Тақырыбы: Сөз - мерген
Мақсаты: Халық ауыз әдебиетінің асыл мұрасы - мақал - мәтелдерді орынды қолдана білуге,
тұрақты тіркестер мен көнерген сөздер мағыналарын ашып айта білуге баулу,
тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, интерактивті тақтадағы бейнелі сөздер.
Өтілу барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Сөз - мерген» тіл білгірі сайысына қош келдіңіздер! ( «Сайысқа қатысушы оқушылармен таныстыру )
1 - айналым. Берілген сөздер бойынша мақал - мәтелдер айту
Сөздер: кітап, сөз, білім, тіл, еңбек, дос, қыз, қой, ақыл, денсаулық, тазалық,
батыр.
Мысалы: Кітап - білім бұлағы, денсаулық - зор байлық т. б.
2 - айналым. Бейнелі сөздердің астарын табу
1. Ит арқасы қиянда (алыс)
2. Жер тепсінді ( қатты ұрысты)
3. Тайға таңба басқандай ( анық)
4. Тас бауыр ( мейірімсіз)
5. Су жүрек ( қорқақ )
6. Қыздың жиған жүгіндей (әсем, көрікті)
7. Ит терісін басына қаптады (ұрысты)
8. Көз ілмеді ( ұйықтамады)
9. Бетінен оты шықты ( ұялды )
10. Жүрегінің түгі бар (батыл)
3 - айналым. Тақырыптар бойынша мақал - мәтелдер айту
1. Ынтымақ, бірлік туралы
2. Адамгершілік, жақсы, жаман мінез туралы
3. Ата - ана туралы
4. Төрт түлік мал туралы
4 - айналым. Жүйрік болсаң, шауып көр
1 - сұрақ
1 Халық
2 Жұрт--------Бесік
3 Туған жер
4 Ел
2 - сұрақ
1 Атамекен
2 Отан------Бұлбұл
3 Жер
4 Су
3 - сұрақ
1 Алып
2 Қорқақ-----Ана
3 Палуан
4 Батыр
4 - сұрақ
1 Ағаш
2 Орман-----Күймес
3 Көсеу
4 Қалақ
5 - сұрақ
1 Ауыз
2 Таңдай------Құлақ
3 Ерін
4 Мұрын
6 - сұрақ
1 Ана
2 Әке Ас
3 Бала
4 Немере
7 - сұрақ
1 Жаңбыр
2 Өзен Ел
3 Көл
4 Орман
8 - сұрақ
1 Ұл
2 Ана------Жұрт
3 Қыз
4 Бала
1. Ел іші - алтын бесік. 2. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. 3. Алып анадан туады. 4. Көсеу ұзын болса, қолың күймес. 5. Аузың біреу, құлақ екеу. 6. Анасын көріп, қызын ал, Аяғын көріп, асын іш. 7. Жаңбырменен жер көгерер, Батаменен ел көгерер. 8. Қыз - жат жұрттық.
5 - айналым
Көнерген сөздерді атап, мағынасын түсіндіру.
6 - айналым
Кім тапқыр? Құрамында жаңа сөздері бар мақал - мәтел немесе жұмбақ құрастыру.
7 - айналым Озық болсаң, озып көр. Жаңылтпаштар оқып, жатқа айту
8 - айналым Ой - толғау Берілген тақырыптар бойынша сөйлеу
Cөз-мерген (сайыс)
- ақсамал
- 5 ақпан 2013
- 17762
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Cөз мерген, сайыс, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Тапқыр достар (зияткерлік ойыны)
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, №3 ЖОББҚМ Тасқалиева Гүлбар Кенжеғалиқызы...Отан, өнер - білім туралы мақал - мәтелдер
ШҚО, Семей қаласы «№10 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Токымтаева Ақбота Ғалымқызы...Сөз мерген
«Сөз мерген» сайысы...Сөз - мерген тіл танымдық сайысы
Мақсаты: Танымдық қабілеттерді дамыту, ой өрісті кеңейту, тұрақты сөзтіркестері, мақал - мәтелдер және көнерген сөздердің мағынасын ашу, табиғатын...Рәміздер туралы білім сайысы
Мақсаты: • Танымдық ой - өрісін, қызығушылығын дамыту. • Ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.