БҚО, Қаратөбе ауданы,
Жусандой ауылы Жамбыл ЖОББМ-Б І санаты
бастауыш сынып мұғалімі Казбек Рыскалиұлы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен дауыссыз дыбыс туралы білімдерін қорытып, игерген білімдерін толықтыру, оның түрлері туралы жаңа білім қалыптастыру, сөздерді талдау, сауатты жазуға төселдіру, ой-өрістерін,есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, құстарға қамқорлық жасауға, оларды аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, тест, шығармашылық
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, әдебиеттік оқу
Көрнекілігі: тест, электронды оқулық, грамматикалық ,
дидактикалық ойындар, интерактивті тақта, бағалау картасы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын тексеру. ( Балалар,бүгінгі сабағымыз саяхат түрінде болады. Саяхатқа әзір екенімізді білу үшін үй тапсырмасын интерактивті тақтада тексеріп өтейік.)
4-жаттығу.
1. Темірді ................ – оңай шаруа емес.
2. Менің жұмысым – шөп ..........
3. Әжем құрақтарды .......... тігіп отыр.
4. Іш ауырса, ауызды ......... керек.
Керекті сөздер: ( ийу,ию), (жию,жыю), (қиюластыру,қиуластыру), (тию,тыю).
- Сіздер саяхатқа дайын екенсіңдер онда ....
2. Өткен материалды еске түсірейік:
Енді біз ауыл мекемелеріне саяхатымызды бастаймыз.
Бірінші аялдама «Ауыл әкішілік үйі» - ауыл әкімі кім?
Дауыссыз дыбыс түрлері.
ІІІ. Жаңа сабақ
Келесі екінші аялдамамыз: «Ауылдың дәрігерлік үйі» Ауылдың бас дәрігері кім?
Бұны білу үшін оқулығымыздағы
Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу ( өз бетімен жұмыс)
«Артық сөз »ойыны. Сөздерді көшіріп жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сыз. (Тырна, қырғауыл, бүркіт, бөдене, сұңқар, шүрегей, тауық, сауысқан).
Артық сөзді тап.
- Үшінші аялдамамыз «Ауыл поштасы»
Ауыл поштасы қай жерде ондағы почташы апай кім?
2-жаттығу( интерактивті тақтада жазулы тұрады)
1-2 оқушыға оқыту
Қою жазумен берілген сөздердегі дауыссыз дыбыстарды топтап жаз (орындарынан).
Балапан, жасайды, тұрғызады.
Қатаң:
Үнді:
Ұяң:
- Сонымен,Почташы апамыз Касимова Гулшат апай екен.
Сергіту сәті
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Әдемі етіп жазамыз
Күнде бестік аламыз.
Келесі аялдамамыз «Ауыл мәдениет үйі» Мәдениет үйі директоры кім?
Клубты көргендеріңіз бар ма? Оның ішінде не бар? Кітапхана . Кітапханашы кім?
3-жаттығуды ауызша оқыту
-Аққу, қанат, суық сөздеріне дыбыстық талдау жасату
А-дауысты жуан ------------------ қ –д/з қатаң
Қ-дауыссыз қатаң ---------------- а-д/ы жуан
Қ –дауыссыз қатаң -------------- н- д/з үнді
У-дауысты жуан ------------------ а- д/ы жуан
----------------------------------------- т-д/з қатаң
- Сонымен мәдениет үйінің директоры Таменов Сағындық ағаларың,кітапханашы Жұмағалиева Клара апай екен.
Келесі аялдамамыз «Мектеп» -Мектеп директоры кім? Оны білу үшін келесі тапсырма:
5-жаттығу Ұлттық ойын « Жамбы ату »
Дөңгелектер ішінде орналасқан буындардан сөз құрастыру
Шағала, тоқылдақ, бөдене.
Құрастырылған сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды үшке бөліп жазу:
Қатаң:
Ұяң:
Үнді:
4. Сабақты бекіту:
«Сөз тапқанға» ойыны
(Оқушының жауабы ылғи бір дыбыстан басталуы керек, мысалы, М дыбысынан)
Қалтаңда не бар?
Бор қандай?
Аспан қандай?
Қандай сурет саласың?
Өскенде кім боласың?
Ауа райы қандай?
5.Сабақты қорыту:
6. Үйге тапсырма беру, бағалау.
63-бет. 4-жаттығу, ереже жаттау..
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- Асарбек
- 31 желтоқсан 2012
- 11242
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дауыссыз дыбыс түрлері, қазақ тілі, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Қазақ тілі, 2-сынып Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері...Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстың өзара үндестігі
Дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін пысықтау. Дауыссыз дыбыстың өзара үндестігі туралы түсінік беру. Сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазуға...Дауыссыз дыбыстар түрлері
БҚО, Теректі ауданы Жақаева Асемгүл Есқабылқызы...Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері. Сабақтың мақсаты: Дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетінін білдіру, олардың айтылу...Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: дауыссыз дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту; фонетикалық талдау және жаттығу жұмыстары мен қосымша...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.