Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Мақсаты: 1). Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір - бірінен ажырата білуге үйрету;
2). Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ауызекі тілін дамыту, сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
3). Өз тілін сүюге, қастерлеуге баулу. Қатесіз, әрі көркем жазуға баулу. Кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.
Көрнектілігі: Сөздік сөздер, Венн диаграммасы, ойындар.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Сәлемдесу.
2) Психологиялық дайындық. (Жақсылықты сіңіру, жамандықтан аулақ болу).
3) Үй жұмысын тексеру «Сыңарын тап» ойыны.
(Терең - таяз, ыстық - суық, адал - арам, жұмсақ - қатты, жуан - жіңішке)
А) Осы сөздермен сөйлем құрастыру.
4) Жеке карточкалармен жұмыс. Тексеру. Бағалау. (4 оқушы).
ІІ. Жаңа тақырып: 1) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2) Дәптерге ай, күнді жазу.
3) Көркем жазу:
долана парта Сапар
Әдепті бала ата - анасын мақтатар.
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
- Мақалды оқу. Мағынасын түсіндіру.
- Көшіріп жазу. Сын есімдерді табу. Сұрақ қою.
4) Сөздік жұмыс. Көк ала, сары ала.
- Жазылуын, мағынасын түсіндіру. Сөйлем құрастыру.
Мен көк ала дәптер сатып алдым.
- Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.
5) Ереже құрастыру. (Кесте бойынша)
ІІІ. Оқулықпен жұмыс. 1) 135 - бет (оқу, талдау)
2) 446 - жаттығу (тақтада, жазбаша )
- Сын есімді табу. Дара, күрделі екенін айту.
- Дара сын есімдер неше сөзден тұрады? Күрделі сын есімдер ше?
- Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер қалай жазылады?
3) Жұмбақ шешу.
4) 447 - жаттығу. (Ауызша оқу). Терме жұмысы.
Дара Күрделі
Ұзын Қызғылт сары
Қысқа Қара сұр
Қызыл
Ақ
- 1 - бағанға қандай сын есімдерді жаздық? Неге?
- 2 - бағанға ше?
ІV. Сергіту сәті. «Менің есімім» (өз есімінің бастапқы әрпіне өзіне лайықты жақсы қасиетт айту).
V. Бекіту. 1) 449 - жаттығу. Өздік жұмысы.
– Сын есімдерді табу. Дара немесе күрделі екенін айту.
2) Шығармашылық жұмыс.
1 т. 2 т. 3 т.
Қызыл сары көк
Көк ала қызыл ала жасыл ала
– Берілген сөздермен әр түрлі тапсырмалар орындау.
А) Сөйлем құрастыру
Ә) Өлең құрастыру Б) Жұмбақ, әңгіме
– Оқу. Бағалау.
VІ. Қорыту. 1) Венн диаграммасын толтыру.
Дара
Қызыл, көк
Сын есім
Заттың түсін, түрін сапасын білдіреді
Күрделі
Қызыл ала, көк ала
2) Күрделі сын есімдер неше сөзден тұрады?
– Күрделі сын есімдер құрамындағы сөздер қалай жазылады?
VІІ. Үйге 135 - бет, 450 - жаттығу
VІІІ. Бағалау
Дара және күрделі сын есім
- ramuk_b
- 13 ақпан 2019
- 10855
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дара және күрделі сын есім, сын есім, қазақ тілінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Дара және күрделі сан есім
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Узденбекова Жанаргүл Кенжетайқызы...Дара және күрделі етістіктер
Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер. Мақсаты: Дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік беру. Етістіктерді тауып оларды ажырата білуге үйрету....Сан есім
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ. Смағұлов орта мектебінің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Ажғалиева Гулзира Ажғалиқызы Қазақ тілі Сыныбы: 4...Сан есімдер
Өскемен қаласы, №36 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Алимханова Дина Жиенбекқызы Сабақтың тақырыбы: «Сан есімдер» Сабақтың мақсаты: а)...Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Северный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Жулдызай Султангалиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.