Сайтқа кіру Тіркелу

Абайдың хакімдігі: «Өмір, дүние дегенің ағып жатқан су екен...»

Абайдың хакімдігі: «Өмір, дүние дегенің ағып жатқан су екен...»
Болмыс, адам табиғатын түсіндіруге талпынған ойшылдар «су» мәселесіне жиі тоқталған. Ерте дүние ғұламасы Фалес: «Дүниенің түпнегізі – су», - деген. Үнді, Қытай ойшылдары әлем құпиясын ажыратқанда басты - басты төрт дүние элементін айтқан, олар: от, ауа, жер, су. Су көбіне өзгеріс, қозғалыс бейнесі ретінде қолданылған. Көне грек философы Гераклит ағып жатқан өзенге екі рет түсуге болмайтынын йтқан. Бұл дүние – ағып жатқан су, оның бір болған көріністері енді қайталанбайды деген тұжырым. Дүниенің осындай тынышсыз (релятивтік) сипаты адамды терең толғанысқа салады. Қазақ философиясында «Терме» жанры осы «өмір, дүние дегенің ағып жатқан су екен...» деген негізге құрылған. Бұл – қазақ философиясында ертеден бар түсінік. Бұған Абайдың қандай өіндік қосқаны бар, соған тоқталайық. Дүние ағып жатқан су екен деп ақынның ағынанжарылуы, ең алдымен, оның білімділігін, парасаттылығын көрсетеді. Адамзат санасында бар білімді Абай негізінен меңгерген әрі өз түсінігімен жеткен. Одан әрі айтарымыз, ақын сананың адамға өмір туралы жеңіл - желпі түсінік әкелмей, қайғыға салатынын айтқан.
Өмір болмысына тереңдеген адам одан ешқашан қызыққа кенелмеген. Өмір туралы ой Будданың ел кезіп кетуіне әкелген. Диогеннің «бөшкеде» өмір сүруіне жеткізген. Сондықтан Абайдың:
Өмір, дүние дегенің ағып жатқан су екен.
Жақсы - жаман көргенің, ойлай берсең, у екен, -
деуі осы бағыттағы ой ағымы. Бұл ойдың генезисіне зер салсақ, оны сопылар дүниетанымынан да кездестіреміз. Өмірдің «жалған өмір» атануына да бір дәлел осындай ұғымдар болса керек. Дүниені релятивтік принциппен түсіндіру «мәңгілік өмір» идеясына әкелген. Бұл идея көп дінге ортақ. Жалған, яғни қысқа, шолақ өмір және мәңгілік өмір туралы ойлар көктен түспеген, адам болмысынан туған. Адам ғұмыры қысқа әрі қайталанбайды, ағып кеткен су сияқты, бірақ судың мәңгі жойылмайтыны сияқты адам рухы да мәңгілік. Су ағып кетіп, су емес күйге айналғаынмен, өзінің қасиеті арқылы білінеді. Айталық, өсімдік, жан - жануар өмір сүрулері нәтижесінде су өз қызметін айқындайды. Дәл сол сияқты адам ғұмыры қысқа болғанмен, оның руы адам кейпінде болмаса да әлемнен жойылып кетпек емес. Оны қазақ аруақ дейді. Біз «аруақ» деген идеяны тек ислам дінімен анықтағанға қосыла алмаймыз. Аруақ – философиясы діндерден бұрын қалыптасқан, кейінірек діни философияларда логикалық талдауға түскен, адам болмысындағы мәңгілікті бейнелейтін құбылыс.
Аруақ туралы ой болмаса өмір, дүние хақында ұғым тым келте болар еді. «Жалған» мен «мәңгілік» өмір арасы, қарапайым тілмен айтқанда, жер мен көктей, осы кеңістікті тілге тиек еткендер – «ауыр ойды көтеріп, ауыратын жандар», оларды біз данышпандар дейміз.
Өмір, дүние туралы толғанысқа түскен адамның тиянақты тұжырымға келуі – екіталай іс. Дүние болмысы туралы мінсіз ой қалдырған данышпан жоқ. Олардың бәрі терең сөздер айтқан, бірақ ешқайсысы өмір мәнін ашып бере алмаған. Өмір құпиясы, Кант тілімен айтсақ, «өзіндік жат», біздің айтып жүргеніміздің бәрі дүние туралы бағыт - бағдарлар.
