буын
Маған қарап....... оқ деп білем! – 11 буын
(Қ. Мырза Әли. «Туған жер»)
Арғ(ы) мақтары қайд(а) екен бұл даланың, - 11 буын
Бәйг(е) алаңын.......... шыдамадым. – 11 буын
Аңсап келген ауылда сәйгүлікке - 11 буын
Тақым салмай мен....... тұр(а) аламын?! - 11 буын
ҮІІІ. Бекіту.
Тест сұрақтары
1. Әдеби жанрлар нешеге бөлінеді?
А) Екі Б) Үш В) Төрт
2. Поэзия салаларына нелер жатады?
А) Пьеса, әңгіме. Б) Роман, рубаи. В) Өлең, поэма.
3. Өлең неден құралады?
А) Шумақтан. Б) Обзацтан В) Актіден
4. Шумақ кемінде неше тармақтан тұрады?
А) Бес Б) Үш В) Екі
5. Өлең ырғағының біркелкі үйлесімділігі неге байланысты?
А) Сөз тіркесіне Б) Сөз санына В) Буын санына
ІХ. Үйге тапсырма.
Әр ұйқас түрлеріне буын санын сақтай отырып, бір шумақтан өлең шығарып келу. Тақырып таңдауға шек қойылмайды.
Х. Қорытынды. (Түйін)
Өлең – поэзияның бір тармағы. Өлең белгілі бір тақырыпқа арналып шығарылады. Өлең формасы, стилі, көлемі автор қалауына сай әр алуан болады.
Мысалы, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Қадыр Мырза Әли мен Фариза Оңғарсынованың өлеңдері бір - біріне мүлдем ұқсамайды. Өйткені, олардың пәлсафалық көзқарастары, сөз қолданыстары, жазу стильдері, өзіндік қолтаңбалары өзгеше қалыптасқан. Бірақ, қос ақынның ұқсас жері – олардың тақырып таңдау барысында ойларының сабақтастығы. Ал, ой сабақтастығы толығу мен жаңаруға, күшею мен кемелденуге апаратын ең басты алғышарт болып табылады.
Жалпы алғанда, қара өлең - қазақтың киелі қасиеті. Осы киені болашаққа қастерлеп жеткізу – сіз бен біздің еншімізге жазылған қасиетті борыш екендігін ұмытпауымыз керек - ақ.
Өлең құрылысы
- Bolat80
- 18 ақпан 2013
- 78555
- 0
- 0
Ілмек сөздер: шешендік өнер, өлең құрылысы
Ұқсас жаңалықтар:
М. Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Өлең мазмұнын, негізгі идеясын ұғынып, талдау жасайды. Пәнге негізгі сөздер мен тіркестер: «өлең тармағы», «өлең шумағы», «өлең жолдары»...С. Сарғасқаев Шыбық өлеңі
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Өлеңді эмоциясын қатыстырып түсініп, мәнерлеп оқу, өлең құрылысын талдау. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай...Ш.Құдайбердиев «Адамдық борышың»
Тақырыбы, айтар ойы жағынан Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі Абайдың сендер білетін қай өлеңдеріне ұқсайды? («Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай...Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт» өлеңі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп - бала бақшасының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Құлекешова Айнұр Базарбайқызы...А.Құнанбаев "Қыс"
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ұлы ақын Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беріп, оқушылардың білімін көтеру;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.