Қазақ әдебиеті әлемінен
«Ағыбай батыр» - тарихи жыр. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан батыр Ағыбай Қоңырбайұлының (1802-1885) ерлік істерін баяндайды. Жырдың екі нұсқасы сақталған. Бірінші нұсқасында (қарағандылық жыршы Тәужи Айтанасовтан жазылып алынған) Кенесарының Түріемен елінен бір тұлпар әкеп беру туралы өтінішін орындауға аттанған Ағыбай батырдың сапар кезіндегі ерліктері баяндалады. Бұл нұсқа толық емес. Екінші нұсқасы ақын, халық ауыз әдебиетін жинаушы Нұрғали Бейсеновтен 1949 жылы жазылып алынған. Онда Ағыбай батыр қалмақпен соғысып, ерлік көрсетеді, даңқы бүкіл елге жайылған қолбасшы атанады. Екі нұсқа да он бір буынды қара өлеңмен жазылған. «Ағыбай батыр» жырының нұсқалары Орталық ғылыми кітапханасында және Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар орталығында сақтаулы.
Адаптация (лат. adapto – бейімделген) – әдеби шығарманың белгілі бір ортаға, әдетте, дайындығы төмен оқырманға лайықталып, солардың қабылдауына бейімделіп қайта жазылуы. Бұл тәсіл балаларға күрделі шығармаларды ұғымды түрде таныстыру үшін қолданылады. Мысалы, Гомердің «Одиссея» мен «Илиадасаның» осылай жасалған нұсқалары бар. Әдеби мәтінді бейімдеу шығарма мазмұнына терең бойлауды, автордың стилін сақтауды талап етеді. Адаптация қазақ әдебиетінде де кездеседі. Мысалы, «Қамбар батыр», «Алпамыс», «Қобыланды батыр» эпосы қазақ, орыс тілдерінде қарасөзбен қысқаша қайта баяндалып, жеке басылым болып шықты.
Ажар Жұртыбайқызы, Соқыр Ажар (1865, қазіргі Қарағанды обл., Қарқаралы ауд. – өлген жылы белгісіз, сонда) – әнші, ақын. Жеті жасында қорасан ауруынан екі көзі бірдей соқыр болып қалады. Ел арасында Соқыр Ажар деген атпен белгілі болған ақын жиын-тойға жиі қатысып, Жапар, Уахит деген ақындармен айтысқа түседі. 1884 жылы Қоянды жәрмеңкесінде ақын Шашубай Қошқарбайұлымен айтысып, жеңеді. Ажар Абаймен кезедсіп, оны өзіне ұстаз тұтқан, өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан. Ажар мен Уахит айтысы «Айтыс» жинағына (1965, 1-том) енген. «Жұртыбайдың қызы едім, атым Ажар» деген өлеңі «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» жинағында (1985), Шашубаймен айтысы «Қазақ халық әдебиеті» жинағының 9-томында жарияланды. Ақын шығармалары Орталық ғылыми кітапхананың Қолжазбалар қорында сақтаулы.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Қазақ әдебиеті әлемінен
- ramuk_b
- 2 ақпан 2023
- 443
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әдебиет, адаптация сөзінің мағынасы, Ағыбай батыр туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Қоңыр қаз
Бұл күй негізінен қазіргі Жезқазған, Балқаш өңірінде ерекше мәшһүр болған. Күй батыр құс - қоңыр қаз жайында сыр шертеді....Наурызбай батыр
Наурызбай батыр Бурабай баурайында дүниеге келген. Мүсіні қолмен құйғандай. Жауырыны қақпақтай, күпшек кеуде, биік бойлы, денесі тіп - тік, белі...Ақжолтай Ағыбай батыр
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин селосы, "Бейнеу мектеп - интернаты" бастауыш сынып мұғалімі...Тайбурылдың шабысы. Алпамыс батыр
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Керимкулова Меруерт Бахытжановна...Батырлар - ел қорғаны (танымдық сайыс)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы, №52 Б. Аралбаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Әбішева Мөлдір...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.