Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ әдебиеті әлемінен

Қазақ әдебиеті әлемінен
Алтыаяқ – қазақ поэзиясына Абай енгізген шумақ түрі. Ақын осы шумақ өрнегімен «Бойы бұлғаң...», «Буынсыз тілің...», «Бай секілді...», «Қор болды жаным...», «Қуатты оттай бұрқырап...», «Ем таба алмай...», «Кешегі Оспан...», т. б. өлеңдерін жазған. Әр шумақ алты жолдан түзіледі. Алтыаяқтың бірінші мен екінші, төртінші мен бесінші, үшінші мен алтыншы тармақтары өзара ұйқасады. 3 - ші мен 6 - шы тармақтары жеті буыннан құралса, басқа жолдары төрт буыннан тұрады. Аталмыш өлең өлшемін Абайдан кейін көрнекті ақындар А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, С. Торайғыров, С. Дөнентаев, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, т. б. пайдаланды.

Алты буынды өлең – әр тармағы үш буынды екі бунақтан құралатын (3 буын - 3 буын) өлең өлшемі. Абайдан бастап қазақ поэзиясында кең қолданылып келеді. Мысалы, Абайдың «Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы, Бітпейді іштегі, Ғашықтың жарасы» деген шумақ алты буынды өлеңнің озық үлгісі болып табылады.

Алтытармақ – қазақ поэзиясында лирикалыққ өлеңдерінде жиі қолданылатын шумақ өрнегі. Мысалы, Абайдың «Бай сейілді» өлеңінің шумағы аралас буынды тармақтардан (4 буын және 7 буын) құрылған: «Бай сейілді, Бір бейілді, Елде жақсы қалмады. Елдегі еркек, Босқа селтек, Қағып елін қармады». Кейін 7 - 8 буынды өлшеммен жазылған өлеңдерде де қолданылатын болды. Мысалы, «Аспанменен тірескен, Тәңіріменен тілдескен, Көкшетауым біп - биік. Қою қара көк бұлт, Жайнап, ойнап құлпырып, Көкшетауды сүйіп тұр» (Мағжан).

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×