Петрпавл қаласы,
№17 ұлттық өркендеу орта мектеп - кешені
Мұхамеджанова Гүлнұр Абайқызы
№17 ұлттық өркендеу орта мектеп – кешені
5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Қазақстан өңірінің ғажайып табиғаты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Солтүстік Қазақстан өңірінің табиғатымен таныстыру және сын есім сөз таптары туралы білім беру;
Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу, сұраққа жауап беру дағдыларын, сөздік қорын, логикалық ойларын шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: туған жерінің табиғатын сүйе білуге баулу және табиғатқа деген аялы көз қарасын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілі: практикалық, іздендіру, көрнекілік, слайд топтамасы, интербелсенді тақта.
Мотивация: іздендіру, шығармашылық тапсырмалар.
Ұйымдастыру формасы: жеке, жұптық.
Типі: жаңа білімді меңгерту,
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық
Қайырлы таң, балалар,
Қайырлы күн болсын.
Жұманың әр кезі,
Сәттілікке толсын.
- Балалар мен бүгінгі сабақта бәрімізге сәттілік тілеймін. Ал сендер бір-бірлеріңе не тілер едіңдер? (оқушылардың тілегі 1минут)
- Мен сендерге сабақта бестік баға алуларыңды тілеймін. Мен бәрімізге сабақта сәттілік тілеймін.
(Осы психологиялық дайындық арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару.)
- Өте жақсы, тілектеріміз қабыл болсын. Енді бүгінгі сабағымызды бастайық ең алдымен сынып ережесіне тоқталайық. (1 минут) (естеріне сақтауларын тапсыру. Бағалау парағы турлы айтып өту.)
- Осы сынып ережесін қатаң сақтай отырып, өткен сабағымызға бір шолып өтейік.
Үй тапсырмасы. Слайд№1 (жауаптары шығып отырады)
Кубизм стратегиясы.
1. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы
2. Петропавл қаласы қай жылы қаланған?
3. Солтүстік Қазақстан облысы қай жылы құрылды?
4. Петропавл қаласының негізгі көшесі қалай аталады?
5. Облыста неше аудан бар?
6. Петропавл қай өзеннің жағасында орналасқан?
- Өте жақсы жауап бердіңдер, енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін мына бейнетаспаға көңіл бөлейік, бұл бейнетаспа не туралы екен? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын өздерін анықтап көріңдер.
Жаңа сабақ. (слайд№2 балалардың назарын интербелсенді тақтаға аудару, жалпы Қазақстан туралы бейнетаспа қарау)
Миға шабуыл.
- Балалар біз бейнеклип тамашаладық, сендер мұқият қарадыңдар. Не көрдіңдер? осы көргендерімізді тақтаға жазайық.. ( балалар атайды; ағаш, шөп, құс, тау... )
- Балалар, осылардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады? (география) слайд№ 3
Топтастыру әдісі :
- Біздің Қазақстанның табиғаты өте ерекше, бірақ, біз бүгін өзіміздің тұрып жатқан өңіріміздің табиғатына тоқталамыз.
- Біздің облысымыз қалай аталады? жақсы, сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы: Солтүстік Қазақстан өңірінің ғажайып табиғаты
грамматикалық сабақтың тақырыбы сын есім. (сабақтың мақсатын түсіндіру)
- Енді еліміздің ғажайып табиғатына көз жеткізу үшін интербелсенді тақтаға назар аударайық. Слайд № 4 (Солтүстік Қазақстан облысының табиғаты туралы бейнетаспа)
Диалог әдісі: біздің облысымыздың табиғаты туралы не білесіңдер? (өз ойларын айтады). (Бізде аққайыңдар көп, егін жақсы өседі. Табиғатымыз әдемі.)
- Енді осы әдемі табиғатымыз туралы бүгінгі сабағымызда әңгімелейтін боламыз, сондықтан ойымызды көркем етіп жеткізу үшін, сын есімге тоқталамыз.
Сын есім дегеніміз не? Орыс тілін еске түсіру. Анықтамасын, сұрағына тоқталу.
Слайд№5. Берілген сөздерді топтастыру.
1топ, 2топ, 3топ
сөйлем әдемі естілу үшін, бізге сын есім қажет екен. Енді мына сөйлемдерді салыстырып көрейікші.
Екі сөйлемді салыстыру.
