Сабақтың тақырыбы: Диктант
Сабақтың мақсаты:
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты, мейірімді, кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.
Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Тоғжан аулында
Сүйіндіктің аппақ үлкен үйі жылы екен, іші толы тірелген жүк, буулы тең менен сандықтар. Оның ар жағы екі босағаға шейін текемет, алаша, тұс киізбен қоршалыпты.
Саптама мен тиін ішікті әлі тастамаған Абай бұл үйде тоңазитын емес. Биылғы көктемде алғашқы рет киіз үйге қонғалы отырғаны осы. Мұнда бір жеңіл салқындық, кең тыныс бар. Көктемдегі киіз үй Абайға әрқашан таңсық болатын.
Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар. Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы - Әділбек, Асылбекпен - бәрі де қонақтармен бірге болды. Бұл үйге, әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы - Тоғжан. Абай келгеннен бері, Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері - баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп - жіңішке қасы да айдай болып қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп - үшкір боп, самайға қарай тартылған қас, жүрекке шабар жендеттің жебесіндей,
Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса сұлу қастары бір түйіле түсіп, бір жазылып, толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай.
(192 сөз)
Мәтінді бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгісін қояды.
Үйге тапсырма: Қайталау.
Қазақ тілі 9 сынып. Диктант "Тоғжан аулында"
- ramuk_b
- 18 ақпан 2019
- 22295
- 0
- 0
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Диктант "Ұрпақ-өмір жалғасы" Қазақ тілі 9 сынып
Сабақтың мақсаты: а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру. ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты...Қазақ тілі 10 сынып. Диктант "Ағайындар"
Сабақтың мақсаты: а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру. ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты...Қазақ тілі 11 сынып. Диктант "Даланы сағыну"
Сабақтың мақсаты: а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру. ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты...Қазақ тілі 9 сынып. Диктант "Қысқы түн"
Сабақтың мақсаты: а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру....Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романы
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.