VI модуль. Белгілі адамдар
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Қаныш Сәтпаев атындағы ғаламшар жалғаулар арқылы
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: жалғаулар
Сабақ реті: 2 - сабақ. Модульде барлығы 6 сабақ бар.
Сыныпқа мінездеме: 10-сыныпта барлығы 5 оқушы бар. Оның екеуі қазақ, 3-еуі орыс баласы. Екі оқушы 5-ке үлгереді, 3 оқушы қанағаттанарлық деңгейде оқиды. Танымдық белсенділіктері жастарына сай, қалыпты деңгейде.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әлемге еңбегімен аты шыққан белгілі адамдар туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру; тұңғыш Лениндік сыйлық алған (1958ж.), қазақта алғаш аспан денелеріне есімі берілген ғұлама және тұңғыш академик атағын алған ғалым – геолог жайында оқушылардың білім қорын толықтыру; синтаксис саласынан білімдерін нақтылау;
Дамытушылық: Оқылым, жазылым, тыңдалым принциптеріне сүйене отыра ауызша сөйлеу, жазбаша сауатты жазу дағдыларын дамыту. Қаныш Сәтпаев жайында тереңірек білуге құштарлықтарын ояту;
Тәрбиелік: Қазақтан шыққан тұңғыштар туралы түсініктерін қалыптастыру. Сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қаныш Сәтпаев портреті, журнал, газет қиындылары, «Қазақ тілі» атты «Шың» баспасынан шыққан оқулық - тест, кесте, кластер, Абай ата мен Фараби суреттері, Қаныш Сәтпаев туралы кітап, ғаламшар, минералдар топтамасы, қызғалдақ гүл мен бозқараған суреті, тағы басқа да суреттер топтамасы, ереже блоктары.
Сабақ түрі: жаңа білімдерін дамыту сабағы.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу.
Ә) Сабаққа дайындықтарын тексеру, түгендеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Өткен сөздерді қайталау: воспитаны в традициях народа, обидеть, обширная, широкая, асыл аға, ученый, пик, глина, раскопки, стоянка.
2. Белгілі адамдар жайындағы білімдерін жинақтау: кесте толтыру - қандай еңбектері бар, белгілі жаңалықтарын еске түсіру.
Әбунасыр Әл – Фараби
Абай Құнанбаев
Қаныш Сәтпаев
3. Шағын тестілеу.
1. Мына сөзді сөз құрамына қарай талдау: ғалымдарымыздың
2. Септік жалғаулы сөзді көрсет:
А) оқушы
Ә) балалар
Б) қыздың
3. Әбунасыр Әл – Фараби қай жерде дүниеге келді?
А) Фараб
Ә) Түркістан
Б) Сығанақ
4. Қ. Сәтпаев кім?
А) Геолог
Ә) ақын
Б) суретші
5. Абай Құнанбаев туралы кім роман - эпопея жазды?
А) С. Сейфуллин
Ә) С. Мұқанов
Б) М. Әуезов
6. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
А) 3
Ә) 4
Б) 5
7. Қандай белгілі адамның атында ғаламшар бар?
А) Ш. Уәлиханов
Ә) Қ. Сәтпаев
Б) Ы. Алтынсарин
4. Жаңа сабақ бойынша жұмыс.
А) Сахналық көрініс: «Қазына»
Қазына кімде? - деп сұрапты Абылай Бұқардан.
Бізден сөз кетті ғой, өзің айта берсейші, - дейді Бұқар жырау.
Мен айтсам, қазына байда, басқа кімде болушы еді? депті Абылай.
Сонда Бұқар: үш рет жұт болса, байда қазына қалмайды. Үш рет жау шапса, ханда қазына қалмайды. Қазына білімдінің басында, - дейді Бұқар жырау.
Ә) Жалғаудың түрлерін қайталау: «Кубизм» стратегиясы.
1. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
2. Көптік жалғауларды атаңдар.
3. Септік жалғауларды атаңдар.
4. Жіктік жалғауларды атаңдар.
5. Тәуелдік жалғауларды атаңдар.
6. «Ғаламшар» - сөзін түрлендір.
5. Тақтамен жұмыс. Ғалым сөзін септеу, тәуелдеу, жіктеу және көптеу.
А. с. ғалым Менің ғалымым Біздің ғалымымыз
І. с. ғалымның Сенің ғалымың Сендердің ғалымдарың
Б. с. ғалымға Сіздің ғалымыңыз Сіздердің ғалымдарыңыз
Т. с. ғалымды Оның ғалымы Олардың ғалымдары
Ж. с. ғалымда
Ш. с. ғалымнан
К. с. ғалыммен
Мен ғалыммын Біз ғалымбыз
Сен ғалымсың Сендер ғалымсыңдар
Сіз ғалымсыз Сіздер ғалымсыздар
Ол ғалым Олар ғалымдар
Ғалым – ғалымдар
6. Қаныш Сәтпаев туралы мәтінді мәнерлеп оқу.
(136, 137, 139 беттерде) Сұрақтарға жауап беру. Кластер құру.
1899 - 1964
Геолог
Академик
Күйші
640 - тан астам еңбектер авторы арабша, парсыша, түрікше оқу
Білген
Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген
Ғалым, Ғылым Акдемиясының тұңғыш академигі
Лениндік сыйлық алған (1958ж.)
7. Сабақты қорыту. Рефлексия.
- Атақты ғалым атымен нелер аталған?
(Көше, мектеп, институт, мұражайлар, ғылым академиясы, минерал тас, ғаламшар, бозқараған, қызғалдақ гүл атары аталған.)
- Балалар, бүгінгі сабақта нені білдік?
- Нені қайталадық?
- Нені жаңадан білдіңдер?
- Сабақ сендерге ұнады ма?
8. Оқушылардың еңбегін бағалау.
9. Үйге тапсырма:
11 - 12, 17 – тапсырмаларды орындау. Тұрақты сөз тіркестерін жазу, жаттау. Қаныш Сәтпаев туралы реферат жазу.
Қаныш Сәтпаев атындағы ғаламшар жалғаулар арқылы
- Айжанна
- 7 ақпан 2013
- 8682
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қаныш Сәтпаев, ғаламшар, жалғаулар арқылы, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Кітап туралы мақал-мәтелдер
Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол. Кітап - алтын қазына....Зат есімнің жіктелуі
Жіктік жалғауларды түсіндіру. Сөздердің жіктелу үлгісімен таныстыра отырып, мысалдар келтіру арқылы жаңа тақырыпты пысықтау. Жіктік жалғауының...Септіктер әлемінде
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Әймен орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті...Тұңғыш ғалымдар
Мақсаты: 1. Тұңғыш ғалымдар жөнінде алған білімдерін толықтыру, өткен тақырып бойынша әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөз байлығын, ережені...Қазақ тілінен 9 сыныпқа арналған бақылау жұмысы
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев қазақ халқының ұлы ағартушысы, халқымыздың тұңғыш ғалымы. Академик Қаныш Имантайұлының өмірі, қызметі, ғылыми еңбектері...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.