Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
(оқу бағдарламасына сілтеме) 5. 1. 4. 1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар орындай алады:
Оқушылар мәтінді тыңдай отырып, тірек сөздерді табады, жетекші сұрақтар бойынша негізгі ойды анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Оқушылар мәтін мазмұнын толық түсінеді, негізгі ойды анықтайтын жетекші сұрақтар қояды.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Оқушылар тірек сөздерді тиімді пайдаланып, мәтіндегі негізгі ойды дәлелдейді.
Сабақтың ортасы
5 мин 1 - тапсырма. (Ө; Ж; Т) «Ойлан, жұптас, пікірлес» интербелсенді тәсілі
Оқушылар мәтінді тыңдайды, мәтіннен тірек сөздерді тауып жазады, жұппен, топпен пікірлесіп талқылайды, ортақ тізімін жасайды.
(Қ) өзара бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек».
Топтар тірек сөздер бойынша жасаған ортақ тізімдерін алмастырып, қарап, «екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бірін - бірі бағалайды.
2 - тапсырма. (Ө) «Оңай және қиын сұрақтар кестесі» интербелсенді тәсілі
Оқушылар тыңдалған мәтін мазмұны бойынша кестенің сол жағына өз түсініктері бойынша оңай сұрақтар, ал оң жағына қиын сұрақтар құрайды.
Оңай сұрақтар Қиын сұрақтар
(Қ) бағалау. Дескриптор:
- Оңай сұрақтар қоюды біледі;
- Қиын сұрақтар қоюды біледі;
- Мәтінге оңай және қиын сұрақтар қоюды біледі.
3 - тапсырма.
(Т) «Ақпаратты сүзу» графикалық органайзер
Оқушылар мәтіннен тапқан тірек сөздерінің негізгісі мен қосымшасын анықтайды. Негізгі тірек сөздер сүзгіде қалады, қосымша тірек сөздер сүзгіден өтіп кетеді.
(Қ) бағалау. «Сэндвич» әдісі.
Оқушылар жасаған графикалық органайзерлерін топ арасында сэндвич әдісі арқылы бағалайды.
4 - тапсырма. (Ө; Ж) Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма
Бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Тақырып: Жануарлар әлемі
Оқу мақсаты: 5. 1. 4. 1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
Ойлау дағдыларының деңгейлері: Білу және түсіну
Бағалау критерийлері: • Мәтіннің мазмұнын түсінеді.
• Мәтін бойынша негізгі ойды анықтайды.
Тапсырма
Тыңдалған мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз. Анықталған негізгі ойды «Дара диаграмма» графикалық органайзері бойынша түсіндіріңіз.
Бағалау критерийлері: Дескрипторлар:
Мәтіннің мазмұнын түсінеді
Мәтін бойынша жетекші сұрақтар қояды.
Ø Мәтін мазмұнын түсінеді.
Ø Мәтін негізгі ойын «дара диаграмма» графикалық органайзері арқылы түсіндіреді.
(Қ) бағалау. Ұсынылған дескрипторлар негізінде оқушылар жұптық жұмыс арқылы бір - бірінің дара диаграммаларын өзара бағалайды
5 - тапсырма. (Ө) Оқушылар білім деңгейіне қарай тапсырма орындайды. Блум таксономиясы бойынша саралауға арналған тапсырма.
Білу
Көбелек, піл, құмырсқалардың ерекшеліктерін сипаттаңыз. Түсіну
Жабайы жануарлар мен үй жануарларының айырмашылықтарын түсіндіріңіз. Қолдану
Жануарлардың дене түрлерінің құрылысына қарай жіктеңіз.
Талдау
Жануарларға байланысты мақал - мәтелдерді тауып, мағынасын талдаңыз. Жинақтау
Жануарлар әлемі тақырыбы бойынша өз ойыңды тұжырымдап жинақтаңыз. Бағалау
Жануарлардың адам өміріндегі маңызын дәлелдеңіз.
(Қ) бағалау. «Бас бармақ»
Оқушылар орындаған тапсырмаларына қарай бірін - бірі «бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Сабақтың толық нұсқасын жүктеп алу
Жануарлар әлемі. қазақ тілі 5-сынып
- ramuk_b
- 3 қараша 2019
- 5603
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Жануарлар әлемі, қазақ тілі 5-сынып, Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар
Ұқсас жаңалықтар:
Мәтін дегеніміз не? КМЖ 2 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2. 2. 4. 1 - мұғалімнің...Сулы жер – нулы жер
6. Т/А. 3. 1. Тыңдалған мәтін мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау. 6. Ж. 3. 1. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік...Нұрдәулет Ақыш “Нағыз әже қайда?” әңгімесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5 Т/А1 Тірек сөздермен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау...Ұлттық тағамдар. Мәтін
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты 1. 1. 2. 1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім(не) туралы айтылғанын анықтау. 1. 3. 7. 1 Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем...Мәдениет пен тіл
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А3 Мәтіннен ақпаратты анықтау. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.