1.Елімнің сұлу табиғатына мақтанамын..
2.Елімнің табиғатына мақтанамын.
Сын есім туралы біліп алдық, енді мәтінмен танысайық.
Мәтіннен жаңа сөздерді тауып алайық. (Мәтінді кезекпен оқу. Жаңа сөзді табу.) Слайд.№ 6
Енді осы сөздермен танысайық.
Сөздік жұмыс. Айтылым, тыңдалым, жазылым. Слайд.6
Ғажайып - прекрасный
Ақ қайындар өлкесі - край белых берёз
өзен- река
әртүрлі, әр алуан - многообразние
астықты-
қорық - заповедник
қазына – сокровище
қамқорлық - защита (сөз тіркесін құрастыру, сын есіммен сөйлем құрастыру.)
Сергіту сәті.
Табиғаты көрікті
Оңға, солға қарайсың,
Жүгірсең де, секіріп,
Шаршамайсың ешқашан.
Бір отырып, бір тұрып.
Жаттығуды жасаймыз..
Туған жердің тынысы,
Жеткізер бізді биікке.
Мәтінмен жұмыс. 3-топқа мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша жұмыс.
АРТ технологиясы
1. мәнерлеп оқу. 2 мазмұнын түсіндіру. 3. сын есімдерді тауып, сұрақ қою.
1.. мен Солтүстік Қазақстан облысында тұрамын. Біздің облысымыздың табиғаты өте әдемі. Солтүстік Қазақстан облысы астықты өлке. Бізде ғажайып ормандар бар. Оның ішінде аққайыңды ормандар көп кездеседі, сондықтан «Аққайыңдар өлкесі» деп атайды.
2. Петропавл қаласы Есіл өзенінің бойында орналасқан. Біздің облысымызда қорықтар бар. Онда қызыл кітапқа енген әр алуан өсімдіктер мен жануарларды кездестіруге болады.
3. Табиғат –ол халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдаланып, қорғай білуіміз қажет. Азайып бара жатқан жануарлармен құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алуымыз керек...
Ортаға шығып түсіндіру.
Дәптермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей тапсырмасы.
1. Сын есімдегі сөздерді теріп жаз.
Табиғат, астықты, азайып бара жатқан, өзен, қорықтар, өсімдіктер, қызыл, жануар, әр алуан.
2. Сөйлемді аяқта
Солтүстік Қазақстан облысы астықты...
Біздің облысымызда...
Табиғат –ол...
ІІ деңгей тапсырмасы.
1. Мына сөздерді сөз құрамына талда.
Астықты, қорықтар, өсімдіктерді
2. Берілген сын есімдерді жақшадағы сөзбен тіркестір.
әдемі (природа), әр алуан(птицы), астықты( край), қызыл(книга), азайып бара жатқан(животные).
ІІІ деңгейлік тапсырма.
1. Тәуелдеулі сөздерді сызық арқылы бір - біріне қос.
2. Берілген сөйлемдегі сын есімді тауып, мағынасына қарай басқа сын есіммен ауыстыру.
1. Біздің облысымыздың табиғаты өте әдемі.( тамаша, қызыл, жуан)
2. Аққайыңды ормандар көп кездеседі. (ғажайып, әдемі, жасыл)
3. Солтүстік Қазақстан облысы астықты өлке. (егінді, жаңбырлы, тәтті)
Диалог әдісі
Солтүстік Қазақстан облысының табиғаты қандай? Слайд №
Үй жұмысы.
1.Сөздіктегі сөздерді жаттап, сын есіммен сөйлем құрастыру.
2. Қорықтар туралы презентация жасау.
Стикерді толтыру
Сабақтан алған әсерін жазып, ілу.
Бағалау парағын жинап алып, бағаларын қорытындылау
Аты-жөні________________
№ Тапсырма түрлері«5» «4» «3»
Қорытынды
1. Өткен сабақ бойынша қайталау
2. Жаңа тақырыпты аша білуі
3. Топ ережесін сақтай білуі
4. Топпен жұмыс істеуі
5. Деңгейлік тапсырмалар
«5» -25-30 ұпай,
«4»- 24-20 ұпай,
«3»- 19- 15 ұпай
Солтүстік Қазақстан өңірінің ғажайып табиғаты
- alitat80
- 18 желтоқсан 2012
- 11439
- 0