Сайтқа кіру Тіркелу

Кітап үзіндісі: Бақыт. Бұл да бiр созбалаң нәрсе

Кітап үзіндісі: Бақыт. Бұл да бiр созбалаң нәрсе
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...

Негізгі ақшасы көп адамдар аса жоғары вольтты токтың үстінде отырғандай алмағайып күн кешеді...
Көпен Әмірбек "Сөйле десең, сөйлейін!"

Кітапханаға жиі баруды әдетке айналдырыңыз. Кітап оқымасаңыз да олардың арасында отырудың өзі сізге оң әсер етеді. Кішкентай баласын кітап оқуға баулығысы келген бір ғалым оны күнде кітап бөлмесіне қамап кетеді екен. Күндердің бір күнінде әлгі бала кітапқа қызығып, шетінен оқи бастаған. Сол сияқты сіз де кітаптардың арасында көп
отырып, бір күні қызығып оқып кетерсіз.
Кітап оқымай, олардың арасында жай отырудың өзі — нығмет.
А. Кенжалы, Е. Бақытжанов "Не үшін оқу?"

Пендеміз ғой, "әркім мені бар болмысыммен қабылдап, қаз - қалпымда жақсы көрсе екен" деп тілейміз. "Адамдар қас - қабағыма қарап, мейіріміне бөлеп, қамқорлығына алса" дейміз тағы. Бұл өзімшілдік емес, бұл - заңдылық. Мұндай қажеттілік әсіресе әйел адамдарда көбірек болады.
Марзия Бекайдар "Қисық қабырға"

Бақыт. Бұл да бiр созбалаң нәрсе. Оған өмiрi тоймайсың, құшағыңа бiрден келiп кептеле қалмайды. Жеткен сайын жүгiре түсесiң, ұмтыла түсесiң. Кейде соның шыңына жетемiн деп құзына құлап жүргенiңдi байқамай да қаласың - ау.
Қалаубек Тұрсынқұлов "Есіңде ме сол бір кез?"

Проблеманы себептен іздемей, негізге үңілсек, бар пәле кісінің қаңыраған қуыс кеудесінен шығатынын көреміз. Оны өркендеп кете алмаған инфантилист (дамымай қалған) болмысы тудырады.
Санжар Керімбай "Махаббаттың мәні"

Қанды қолды, бетіне баттасып, кеберси қатып үлгірген қарақошқыл дақты су тазартқан. Бірақ бір былғаныш сезімді көңілінен тазарта алмады. Қанша қасамдап жуса да әлгі бәле беті - қолында әлі жұғып тұрғандай әзірейіл әсерден арылу жоқ. Түптің түбінде ібілістей күнәні су тазарта алмақ емес. Дүниеде оттан таза нәрсе жоқ. Қылмысқа қылқынған пенденің күнәсін от қана тазарта алар. Сират көпірінен құлап, тозақ отында шыжғырылса ғана арамдықтан арылар. Соның өзінде отқа күйген бет пен алақанда мәңгілік қарғыс таңбасындай болып қарақошқыл дақ қалмаса...
Шерхан Мұртаза "Қызыл Жебе"

Жақсы көріп үйленуде проблема жоқ. Проблема кімді жақсы көруіңде. «Жүрекке әмір жүрмейді» деп жатады ғой. Негізі жүрек терезе сияқты. Жуылмаған терезеден әлемге қарасаң, сен жақсы көрмейтін нәрсені жақсы көріп қалуың мүмкін. Сорақысы, сен ешкімді жақсы көрмеуің де мүмкін. Себебі барлық әлем кір боп көрінеді саған. Шешім: терезеңді жу, яғни, жүрегіңді тазала, дүниетанымыңды өзгерт.
Данияр Жігітбек "Не үшін үйлену керек?"

«Мен қазақ едім, халқымның ұлы едім» деп үйде де, түзде де зар еңірегеннің бәрі текті емес. Атақты Шоң айтқандай: «Нар баласы бақырауық болмас». Арлы ер аз сөйлеп, көп тындырар. Тек осындай табанды азаматтардың қатары толыққан сайын халық тектілене түседі.
Алдан Смайыл "Саяси - әлеуметтік публицистика"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Бақытты болу үшін үйлену керек» деуің мүмкін

«Бақытты болу үшін үйлену керек» деуің мүмкін

«Бақытты болу үшін үйлену керек» деуің мүмкін. Сонда үйленбесең, бақытсыз боп қаласың ба? Үйленбей тұрып бақытты болып алғаның дұрыс негізі. Үйлену...
Кітап үзіндісі: адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады е ...

Кітап үзіндісі: адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады е ...

Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны - мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні...
Кітап үзіндісі: Ең әуелі өзіңізге өтірік айтпаңыз

Кітап үзіндісі: Ең әуелі өзіңізге өтірік айтпаңыз

Дүниенің жаратылысында жазық жоқ, мүкісі жоқ. Дүниені бүлдіретін – өзіміз....
Кітап үзіндісі: Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді

Кітап үзіндісі: Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді

Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді. Өйткені əйел - өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын ешкімге де қорлатпайды. Өйткені əйел - киелі...
Кітап үзіндісі

Кітап үзіндісі

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×