Тіл – күретамыр
Тіл, мәдениет һәм мәдениет антропологиясы
Тіл – мәдениет айнасы, онда адам айналасындағы шынайы өмір мен оның өмірінің шынайы шарттары ғана емес, сонымен қатар халықтың қоғамдық санасы мен ділі, өмір сүру салты, дәстүр - салты, мораль, құндылықтар жүйесі, әлемді сезінуі және түйсінуі қамтылған.
Тіл – мәдениеттің алтын сандығы, яки баға жетпес қоймасы. Ол – лексика мен грамматикада, идиоматика мен мақал - мәтелдерде, фольклорда, ауызша және жазбаша түрдегі көркем һәм ғылыми әдебиетте мәдени құндылықтарды сақтайды.
Тіл – тасымал құралы, мәдениетті жеткізуші, ол ұрпақтан - ұрпаққа сақталып келген ұлттық мәдениеттің жауһарларын тасымалдайды. Балалар ана тілін меңгере отырып, онымен бірге ата - бабаларының бүгінге дейін жинақталған мәдени бай тәжірибесін де игереді.
Тіл – қару, мәдениеттің құралы. Адамның, сол тілде сөйлеушінің тұлғалық сипаты тіл рқылы дарыған, тіл арқылы әлемді тануы, ділі, адамдармен қарым - қатынасы т. б., яғни қарым - қатынас құралы ретінде сол тілді пайдаланушы халықтың мәдениеті арқылы қалыптасады.
Демек, тіл «біздің өмір сүру салтымызды танытатын тәжірибелік дағдыларымыз бен идеяларымыздың әлеуметтік жинақтық қоры» - мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Адамзат қызметінің бір түрі тіл – адам өмірінің әртүрлі саласында адамзат қызметі нәтижелерінің жинағы ретінде айқындалатын мәдениеттің (айталық: өндірістік, қоғамдық, рухани) құрамдас бір бөлігі. Алайда ойлауды жүзеге асыру формасы ретінде, бастысы қарым - қатынас құралы ретінде тіл – мәдениетпен бірдей деңгейде тұра алады.
Егер тілді оның құрылымы бойынша (қалыптастыру және игеру амалдары (ана тілі немесе шет тілі ретінде) қарастыратын болсақ, онда әлеуметтік мәдени қабат немесе мәдениет құрамы тілдің бір бөлігі немесе оның шынайы тұрмыстық келбеті.
Сөйте тұра мәдениет құрамы – жай ғана тіл арқылы баяндалатын мәдени ақпарат қана емес, бұл оның барлық деңгейі мен салаларына тән тілдің бөлінбес бір бөлігі.
Тіл – ұжымның қоғамдық санасын, дәстүрін, мәдениетін сақтап, жеткізу арқылы адамдар тобынан этносты, ұлтты қалыптастыратын қуатты қоғамдық қару.
Мәдениеттің ұлттық ерекше құрамдарының ішінде тіл бірінші орында. Тіл, біріншіден, қарым - қатынас мәдениеті ретінде адамдарды өзара байланыстыра да, өзара алшақтата да алады. Тіл – ол тілді сөйлеуші адамдарды белгілі бір қоғамға телитін белгі.
Этностың негізгі ерекше белгісі – тіл. Оны ішкі және сыртқы екі жағынан алып қарастыруға болады: «ішкі бағыт» бойынша ол этникалық интеграцияның негізгі факторы ретінде айқындалады; «сыртқы бағыт» - ол этностың негізгі этнобөлшектену белгісі. өз бойына осы екі қарама - қайшы қызметті диалектілік тұрғыдан қабыстыра отырып, тіл – этностың өзін - өзі сақтау әрі оны «өзім» және «өзгелер» деп бөлшектеу құралы.
Демек, тіл мен мәдениеттің өзара қарым - қатынасы – күрделі әрі көп аспектілі. (жалғасы бар)
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Тіл, мәдениет һәм мәдениет антропологиясы
- ramuk_b
- 6 қаңтар 2021
- 2872
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тіл, Тіл туралы, Тіл мәдениет айнасы, тіл туралы нақыл сөздер
Ұқсас жаңалықтар:
Сапалы білім – болашақ кепілі
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұзақ та мерейлі жолмен жүріп келе жатқан,...Тәуелсіз Қазақстанның бір тірегі – бұл мәдениет
Қазақстанда мәдениеттің ғылыми - зерттеу институты құрылды. Оны үш жылдың ішінде толық іске асыру үшін олар 235 миллион теңге жұмсауы мүмкін....Абай Құнанбайұлының өзі рухани және ғылыми тұрғыдан дамитын болашақ азаматт ...
Үкімет 10 тамызды «Абай күні» деп белгілеп, ресми мерекелер қатырына енгізбек. Бұл туралы ресми құжат «Ашық Үкімет» порталында жарияланды....Қоғамның рухани құндылықтары
Білімділік: Адамзаттың руханилық қасиеті жайлы ақпарат беру. Дамытушылық: Оқушылардың экономикалық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту....Мәдениет туралы ұлағатты сөздер
Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды. Ғабит Мүсірепов...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.