Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады.
Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді. Ол ирекпен белгіленеді.
Анықтауыш болатын сөз таптары:
Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады:
Мысалы: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан
Зат есімнен болады:
Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.
Сан есімнен болады:
Мысалы: Жаңадан екі үй құрылып жатыр
Есімдіктен болады:
Мысалы: Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті
Етістіктің есімше түрінен болады:
Мысалы: Оқыған кітаптарым мені іске бастады
Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады
Мысалы: Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жанады.
Дереккөздер:
Орысша - қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э. ғ. д., профессор Е. Арын - Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965 - 808 - 78 - 3
Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5 - 7667 - 2616 - 3
С. Аманжолов, Қазақ тілі грамматикасы, 1966 ж.
Анықтауыш
- ramuk_b
- 23 қазан 2022
- 530
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Анықтауыштар, Анықтауыш деп, анықтауыштың түсініктемесі
Ұқсас жаңалықтар:
Сын есім
Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр - реңін) және басқа сол сияқты сыр - сипаттарын білдіретін лексика -...Есімдік
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы....Еліктеу сөздер
Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан - жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын - сипат, қимыл - әрекеттеріне еліктеуден...Одағай
Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді....Бөлек жазылатын сөздер
Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қазақстан Республикасы, Қазақстан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.