Қазақ әдебиеті әлемінен
Антитеза – шендестіру – кереғар ұғымдарды қарама - қарсы қолдану арқылы ойды айшықтайтын әдеби әдістің бір түрі. Мысалы, «Қара жерге қар жауар, Қарды көр де етім көр» («Ер Тарғын»), «Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» (Абай), «Күлемін де жылаймын, Жылаймын да күлемін» (Қ. Аманжолов), «Өссе тілім, мен де бірге өсемін, өшсе тілім мен де бірге өшемін» (Ә. Тәжібаев). Антитезаның бір түрі антиметабола деп аталады.
Антология (грек. аnthologia – гүл шоғы) – таңдамалы шығармалар, ақындардың таңдамалы өлеңдерінің жинағы. Алғаш ежелгі Грекия ақындарының таңдаулы өлеңдерінен құрастырылған жинақты осылай атаған. Тұңғыш грек антологиясын ақын Мелагер (б. з. б. 60 ж.) құрастырған. Алғашқы «Қазақ поэзиясының антологиясы» М. Әуезов пен Т. Әлімқұловтың алғы сөзімен 1958 ж. Мәскеуде орыс тілінде жарық көрді. Кітапқа қазақ поэзиясының ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, кеңестік дәуірдегі белгілі ақындар өлеңдерінің ең таңдаулылары енген. Қазақ тілінде тұңғыш антология «Қазақ совет поэзиясының антологиясы» (2 томдық( 1966 ж. Алматыда жарық көрді (алғы сөзін жазған М. Қаратаев: құрастырғандар С. Мұқанов, Ә. Тәжібаев, Ғ. Орманов, С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев т. б.). Мұнда әр ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан қысқаша мағлұматтар берілген. 1977 ж. «Қазақ совет антологиясы» басылып шықты, сондай - ақ орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының антологиясы «Алдаспан» (1971), «Қазақ әндерінің антологиясы» (1991), «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1993), «Екі мың жылдық дала жыры» (2002), т. б. жарық көрді.
Андату (грек. рrologos – алғы сөз) – әдеби шығарманың беташары секілді. Негізгі оқиғаға тікелей қатынасы жоқ кіріспе бөлігі. Мұнда, әдетте, оқиға желісінің бағыт - бағдарын алдын - ала аңғарту мақсатымен бұрынырақ болған кейбір жайлар баяндалады. Мысалы, «Еңлік - Кебек» дастанының бас жағындағы «Әңгіме алдындағы аз сөз» деген кіріспе аңдату ретімен берілген. Аңдату қазақ әдебиеттану ғылымына А. Байтұрсынов енгізген атау.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Қазақ әдебиеті әлемінен
- ramuk_b
- 26 қыркүйек 2024
- 313
- 0
- 0
Ілмек сөздер: кейбір әдеби сөздердің анықтамасы, түсініктемесі, мағынасы
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ әдебиеті әлемінен
Алты буынды өлең – әр тармағы үш буынды екі бунақтан құралатын (3 буын - 3 буын) өлең өлшемі. Абайдан бастап қазақ поэзиясында кең қолданылып келед...Қазақ әдебиеті әлемінен
«Ағыбай батыр» - тарихи жыр. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан батыр Ағыбай Қоңырбайұлының (1802-1885) ерлік...Қазтуған жырау
Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық...Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін...Ерліктің символы - Махамбет поэзиясы
Сабақ мақсаты: 1) ақын өмірі, өлеңдерінің тақырыбы, мақсаты, тарихы туралы мәлімет беру, жаңа қырынан таныту, қосымша мәліметтер беру, өлеңге талдау;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.