Алғы сөз
Ұсынылған арнайы курс бағдарламасын қолдану әдістемесі
Осы ұсынылып отырған арнайы курс бағдарламасын 10 - сыныпқа арналған факультатив сабақ ретінде қолдануға болады. Қазақ тілі сабақтарында да жақсы нәтижелерге қол жеткізіледі.
Бұл арнайы курс бағдарламасы арқылы мұғалім тапсырмаларды сабақ барысында жүйелі түрде қолданудың нәтижесінде оқушылардың тілдік қоры, сын тұрғысынан ойлауы, шығармашылық қабілеттері, өздіктерінен жұмыс істей білуі, өзіне деген сенімділігі артқанын байқатады. Егер оқушыларға оқуға мүмкіндік жасалса, олар өзінің оқуына аса жауапкершілікпен қарауға қабілетті екендіктерін көрсете алады. Оқуға саналы түрде қарап, тапсырмаларды шешуде өзіндік әдіс - тәсілдерін қолдана отырып, жеке тұлға екендіктерін сезіне бастайды. Бүгінгі таңда өзін - өзі реттеу мен метатанудың мұндай дағдыларын дамыту бұл балалардың саналы оқушы болып шығуының кілті екендігі анықталып отыр. Оқушы көп нәрсеге өз бетімен қол жеткізе алмайды, оларға ықпал етуші адам керек. Яғни мұғалім оқушыға түрткі болып, бағыттап, қолдап отыруы қажет.
Қорыта айтқанда, бұл ұсынылып отырған арнайы курс бағдарламасы мұғалімдері үшін қажетті бағдарлама деген ойдамын.
Түсінік хат
Егеменді ел азаматын тәрбиелеудегі тіл мамандарының бірден - бір алдына қойған міндеті – оқушыны әдеби тіл мәдениетіне байланысты теориялық білім бере отырып, оны өмірде орынды қолдана білуге баулу болып табылады.
Әдеби тіл мәдениетін қалыптастырудың жолы – тілдің халықтық қасиетін қазақтың майталман ақын шығармаларының үлгілері, көркем әдебиеті арқылы бала бойына сіңіру. Оқыған шығармасы бойынша ойын көркем етіп жеткізуге білу де – әдеби тіл мәдениетін меңгерудің бірден - бір шарты. Әрбір оқушы өз халқының, ана тілінің мұрагері болуға тиісті. Осы орайда 10 - шы сыныптағы «Қазақ тілі» оқулығының авторлары тіл мәдениетіне байланысты мәтіндер мен жаттығуларды өте орынды алғандығын атап өткен жөн.
Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген. Ғылым - білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін — өнердің өнері, «Өнер алды — қызыл тіл» деп бағалаған. Асылы, жақсы сөзді жанына азық ете білген, атқан оққа тоқталмаса да жүйелі сөзге бас иген, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен теңестірген бір халық болса, ол қазақ халқы болар.
Жаңадан «тіл мәдениеті», «сөйлеу мәдениеті» деген күрделі ұғым - түсініктер пайда болды, кейін оның арнасы кеңейіп, өзіндік бір мақсаты бар жеке ғылымға айналды. «Тіл мәдениеті» дегеніміз - мағыналық өрісі кең дүние. Осыған орай, оқушылардың әдеби сөйлеу мәдениетін жетілдіру мақсатында жасалған «Әдеби тіл мәдениеті» бағдарламасы арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, Тәуелсіз еліміздің іргесі берік болуы үшін мәні зор.
Қысқасы, санай берсек, сөздің беретін ұғымы өте кең. Сондықтан «әдеби тіл мәдениеті» дегенді — «тіл мәдениеті», «сөйлеу мәдениеті», «сөз мәдениеті» деп те айта береміз. Сөз — тілдің қолданыстағы көрінісі болса, «тіл мәдениеті» тілдің жеке элементтерін, тұлға - тәсілдерін, оның тәжірибе елегінен өтіп қалыптасқан, қоғам тарапынан қабылданған заңдылықтарына сәйкес дұрыс пайдалану туралы білім саласы. Ал, «Әдеби тіл мәдениеті» — тілдің фонетиканың нормаларын бұлжытпай сақтау ғана емес, айтайын деген ойымызды тыңдаушыға жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп - тегіс жұмыр келген», әсерлі ұғымды дәл жеткізу жайын қамтиды.
Әдеби тіл мәдениеті — тілдік нормаларының, тіл тәсілдерінің жетіп, ширап даму дәрежесі. Әдеби тіл мәдениеті негізінен сөзді мәнерлі, мазмұнды, орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Сөйлеу коммуникативтік қызмет атқарумен қатар, адамның ішкі өмірінің рухани байлығын жарыққа шығарып, жан сарайын танытады
Әдеби тіл мәдениетін меңгерудің ендігі бір жолы - әдебиеттен өтілетін көркем шығармаларын да пайдалануға болады.
Мақсаты:
Сөйлеу, тіл мәдениеті машықтарын меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған, мәдениетті сөйлеуге бейімделген оқушыны тәрбиелеу және қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық, тілдік қарым – қатынасты дамытып, өзінің ана тілі - қазақ тілін сапалы меңгерген тұлға қалыптастыру.
Міндеті:
Сөз - адамның ой - өрісін, мәдени дәрежесін, байыптылығын, ақыл - парасатын көрсететінін ұғындыру
Сөйлеу мәдениетіне қай уақытта болса да ерекше мән бергенін, қай халық болса да қатты бағалағанын түсіндіру
Сөйлеу мәдениеті сөйлеуші адамның ішкі жан дүниесінің тазалығына да, сөз өнеріне де қатыстылығын ескере білу
Сөзге шешен адам мәдениетті әрі шебер сөйлей білу керек екеніне түсінік беру. Мәдениетті, ой - өрісі жоғары, өмірге сенімді, адал адамдардың сөйлеу тілі де жоғары болуға тиістілігін аңғарту
Тіл — адамның ішкі жан дүниесінің айнасы екенін ұғындыру
Күтілетін нәтиже:
* 10 – сынып оқулығы бойынша берілетін лексикалық тақырыптар бойынша білімдерін дамыту.
*Тіл мәдениетін меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған оқушы
*Ұлттық мәдениетін құрметтей білетін, рухани адамгершілігі мол, отансүйгіш азаматы.
«Әдеби тіл мәдениеті» арнайы курсының бағдарламасын жүктеу
«Әдеби тіл мәдениеті» арнайы курсының бағдарламасы
- ramuk_b
- 14 ақпан 2019
- 2337
- 0
- 100
Ілмек сөздер: «Әдеби тіл мәдениеті» арнайы курсының бағдарламасы, авторлық бағдарлама
Ұқсас жаңалықтар:
«Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі...«Әдеби тіл мәдениеті» арнайы курсының бағдарламасы 10 – сынып
Осы ұсынылып отырған арнайы курс бағдарламасын 10 - сыныпқа арналған факультатив сабақ ретінде қолдануға болады. Қазақ тілі сабақтарында да жақсы...Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдау
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы Байбосын Фарида Еркебайқызы...Ана тілі сабақтарында оқушылардың тіл байлығын дамыту
Қарағанды қаласы, Қазыбек Би ауданы «№6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Кордабаева Жулдыз Мухаметжан..."Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра"
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаржаубаева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.