Сондықтан ойшыл - данышпандарға дүние болмысы туралы толғаныс қайғыға бастап апаруы заңдылық. Біз одан басқа жолға түскен ғұламаны кездестірмедік. Өмірдің мәні оның, сірә, жұмбақтығында, адам санасынан тыс құпия болғандығында болса керек. Өмір мәнін бір данышпан ашып кетсе, өзге данышпандарға не қалмақ? Осы тұрғыдан алғанда данышпандықтың өзі - өлшеулі ақыл, шектеулі сезімнің синтезі демекпіз. Данышпан айтты деген сөз ақиқат емес, соған барар жолдың бағыты. Бізге данышпандардан керегі сол. Ал адамға бұл дүниеде не керек? Оған өмір керек. Өзге нәрселердің қажеттілігі өмір сүруге байланысты. Өмір деген – адам болмысы, оның тіршілігінің кеңістігі, өрісі. Зерделі жан өз болмысын бағдарлай алуға талпынады, ол «өмірдің алды – ыстық, арты – суық, алды – ойын, арт жағы мұңға жуық». Сонда да адам өмір сүру қажеттілігін мойындауы керек. Өмір сүруге ынта еткен адам қандай нәрсенің керектігін өзі - ақ анықтай алады. Тек адамға өмір сүруге еркіндік берілуі керек. Еркін адам өмір сүру қажеттілігін өзі сезбек.
Адам еркіндігін күзетуші – періште, оың еркін алып, адастырушы – шайтан.
Әр адамның бойында періште бар, шайтан бар. Өмірде періште жан немесе шайтан адам болмақ емес. Адам болғаннан кейін оның табиғатында перітше де, шайтан да бар. Мәселе қайсысының билік құруында.
Адамға керек істі періште де ұсынады, шайтан да ұсынады. Адам қайсысын қабыл алмақ. Мәселенің қиындығы сонда.
Шайтан сөзіне еріп, аяғын шалыс баспаған адамды дүниеден таппайсыз, егер де ондай жан болса, оның өмірдегі шайтандықты білмегені. Бұл – оның рухани кемтарлығы. Керісінше, періштесі болса да, оның дымын шығармастай етіп, аузын буып, бойын мүлдем шайтан билеген жан өмірде кездеседі. Сонда, байқайсыз ба, адам баласы періштеліктен гөрі шайтандыққа бейімдеу. Неге дейсіз ғой? Бұл сұраққа да барлық заман данышпандары жауап берумен келеді. Бірақ айқындық жоқ. Құнды - құнды пікір бар, алайда нақты, талас тудырмайтын тұжырым жасалмаған. Зерделесек, бұл сұраққа жауап берілсе, адамның құпиясы айрандай ақтарылмақ, өмір мәні ашылмақ. Бұл – ешқашан болмайтын іс. Адам құпиясы, өмір сыры мәңгілік жұмбақ, сондықтан да Абай сияқты данышпандар осы мәселелерге келгенде қапа болып:
Қапамын мен, қапамын,
Қуаныш жоқ көңілде,
Қайғырамын, жатамын,
Нені іздеймін өмірде? –
деуі орынды. Тек қана бір ескертпе, осылайша ой толғау үшін адам тіршілік қарекетінен биік болуы керек. Ондай жанды біз данышпан деп атаймыз.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Абайдың хакімдігі: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...»

Абайдың хакімдігі: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...»

Адамның өзі жер бетінде толып жатқан діндер, әлемдік философиялық сызбалар, жүйелер құруға негіз болды....
Абайдың хакімдігі: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...»

Абайдың хакімдігі: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...»

Адам туралы Адам ата заманына бері айтылып келе жатқан аңыз да, ақиқат та көп. Мың сан ғұлама хакімдер, нәбилер адам болмысы хақында не айтпады...
Абайдың хакімдігі: «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ...»

Абайдың хакімдігі: «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ...»

Абай өзгеріс туралы айтады да, даму хақында ой өрбітпеген. Даму туралы біз көп айттық. Қазір мәселенің байыбына барсақ, даму деп жүргеніміз де...
Өміріңізді сапалы қылып өткізіңіз. өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді  ...

Өміріңізді сапалы қылып өткізіңіз. өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді ...

Өміріңізді сапалы түрде өткізіңіз. Өзіңізді әрдайым бақытты сезініңіз. Егер бақытты болуға бір нәрсе жетіспей тұрса, соны зерттеңіз, соған тартылыңыз....
Өзендер

Өзендер

Ән туады мұраттан, Ой туады сұрақтан, Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×