Қазақ әдебиеті 9 - сынып
Сабақтың тақырыбы: «Шыңға шыққан жас шынар» («Абай жолы» роман - эпопеясындағы Абайдың көркем бейнесі)
Сабақтың мақсаты: «Абай жолы» роман - эпопеясының дүниежүзілік классикаға енген шығарма екенін таныту
Сабақтың міндеттері:
а) білімділік: эпопеяның негізгі оқиғалары бойынша Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келуін, халық үшін күрес жолының басталуын түсіндіру. Абай бейнесін талдай отырып, өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
ә) дамытушылық: дағды - машығын, таным белсенділігін дамыту. Өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасай білу, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
б) тәрбиелік: туған елін сүю, құрметтеу, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру. Адал махаббат пен таза достықты үлгі ету, жауыздық пен қатыгездіктен, тағылықтан жирендіру. Ұлттар достығына деген құрмет сезімін арттыру.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, проблемалық сұрақтар, әдеби дискуссия
Сабақтың түрі: топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезов, А. Құнанбаев портреттері, 9 - сыныпқа арналған электронды оқулық, буклет, кесте - сызба, кітап көрмесі, интербелсенді тақта.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын, оқу құралын түгендеп, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы. «Ұлан даланың ұлы жыршысы» М. Әуезовтің өмірі, шығармашылығы, әңгімелері
туралы
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім сөзі: Абай жолы - халық жолы. Абай туралы романдар - Абайдың ел - жұрты, қоғамдық ортасы, әлеуметтік қоршауы, дәуірі, заманы туралы романдар. Абай - Әуезов қолындағы шамшырақ. Ілияс Омаров сөзімен айтсақ: «Әуезов сол шамшырақты қолына ұстап, көшпелі феодализмнің небір меңіреу түкпірлері мен қараңғы қапастарын аралап кетеді де, зорлық - зомбылық, қатал жауыздық, әділетсіздік сияқты қара күштерлдің ойнағы болған неше түрлі бұралаң шатқалдарды көз алдыңа жарқыратып әкеледі. Демек, «Абай жолы» Абайдан гөрі кең. «Абай жолының» бас кейіпкері - Абай. Романның бірінші кітабында балғын жас шәкірт Абаймен жарысып ауылға қайтсақ, ақырғы кітабында алшпысты алқымдатып, қайтыс болған ел ағасы - ақын Абайдың жаназасына қатысамыз. Сонда елу жылдай өмірдің айғағы боламыз. Жарты ғасыр өмір.
Роман - эпопеяның 1 - кітабы - 1942 ж
2 - кітабы - 1974 ж
3 - кітабы - 1952 ж
4 - кітабы - 1956 жылдары жарық көрді. Романды жазып шығуға жазушының 10 - нана астма жыл уақыты кетті. Романның жазылуы туралы М. Әуезов былай деген: «Әлдеқашан бел асып кеткен керуеннің айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргінші сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, оны демімен үрлеп, тұтатпақ болды десек, романға материал жинаған менің де халім дәл сол әрекет сияқты еді».
2) Саяхат. Абайдың Жидебайдағы мұражайына саяхат жасау (электронды оқулықтағы бейнетаспамен жұмыс жүргізу)
3 ) Кесте - сызбамен жұмыс. Абайдың іс - әрекеті топтастырылған кесте - сызбаны басшылыққа алып, әңгімелеу әдісімен жұмыс жүргізу. Алдын ала берілген топтық жұмыс бойынша әр топ эпопеяның кітаптарынан Абай бейнесін ашатын басты оқиғаларды іріктеп алып, төмендегі үлгі негізінде жинақтап келеді. Сол бойынша топ жетекшілерінің есебі тыңдалады.
Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
«Абай жолы» роман - эпопеясындағы Абайдың көркем бейнесі
- ramuk_b
- 12 сәуір 2019
- 2152
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Абай жолы» роман эпопеясы, Абайдың көркем бейнесі, Мұхтар Әуезовтың романы
Ұқсас жаңалықтар:
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Абай ұлы ақын, философ, ағартушы, демократ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы, композитор, халық жақтаушысы....Мұхтар Әуезов Жолда (“Абай жолы” романынан үзінді)
Мұхтар Әуезов Абай туралы төрт томдық “Абай жолы” роман – эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық...Абай Құнанбаев "Ұлы суреткер"
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Мәншүк ауылы, №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хасенова Тұрсынгүл Еркінқызы...Бала Абай
Есиркепова Риммa Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі...Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қонақаева Жібек Балтақайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.