Сабақтың тақырыбы: Атамекен-Қазақстан
Сабақтың барысы:
І Білімділік: өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін бекіту, сөздер мен сөзтіркестерін пайдаланып, өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
ІІ Дамытушылық: ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
ІІІ Тәрбиелік: өз Отанын, халқын, жерін сүюге, елжандылыққа, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі .Қайталау
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, ребус, үлестірмелі кестелер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру. Сұрақ-жауап әдісі.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кімдер жоқ?
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
Үй тапсырмасын тексеру. Сыныпты 3 топқа бөлу.
Фонетикалдық уақыт. 1-топ, қасиетті, 2-топ, атамекен, 3-топ, тәуелсіз топ бір-бірінің тапсырмасын тексереді.
- Балалар, сендер мына ребусты дұрыс тапсаңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
- Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын тауып алдық.
- Балалар, Отан сөзін айтқанда ойларына не келеді.
«Топтастыру» стратегиясы .
Үш топ берілген плакатқа жазып, түсіндіреді
Викторина.
Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны қалай аталады?
Сен қай Республикада тұрасың?
Отан дегенім не?
Қазақстан қай жылы тәуелсіз республика болып жарияланды?
Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?
Қазақстан Республикасының Елтаңбасында не бейнелеген?
Қазақстан Республикасының Туында не бейнеленген?
Қазақстан Республикасының астаналары
Биыл еліміздің тәуелсіздігіне неше жыл?
- Жарайсыңдар балалар! Біздің туған жеріміз Қазақстан Республикасы – олай болса, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз.(оқушылардың жауаптары).
Тақтаға таблица ілінеді. Оқушылар бір-бірлеп келіп, жауаптарын айтып, қиықшалардан күн формасында тірек схемасын құрайды.
Сонымен Қазақстан республикасы қандай мемлекет?
Сергіту сәті:
- Балалар, қане, демалайық.
Ойын «әрі ойла, әрі ойна». Мына сиқырлы сандықты ашып, ойынды бастайық.
Полиглот ойыны:
Столица - граница-
Независимый - великий-
Государство - герб-
Национальность - звезда-
Флаг - луч-
Народ - купол юрты-
Гордость - золотой-
Узор, орнамент - родной
Сөздік жұмысы. Тыңдалым, Сөйлесім, Жазылым.
Тұрғылықты-коренной.
даңғыл - проспект
Мәтінмен жұмыс.
Қазақстан Республикасының жері - кең-байтақ. Оның асқар таулары мен көлдері жайқалған орманы бар. Жер астында табиғи байлықтары орасан зор. Қазақстанда әдемі қалалар көп. Қазақстанның тұрғылықты халқы –қазақтар.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мәтіннен көптік жалғауда тұрған сөздерді тауып, буынға бөліп, буын түрлерін ажырату.
- Балалар, сонымен Отан деген не екен?
Балалардың жауабы.
Отан деген Атамекен
Отан деген туған жер,
Отан –ана,
Отан – үлкен
Қазақстан туған ел.
Қортынды: мына сұрақтарды пайдаланып, жауап беріңдер, сөйлесіңдер.
А) Сен қай жерде туып өстің
Б) Сенің туған жерің әдемі ме?
В) Туған жерің сен үшін неге қымбат?
Мұғалім: Жарадыңдар балалар!
Білімдеріңді көрсетіп,
Жақсы баға алдыңдар.
Атамекен-Қазақстан.
- alitat80
- 18 желтоқсан 2012
- 11579
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақстан, туған жер, ел, атамекен, елтаңба, ту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан Республикам - менің
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін тиянақтау. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отанды сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдері:...Отан оттан да ыстық
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан...Қазақстан – менің Отаным. Шығыс септік
4 - сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – менің Отаным Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы мағлұмат беру, шығыс...«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.