Көркем сөздің құдіреті: Күпу
Лепіру, бөсу, көку, көпіру, мақтану.
Мысалдар:
1. Қаралардан қашқалақтаған Шалматайдың өз басы ғана емес, бағанағы бір - бір атқа мініп, Нәзипаға қамшы үйіріп, аттың құйрығына тақпақ болып күпініп жүрген жігіттердің біреуі де сөзге келуге жараған жоқ.
(І. Жансүгіров, Жолдастар)
2. Соны байқаған офицер Мерке басшыларының алдында өзінің әлгі құлдыраған беделін қайтадан қалпына келтірмек болып, күпіне сөйлеп кетті.
(Ш. Мұртаза, Қызыл жебе: 2 кітап)
3. «Ру басынан бір - бір аманат өзірлеңдер!» − деп күпілдеп жүргенде
(Ә. Кекілбайұлы, Елең - алаң)
4. «очерк» десем, қара мақалаға ұқсар да, мына күпиген әдеби қызметкердің алдында беделім түсіп қалар деп ойладым.
(Ә. Нұршайықов, Махаббат, қызық мол жылдар)
5. Дүние жүзіне мақтансақ бірсәрі, ал өзімізге өзіміздің мақтанғанымыз не?! Оны қазақ күпию демейтін бе еді.
(Қ. Жұмаділов, Көсем билеген ел көгермейді)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Көркем сөздің құдіреті: Күпу
- ramuk_b
- 17 ақпан 2021
- 1974
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Күпу, Күпу сөзінің мағынасы мен түсініктемесі
Ұқсас жаңалықтар:
Көркем сөздің құдіреті: шақа, дауыл сөздерінің мағынасы
ШАҚА 1) Жүні жетілмеген балапан, төл, жаңа туған, нәресте; 2) Металл ақша, уақ тиын....Көркем сөздің құдіреті
АЛАГЕУІМ 1) Таң жарығы әлсіз, күңгірт шақ, елең - алаң мезгіл; 2) Күңгірт, көмескі....Көркем сөздің құдіреті
ТЕТЕ 1) Арасында бала жоқ, бірінен кейін бірі туған; 2) Жас жағы шамалас, қатар, құрбы....Көркем сөздің құдіреті
ТЕЛЕГЕЙ Шексіз, ұшан - теңіз, мол, көп. Көбіне Телегей - теңіз (телегей теңіз) тіркесінде қолданылады, яғни ұшы - қиыры жоқ, өлшеусіз....Көркем сөздің құдіреті
БҰЙЫҒЫ 1) Тұйық, ұяң; 2) Біртоға, бірқалыпты. Бұйығу – тұйықтану; бүрісу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.