Сайтқа кіру Тіркелу

Абайдың хакімдігі: «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ...»

Абайдың хакімдігі: «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ...»
Абай өзгеріс туралы айтады да, даму хақында ой өрбітпеген. Даму туралы біз көп айттық. Қазір мәселенің байыбына барсақ, даму деп жүргеніміз де адасушылық болып шықты емес пе?
Даму жақсы ма, жаман ба? Ойлаймыз, дамуға баға берудің қажеті жоқ, оны болмай қоймайтын өркениет көрсеткіші деп мойындаған абзал. Адам санасы даму логикасын меңгере ала ма? Кант бұл мәселеге күдік келтірген. Абай да ақыл өлшеулі дейді. Сондықтан дамудың жақсы - жамандығын, дұрыстығын біз анықтай алмаймыз, бірақ тырысамыз.
К. Маркстің тарихи еңбегі сол, ол тарихтың бар құпиясы, өзіндік сырын ашып, оны коммунистік қоғам орнату мүмкіншілігіне дейін адамзатты адасушылықтан құтқарып, «көзін ашып, көкірегін оятып кетті». Бұл қателік болатын, одан көптеген зиянды салдар пайда болып, қалыптасып, адамдар түсінігінде орнығып алды. Соның бірі – жауапсыздық, себебі Маркс ілімі бойынша, болашақта бәрі белгілі, бәрі анық. Ешбір адасуға жол жоқ. Бұл адам еркіндігіне тұсау болған ілім еді. Адамның еркіндігі шектелді. Оған тағы жер бетінде жұмақ ұсынылды. Болашақты көрегендікпен білу емес, керісінше, оны білмеу – адам еркіндігі үшін қажетті жағдай. Бұл адамның ісі мен әрекетінің жауапкершілігін керек етеді, ұйқыдағы сананы оятады.
Сондықтан Абай айтқан адасушылық заңды. Өмірде адасқандар емес, адаспағандар қауіпті. Алдыңғылар болашақты білмегендіктен аяқтарын аңдап басып, үнемі адасқандықтарын сезіп, жауапты іс - қимыл жасауға талпынады. Абай осындай адамдар туралы адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ деген.
Кемеңгер һәм ойшылдар кімдер деп сұрағандарға айтарымыз мынау: біріншіден, олар екіге бөлінеді, біреулері – адамға болашақты сызып берген, тарихты түсіндіріп, адам баласының барар жерін, басар тауын белгілеген қиялшылдар (К. Маркс т. б.); екіншілері – болашақты беймәлім деп, болмысты тану мүмкіншілігінің шектеулі екендігін түсінгендер (Кант, Абайлар). Бізге соңғылары ұнайды. Себебі олар өмір сүру мүмкіндігін адамның өзіне қалдырған. Әр адамның өмір сүруге деген құштарлығы бар. Әр адамның өз қуаты бар. Соның іске асырылу мүмкіншілігіне біздің шектеу қоюға хақымыз жоқ.
Ойшылдар дегеніміз – адамзат баласының адасқандығын түсінген жандар. Олардың өмірі білмекке құмарлық принципіне негізделген. Білмекке құмарлық белгісіздіктен туындайды. Белгілі нәрсеге адам құмар болмайды.
Болашақ туралы белгісіздік – қоғамдық ойдың жетілуінің ең негізгі және басты шарты. Ғылым белгісіздікпен айналысады. Белгілі нәрсені зерттеуден ешбір ғылыми ой шықпайды. Егер Абай адасқанның алды жөн десе, міне, осыны жөн деп тану – білім.
Болашақ жөнінде сәуегейлік айтқаннан оның белгісіздігін, жұмбақтығын мойындау – әлдеқайда құнарлы түсінік. Осы тұрғыда К. Маркс пен Асан Қайғының болашақ туралы ойларын салыстырсақ, біз жыраудың айтқанын қалар едік. Себебі К. Маркс адамзат коммунизмге жетпекші болашақ тарихты белгілеп берген.
Ал Асан Қайғы болса болашақ сыры құпия: «... Қилы - қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар», - дейді. Демек, болашаққа жауапсыздықпен қараудан сақ болуды өте қатаң ескерткен. Шіркін, біз осы жырау айтқан қағиданы басшылыққа алсақ басымыз да, ойымыз да ноқталанбас еді.
Адасқандық ақиқатты іздеуден туады. Адасу бар, адасқандық бар. Соңғысы – философиялық ұғым.
Адасқандық адасуды білгендіктен туады. Сондықтан да адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ.
Соқпақ жол емес, ол үнемі ақиқатқа бастамай көмескі тартып, адамзат тағы да адасуы ғажап емес. Адам баласы адасып жүріп жөн тауып, тағы да соқпақ салмақ. Мезгіл өте ол соқпақ та көмескілене бермек, бұл біреудің ойлап тапқан, қайталана беретін ермегі емес, өмір, дүние болмысының заңдылығы. Абайдың айтып отырғаны да осы мәңгілікке қатысты ой.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ...»

«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ...»

Бөтен сөзбен сөз арасын былғамайтын ақын неге «адасқанның алды – жөн...» деген? Қалыптағы түсінікте адасқанның алды белгісіздік емес пе? Адасып бара...
Махаббатпен жаратқан адамзатты...

Махаббатпен жаратқан адамзатты...

«Махаббат философиясы» - араб - парсы, Орта Азия және Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің жетілуіне зор ықпалын жасаған дүниетаным. Себебі махаббатты...
Абай Құнанбайұлының өзі рухани және ғылыми тұрғыдан дамитын болашақ азаматт ...

Абай Құнанбайұлының өзі рухани және ғылыми тұрғыдан дамитын болашақ азаматт ...

Үкімет 10 тамызды «Абай күні» деп белгілеп, ресми мерекелер қатырына енгізбек. Бұл туралы ресми құжат «Ашық Үкімет» порталында жарияланды....
«Абай мұрасы-халық ұлағаты» (тағылымды кеш)

«Абай мұрасы-халық ұлағаты» (тағылымды кеш)

Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;...
Көңіл - күй лирикасы

Көңіл - күй лирикасы

Абайды оқу әліппесі 3 сынып Тақырыбы׃ Көңіл - күй лирикасы Мақсаты: Білімділік: көңіл - күй лирикасы туралы еске түсіре отырып, олардың түрлерін...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×