Сайтқа кіру Тіркелу

Төменгі саты

Абай айнасы – рухани кемелдену
ТӨМЕНГІ САТЫ
Әлбетте, фәни өмірді дұрыс түсіне білген Абай тәрізді данышпандар оның заңдылықтарын дұрыс ашып, қиындықтарын тура айтады. Бұл адамдардың жүрек көздері ашылып, тезірек надандық ұйқысынан оянулары үшін керек. Данышпан сөзімен айтқанда, сол кезде жүрекке қайрат бітіп, ұйықтаған ойды түртеді. Ал ақынның өз жұртын жек көргендіктен емес, керісінше, дұрыс жол сілтеу үшін сынағанын естен шығармау керек. Ал өз халқын ақынның қандай жақсы көріп, ол үшін қандай қам жейтінін, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деген тебіренісінен - ақ жақсы білеміз.
Абай бабамыз төменгі сатыдағы адамдар өздерінің мүшкіл халдерін түсінуі үшін әуелі оларға мінездеме береді. Адамның мұндай бейшара жағдайға түсу себебін түсіндіріп, салауатты өмір жолын көрсетеді.
Абай ілімі салауатты өмірдің негізі имандылықта деп түсіндіреді. Алла тағала жанды біртіндеп тазартып, Өзіне қайтару үшін оған дене береді. Жан өзіне берілген денені тиімді пайдаланып, өзінің қалау - ниет, құмарлықтарын тежей біліп, белгілі бір арнада ұстап отыруы керек. Бірақ, өкінішке қарай, фәни өмірдің әсерімен тән жанның ықпалынан шығып, жанның өзін басқарып кетеді. Сол кезде адам жетілудің төменгі сатысына түседі. Жан әуелден білімге толы болғандықтан ол адам өміріне керегін біліп, тәнін басқара алады. Бірақ оны фәни өмірдің кірі басқандықтан, материалдық мұқтаждыққа бой алдырып, бұл қасиетінен айырылады. Жаны ұйқыдағы адам өмірдің төменгі деңгейінен шыға алмай қалады. Сондықтан мақсат – көкірекке сәуле түсіріп, ұйқыдағы жанды ояту. Бұл – денсаулықтың іргетасы болып табылатын салауатты өмірдің негізі.
Адамның жетілу жолындағы көтерілетін деңгейі жанының ұйқыдан ояну дәрежесіне байланысты деуге болады. Адамның жаны неғұрлым ояу болса, ол тәнін соғұрлым дұрыс басқарады – рухани деңгейі жоғары болады. Ол үшін рухани білім алып, рухани жолға түсу арқылы көкіректі тазарту керек. Сонда жүректің көзі ашылып, жан оянады. Бұл туралы Абай былай дейді:
Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі.
Іштегі кірді қашырса –
Адамның хикмет кеудесі.

Наданның көңілін басып тұр
Қараңғылық пердесі.
Ақылдан бойы қашық тұр,
Ойында бір - ақ шаруасы.

Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай болып сәлдесі.
Малқұмар көңілі – бек соқыр,
Бүркіттен кем бе жем жесі?

Жүректе айна жоқ болса,
Сөз болмайды өңгесі.
Тыңдағыш қанша көп болса,
Сөз ұғарлық кем кісі.
(«Көзінен басқа ойы жоқ», 1891 ж.)
Бұл жолдардан білетініміз, жан надандық ұйқыдан оянып, көкірек көзін ашатын болса, оған Хақтықтың (Алла тағаланың) сәулесі түседі. Алла тағаланың сәулесі түскен адамның ой - пиғылы тазарады, сөйтіп ол имандылыққа келеді. Бұл адамның мінез - құлқын, ішкі жан дүниесін тазартады. Сөйтіп адамның кеудесі хикметке толады. Арабтың «хикмет» деген сөзі ақыл, білім, рақымшылық пен махаббат біріккендегі даналық деген ұғымды білдіреді. Бірақ көкірек көзін ашуға надандық бөгет жасап, қараңғылық құрсауынан шығармайды. Сондықтан ондай наданның ойында – шаруа, ал көңілі соқыр молданың мақсаты – мал алу. Сөйтіп, тыңдағыш адам көп болса да, сөз ұғарлық кісі аз.
Абай қырық төртінші қара сөзінде жетілемін деп талаптанған адамға «әуелі көкіректі тазалау керек, онан соң ғибадат қыл» дейді. Сөйтіп адам жетілу жолына түсуі үшін әуелі көкірегін тазартуы керек. Сонда оған имандылық келіп, ғибадат қыла бастайды. Көкірек көзі рухани білім арқылы ашылады. Сондықтан ойшыл оныншы қара сөзінде былай дейді: «Қош, сүйтіп жүріп - ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын, ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды».

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көп мағыналы сөз: а) тура, шын, дұрыс; ә) баға; б) үлес, сыбаға; в) Алла; г) құқық. Бұл арада дұрыстық, шындық мағынасында.
Көп мағыналы сөз. Пәлсапа. Бұл арада білім, сыр, керемет мағынасында.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жан иелерінің дәрежелері мен жетілу жолдары

Жан иелерінің дәрежелері мен жетілу жолдары

Екінші сатыдағыларды Абай «адам» деп атайды. Бұлар фәни өмірдің қызығына алданып, материалдық әлемнің заңдылығынан шыға алмай жүргендер. Бұларды...
Мәні өзгерген мақал

Мәні өзгерген мақал

«Көршің соқыр болса бір көзіңді қысып жүр». Сонымен қатар бұл мақал «Жолдасың соқыр болса, сен де бір көзіңді қысып қой» деп те айтылады. Жалпы...
Білім алу

Білім алу

Білім алу әдістерін де негізгі үш бөлікке бөлуге болады. Біріншісі, сезімдер арқылы. Бұл бөлік сезімдердің сезім объектілерімен байланысына қарай...
Абай Құнанбайұлының өзі рухани және ғылыми тұрғыдан дамитын болашақ азаматт ...

Абай Құнанбайұлының өзі рухани және ғылыми тұрғыдан дамитын болашақ азаматт ...

Үкімет 10 тамызды «Абай күні» деп белгілеп, ресми мерекелер қатырына енгізбек. Бұл туралы ресми құжат «Ашық Үкімет» порталында жарияланды....
Қара сөздер. Абайдың оныншы қара сөзі

Қара сөздер. Абайдың оныншы қара сөзі

Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×