Бөлек жазылатын сөздер
Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады.
Мысалы: Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркестеріндегі әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: бас киім, аяқ киім, іш киім, су диірмен, темір жол, тас жол, ағаш көпір, ат қора, қой қора, қолқа тамыр, қыз бала, ұл бала, ала бұлт, асыл тас, ақ бас.
Күрделі сан есімдердің күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: он бір, он сегіз, жиырма бір, жиырма сегіз, он жеті, екі жүз жетпіс төрт, бір мың тоғыз жүз елу үш, отыз екі жарым; қара ала, көк ала, ақ құба, ақ сары, қызыл күрек, қара кер, сары шұбар, қара торы, ақ сұр, құла қасқа, құла жирен, торы төбел, ақ шабдар.
Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: жаза бер, жазып отыра бер, жүгіре жөнелді, жүгіріп ала жөнелді, бара алмады, бара алмай қалды, бара алмай қалып еді.
Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі сөздердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: қызмет ет, жұмыс қыл, жәрдем ету, жәрдем етіп жібер, жәрдем беру, шап ету, лап қою, тап беру, қол шапалақтау, ду ете түсті, орақ ору, баж ету,
Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады. Мысалы: таяқ жеу, жан қию, ат салысу, бой ұру, ат үсті қарау, қырғи қабақ болу, қой аузынан шөп алмайтын, тіс қаққан, қас пен көздің арасында, ұр да жық.
БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР
§ 20. Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қазақстан Республикасы, Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы.
§ 21. Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, алдыңғысы соңғысының тегін (неден жасалғанын), неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзге заттардан ажырататын белгілерін білдірсе, олар бөлек жазылады, мұндай күрделі тіркестердің алдыңғы сөзі анықтаушы, соңғысы анықталушы болып келеді.
Мысалы: ағаш күрек, сұрпы ет, ұл бала, қыз бала, мысық мұрт (жігіт), ала бұлт.
Ескерту. Анықтаушы - анықталушы қатынастан ажырап, бір заттыңатауы болып кеткен сөздер бірге жазылады: беторамал, қолорамал, асқасық, шайқасық, кірсабын, иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, шыға - беріс, қолайна, қолара т. б.
§ 22. Күрделі сан есімдердің, күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлек жазылады.
Мысалы: он бір, он сегіз, жиырма бір, жиырма сегіз, жүз он жеті, екі жүз жетпіс төрт, бір мың тоғыз жүз елу үш, төрт жарым, отыз екі жарым; қара ала, көк ала, қара көк, ақ сұр, құла қасқа, құла жирен, торы төбел.
§ 23. Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады:
Мысалы: жаза бер, жазып отыра бер, жүгіре жөнелді, жүгіріп ала жөнелді, бара алмады, бара алмай қалып еді, жығылып қала жаздап барып қалды.
§ 24. Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі сөздердің әрбір сөзі бөлек жазылады.
Мысалы: қызмет ету, жұмыс қылу, жәрдем ету, шап ету, лап қою, мән беру, қол шапалақтау, ду ете түсу, баж ету.
§ 25. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады.
Мысалы: таяқ жеді, бас тартты, бас бұрды, қол жалғады, қол ұшын берді.
Ескерту. а) Бірінші сыңары зат есім, кейде етістік, екіншісі - ты, (- ті, ды,- ді) қосымшалы өткен шақтағы етістік немесе - па (- пе, - ба, - бе) қосымшалы сөз болса, мұндай бейнелі тіркестер қосылып жазылады (олар сөздікте көрсетілді).
Мысалы: алыпқашпа (сөз), жүрекжарды (қуанышты хабар), жолсоқты (болу), қағазбасты (болу), пышақкесті (тыйылу), бау - кеспе (ұры);
ә) о баста идиомалық, фразалық тіркестер болғанымен, терминдік, атауыштық мәнге ие болып бірігіп кеткен тұлғалар қосылып жазылады.
Мысалы: ақсақал, атқамінер, көзқарас, ақсүйек, ойтолғақ, ойтүрткі (бұлар емле сөздіктерінде көрсетіледі);
б) әртүрлі қосымшалардың жалғануы арқылы жеке сөзге айналған есімді тұрақты тіркестердің түбір қалпы да, қосымшалы түрі де бірге жазылады, мысалы: ержүрек, ержүректік, ақниет, ақниеттік, дүниеқоңыз, дүниеқоңыздық, дүниеқоңыздану, ақкөңіл, ақкөңілдік, жанпида, жанпидалық, алақол, алақолдық т. б.
Сөйлем құрастыру.
1. Өткен жексенбіде Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы өтті.
2. Жуырда Мәдениет Министрлігі осы жылы өткізілетін ауқымды мәдени іс – шаралар жоспарын белгілеген болатын.
3. Қазақ халқы қашанда қыз баланы «қонақ» деп қадірлеген.
4. Осы апта бойы аспанды ала бұлт торлап, күн жаңбырдан ашылмай қойды.
5. Біз - жиырма бірінші ғасырдың жастары болашақта бәсекеге барынша қабілетті болып, Қазақстанымыздың гүлденуіне өз септігімізді тигіземіз.
6. Менің ағам мың тоғыз жүз сексен тоғызыншы жылы Отан алдындағы борышын бұрынғы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өтеген болатын.
7. Менің әпкем шетелдік компанияда қызмет етеді.
8. Концерт басталысымен, әнші сахнаға шыға бергенде көрермендер қол шапалақтап, ықыластарын білдірді.
9. Кішкене інім бөлмеде өзі ойнап отырып баж ете түсті.
10. Отбасылық жағдайларға байланысты Саят бұл ұсыныстан бас тартты.
Бөлек жазылатын сөздер
- ramuk_b
- 11 қыркүйек 2019
- 9671
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бөлек жазылатын сөздер, қазақ тілі, ереже, жазылу ережесі
Ұқсас жаңалықтар:
Дара және күрделі сын есім
Мақсаты: 1). Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен...Бірге жазылатын сөздер
Тұлғасы өзгеріп барып біріккен сөздер қосылып жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, күздігүні, жаздыгүні, алаңғасар, ашудас, белбеу, апар, әпер,...Бөлек жазылатын сөздер
Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қазақстан Республикасы, Қазақстан...Зат есім
Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: бұлбұл,...Дара және күрделі сан есім
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Узденбекова Жанаргүл Кенжетайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.